2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 10:00-де, 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де «БЖЗҚ» АҚ Ақтөбе облыстық филиалында онлайн форматта «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшін» Ашық есік күнін өткізеді.

БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларына салық салу тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 25.12.2017 ж. №120 – VI Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 351-1 - бабында (бұдан әрі - ЖТС) Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерінен (әрі қарай – БЗТ) жеке табыс салығын (бұдан әрі - ЖТС) есептеу, ұстап қалу және төлеудің ерекшеліктері қарастырылған.

Иә, расында да ЖЗҚ-дағы барлық жеке зейнетақы шоттар автоматты түрде ашылады.

Заңның 30-бабы 1-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы), БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері белгіленген кесте бойынша, ай сайынғы зейнетақы төлемдері және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылады. Сондай-ақ Заңның 31-бабы 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында көрсетілгендей, азаматтарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде табыс етіледі.

Еліміздің кең байтақ мемлекет, әлемде көлемі жағынан тоғызыншы орынды алатыны  белгілі. Сондықтан БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерімен бүкіл республика аумағын қамту мүмкін емес. Әрі ғаламтор желісі де барлық жерге жетпеген.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың тоғыз айында ғана (01.01.2021-01.10.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 30,3 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,8% көп.

 Алушы, сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2021 жылы 60 жасқа толғанда, олардың жасы 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 6 айға артып отырады) толмаған адам  қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген (2021 жылғы АЕК – 2 917 теңге), бірақ жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) қаражаттан артық емес мөлшері шегінде жерлеуге арналған біржолғы төлем жасайды.

ENPF мобильді қосымшасын Android және IOS базасындағы кез келген смартфонға немесе планшетке тегін жүктеп алуға болады.

Жақын арадағы «БЖЗҚ» АҚ бөлімшелерінің мекенжайлары туралы ақпаратты Қордың ресми сайтынан, сондай-ақ, кез келген смартфонға немесе планшетке жүктеп, ENPF ұялы қосымшасы арқылы білуге болады.

Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылдың 12 қазанында ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды, оның шеңберінде тиісті өзгерістер ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заңына да енгізілді.

БЖЗҚ өз салымшылары мен алушылары үшін қолайлы жағдайларды көптеп ұсынуда. Қазір зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз де алуға болады. Ол үшін смартфоныңыздағы еGovMobile қосымшасында оның цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.

БЖЗҚ салымшылары 938 миллиард теңге таза инвестициялық табыс алды 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 12,9 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.

 Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 12,9 триллион теңгеден асты 

БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі негізгі көрсеткіштері 

2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.09.2020 жылдан бастап 01.09.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 704 миллиард теңгеге немесе 6% өсті.

 Қазақстандықтар БЖЗҚ-ға 246 миллиард теңгеден астам қаржыны қайтарды 

2021 жылдың 23 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 438 834 өтініші орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,8 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 4,2 млн теңге.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 24 қыркүйек күні «Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді» тақырыбымен «Ашық есік күні» шарасын өткізеді. Іс-шарада негізгі тақырып бойынша және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты өзге де мәселелер бойынша кешенді ақпарат беріледі. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бері 01.01.2021-01.07.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 20,3 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,1%  көп.  

             БЖЗҚ -да кемінде 5 жыл сақталған ерікті зейнетақы жарналарынан төлемдерді алу үшін салымшылар enpf.kz сайты арқылы өтініш бере алады.

БЖЗҚ  көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін, алушыларға ыңғайлылық пен олардың уақытын үнемдеу үшін Қордағы шотта  кемінде  бес жыл жатқан  ерікті зейнетақы жарналары мен олар бойынша есептелген инвестициялық кірістерден қалыптасқан  зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру мүмкіндігін  қашықтан - БЖЗҚ корпоративтік сайтындағы жеке кабинет арқылы  енгізді.

Для получения выплат за счет добровольных пенсионных взносов, находящихся в ЕНПФ не менее 5 лет, вкладчики могут подать заявление через сайт enpf.kz

 

В целях повышения качества оказываемых услуг, для удобства получателей и экономии их времени ЕНПФ реализовал возможность подачи заявления о назначении пенсионных выплат, сформированных за счет добровольных пенсионных взносов и начисленного на них инвеcтиционного дохода, находящихся в ЕНПФ не менее пяти лет, дистанционно – посредством личного кабинета на корпоративном сайте ЕНПФ.

Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілуіне, сондай-ақ, БЖЗҚ-да көрсетілетін зейнетақы қызметтерінің жетілдірілуіне байланысты БЖЗҚ-ның корпоративтік сайты да үнемі жаңартылып, ондағы онлайн-қызметтердің тізімі кеңейтіліп, салымшылар мен алушыларға ақпараттық қолдау көрсету күшейтілуде. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 18 маусым күні онлайн форматта «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толықтыру – өте оңай!» тақырыбында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізеді. Аталмыш іс-шараның мақсаты – облыс тұрғындарына жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты кешенді ақпарат беру.

Сіз дұрыс шешім қабылдадыңыз. Ерікті жарналар – бұл қартайғанда өзіңізді қомақты зейнетақымен қамтамасыз етудің қосымша мүмкіндігі. Сондықтан да болашақта қауіпсіздіктің қаржылай көмегіне ие болу үшін қазірден бастап өз зейнетақы капиталыңызды қалыптастыру маңызды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысы enpf.kz сайтындағы болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, өзінің болашақ зейнетақы төлемдерін дербес есептей алады.

Біз мобильді қосымшаны заманауи пайдаланушы интерфейсінің стандарттарына сәйкес толықтай қайта жасадық. Сонымен қатар, жаңа ұялы қосымшасының салмағы азайғанын да атап өту қажет. Android операциялық жүйесінде қосымшаның ескі нұсқасы 384 Мб болса, жаңа нұсқасы 105 Мб құрайды. Ал iOS операциялық жүйесіндегі ұялы қосымшаның көлемі 300 Мб-тан 41 Мб-қа дейін жеңілдеген.

«БЖЗҚ» АҚ Ақтөбе областық филиалы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 17 наурызда онлайн форматтағы «Ашық есік күнін» өткізеді. Іс-шараның тақырыбы – «БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?» деп аталады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру туралы шешім қабылдаған жағдайда алдымен жұмыс істеп жатқан ИПБ тізбесімен танысып, enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аудару" бөлімінде олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуді ұсынамыз.

Ағымдағы сәтте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі инвестициялық портфельді басқарушыларға қатысты бекіткен талаптарға нарықта жұмыс істейтін және басқарушы компаниялар агенттігінің лицензияларына ие 18 компанияның алтауы сәйкес келеді:

2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельді басқарушы – ИПБ) инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалану құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді.

2021 жылдың 15 ақпанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті операторлардан мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға мақсатты пайдалану үшін 127 357 салымшының өтініші келіп түсті.

БЖЗҚ-ның «Мобильді кеңсе» деп аталатын жобасы аясында еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына Қордың зейнетақы қызметтері онлайн режимінде көрсетіледі.

Қор жалпыға белгіленген зейнет жасына толған адамдардың (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2021 жылдың 1 қаңтарынан – 60 жасқа толғанда), I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандардың Қордан міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан құралған жинақтары есебінен арнайы кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екендігін тағы да еске салады.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1