Заңның 30-бабы 1-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы), БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері белгіленген кесте бойынша, ай сайынғы зейнетақы төлемдері және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылады. Сондай-ақ Заңның 31-бабы 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында көрсетілгендей, азаматтарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде табыс етіледі.

Заңның 31-бабының 1-1-тармағы және 32-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар салымшылар МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен, оның ішінде өзіне немесе жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына емделу үшін ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Ол үшін келесі шарттардың бірі орындалуы тиіс:

егер салымшының жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері жинақталған зейнетақы қаражатының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асса;

егер зейнетақы мөлшері, ал отставкадағы судьялар үшін зейнетақы және ай сайынғы қамтылым сомасы алушының орташа айлық кірісінің орнын ауыстыру коэффициентін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіп бойынша 40 пайыздан төмен емес деңгейде қамтамасыз етсе. Орташа айлық табысты алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығар күнінен бұрынғы көрсеткіш, алайда республика бойынша орташа айлық табыстан аспайтын табысы ескеріледі.

егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасса

Бұл ретте емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібін реттейтін Ережелерге сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізімі белгіленген. Олардың құрамында:

- орфандық  (жетімдік) ауруларды емдеу;

- стоматологиялық қызметтер;

-қайта құрушы және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);

- радионуклидтік емдеу және радиойодты терапия;

- радиохирургиялық емдеу;

- Протонды терапия;

- офтальмологиялық қызметтер бар.

Осыған байланысты, егер сіз біржолғы зейнетақы төлемін алуға құқылы жоғарыда көрсетілген санаттағы тұлғалардың бірі болсаңыз, алуға болатын зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметті ЖЗШ-ның үзінді көшірмеден көре аласыз. Яғни, БЖЗҚ сайты мен мобильдік қосымшадағы жеке кабинеттен (айта кетерлік жәйт, алуға қолжетімді сома автоматты түрде көрсетіледі) немесе электрондық үкімет сайтынан немесе қосымшасынан қарауға болады.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1