Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

Ақтөбе облысының педагогі республикалық байқауда«Бас жүлдені» жеңіп алды

 

Республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауында Ақтөбе облысының намысын қорғаған Хромтау ауданы №8 «Тұлпар» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Асемгүл Маликовна Егізбаева «Бас жүлдені» жеңіп алды.

Еңбек өтілі 5 жылды құрайтын, педагог-модератор санатындағы жас маман байқаудың барлық кезеңінде жоғары кәсіби біліктілігін, шығармашылық ізденісін және инновациялық көзқарасын танытып, үздіктер қатарынан көрінді.

Байқау үш кезең бойынша ұйымдастырылды. Сәуір айында өткен аудандық кезеңде 9 педагогтың арасынан озып шығып, жеңімпаз атанса, мамыр айында облыстық кезеңде 13 үміткермен сынға түсіп, кәсіби шеберлігін дәлелдеді. Ал маусым айында өткен республикалық кезеңде еліміздің әр өңірінен келген 20 үздік педагогтің арасынан топ жарып, Бас жүлдені иеленді.

Осылайша, Асемгүл Маликовна аудандық деңгейден басталған жеңіс жолын республикалық деңгейдегі айтулы табыспен қорытындылап, Ақтөбе облысының абыройын асқақтатты.

Бұл жеңіс – педагогтің жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар өңірдегі мектепке дейінгі білім беру саласының сапалы дамуы мен педагогтердің кәсіби әлеуетінің жоғары екендігін айқын көрсететін маңызды жетістік.

Асемгүл Маликовнаны мерейлі жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қызметіне шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және жаңа белестер тілейміз!

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі-2026» республикалық байқауының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті!!!

2026 жылғы 15 мамыр күні  «Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру жол картасы аясында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты  республикалық байқауының өңірлік кезеңі өтті. Байқауға қалалық, аудандық кезеңінің жеңімпаздары - 13 педагог қатысты.

Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың жаңа, заманауи тәсілдерін іске асыру үшін үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату болып табылады.

Байқау Ережесінің талабы бойынша қатысушылар Е-портфолио, эссе материалдарын ұсынып, кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттерді тәрбиеленушілермен өткізді.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде -  Егизбаева Асемгуль Маликовна, Хромтау ауданы №8 «Тұлпар» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;

І орын -  Жаксыгарина Зинегуль Елюбаевна, Қобда ауданы «Нұрлы болашақ» балабақшасының тәрбиешісі;

ІІ орын - Ахметова Аяжан Эрлановна, Қарғалы ауданы «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;

ІІ орын - Нурмухамедова Юлия Сергеевна, Ақтөбе қаласы №14 «Қонжық» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;

ІІІ орын - Жубатова Асель Уринбаевна, Алға ауданы  «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасының тәрбиешісі;

ІІІ орын - Жолдаева  Жанаргул  Ертилеуовна, Ойыл ауданы «Асанәлі» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі;

ІІІ орын - Азаматова Іңкәр Қадірбекқызы, Шалқар ауданы «Нұрсәт» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;

Номинациялар бойынша:

«Шебер педагог» -  Аркабаева Актоты Амангалиевна, Мұғалжар ауданы «Жансая» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;

«Өнерлі педагог»Қартбаева Гүлсана Мерхатқызы, Темір ауданы «Балауса» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі;

«Креативті педагог» - Бекжанова Фариза Темірханқызы, Мәртөк ауданы №2 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі;

«Жаңашыл педагог» - Тоқсанбаева Райлан Сағидоллақызы, Байғанин ауданы «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;

Алғыс хат иегерлері:

Шынбергенова Кунимхан Кайырхановна, Әйтеке би ауданы «Аққайың» мектепке дейінгі  ұйымының тәрбиешісі;

Сәндібек Ақнұр Ертайқызы, Ырғыз ауданы «Балапан» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.  

Өңірлік кезеңнің жеңімпазы маусым айында Астана қаласында өтетін «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.

 

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі-2025» республикалық байқауының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті!!!

