Біз мобильді қосымшаны заманауи пайдаланушы интерфейсінің стандарттарына сәйкес толықтай қайта жасадық. Сонымен қатар, жаңа ұялы қосымшасының салмағы азайғанын да атап өту қажет. Android операциялық жүйесінде қосымшаның ескі нұсқасы 384 Мб болса, жаңа нұсқасы 105 Мб құрайды. Ал iOS операциялық жүйесіндегі ұялы қосымшаның көлемі 300 Мб-тан 41 Мб-қа дейін жеңілдеген.
Ұялы қосымшада келесі қызметтер қолжетімді:
- зейнетақы жинақтарының жай-күйін , оның ішінде ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын соманы тексеру;
- жеке зайнетақы шоты бар екені туралы анықтама алу;
- жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
- өтініш жолдау;
- кері қоңырау шалуға тапсырыс беру;
- деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
- зейнетақы калькуляторы.
Сонымен қатар БЖЗҚ ұялы қосымшасында Қор туралы қысқаша мәлімет, жаңалықтар, зейнетақы активтері бойынша көрсеткіштер, байланыс жолдары, сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалануға алу туралы ақпарат берілген.