2025 жылғы 25 сәуір күні  «Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру жол картасы аясында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты  республикалық байқауының өңірлік кезеңі өтті. Байқауға қалалық, аудандық кезеңінің жеңімпаздары - 13 педагог қатысты.

Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың жаңа, заманауи тәсілдерін іске асыру үшін үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату болып табылады.

Байқау Ережесінің талабы бойынша қатысушылар Е-портфолио, эссе материалдарын ұсынып, кіріктірілген  ұйымдастырылған іс-әрекеттерді тәрбиеленушілермен өткізді.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде иегері - Сырымбетова Назира Өмірзаққызы, Хромтау ауданы №6 «Ақкөгершін» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі;

I орын - Ербалюкова Махаббат Амандаулетовна, Қобда ауданы Туберкулез ауруына қарсы санаторлық түрдегі «Нұр» балабақшасының тәрбиешісі;

II орын - Сәрсенбаева Орынкүл Абылайқызы, Ақтөбе қаласы №33 «Нұрсәт» балабақшасының тәрбиешісі;

II орын - Қазыбаева Динара Даденовна, Ойыл ауданы «Балдырған» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі;

III орын - Байділдина Салтанат Құлшыққызы, Ырғыз ауданы «Аққайың» бөбекжай- бақшасының тәрбиешісі;

III орын - Муратова Айнур Максимовна, Байғанин ауданы «Шаттық» бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі;

III орын - Аденова Айдана Аманбековна, Темір ауданы «Балауса» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;

Номинация бойынша:

«Шебер педагог» - Қосбармақова Жанылған Карбозқызы, Шалқар ауданы «Бәйтерек» бөбекжай- бақшасының музыка жетекшісі;

«Креативті педагог» - Кәрібай Гүлсезім Мұхитқызы, Әйтеке би ауданы «Ақбота» мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі;

 «Өнерлі педагог» - Абдыкова Акгуль Темирбаевна, Мұғалжар ауданы «Күншуақ» бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі;

«Жаңашыл педагог» - Дуйсенова Нурсулу Жалгасбаевна, Алға ауданы №2 «Айгөлек» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі;

Алғыс хат иегерлері болып Есеркепова Жаркынай Тасирбековна, Қарғалы ауданы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы, Исабаева Дидар Битимбаевна, Мәртөк ауданы №6 «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері танылды.

Өңірлік кезеңнің жеңімпазы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.

 

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалык байкауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті!!!

2025 жылғы 17 қазан күні «Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру жол картасы аясында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері-2025» атты  республикалық байқауының өңірлік кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдары әдіскерлерінің озық тәжірибесін анықтау, қолдау және насихаттау, олардың кәсіби деңгейін арттыру.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде - Жариева Жаина Абылаиевна, Мұғалжар ауданы «Күншуақ» бөбекжай-бақшасының әдіскері;

І орын -  Каюпова Аксана Ермахановна, Хромтау ауданы «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасының әдіскері;

ІІ орын - Гусманова Манера Муратовна, Қобда ауданы «Нұрлы болашақ» бала-бақшасының әдіскері;

ІІ орын - Сагизбаева Жансая Жумасейтовна, Темір ауданы «Балауса»  бөбекжай-бақшасының әдіскері;

ІІІ орын - Смағұлова Гүлбақыт Шоқанқызы, «Қобда ауданы «Туберкулез ауруына қарсы санаторлық түрдегі «Нұр» балабақшасының әдіскері;

ІІІ орын - Коваленко Ольга Валерьевна, Мәртөк ауданы «Тополёк» бөбекжай-бақшасының әдіскері;

Номинация бойынша:

«Жаңашыл әдіскер» - Убниямова Айгерим Калабаевна, Ойыл ауданы «Әсем» бөбекжай-бақшасының әдіскері.

«Креативті әдіскер» - Исмайлова Гүлсая Сейлханқызы, «Байғанин ауданы «Рауан» бөбекжай-балабақшасының әдіскері;

«Іскер әдіскер» - Жұман Тұрсынай Әбдікерқызы, Шалқар ауданы «Құралай» бөбекжай-бақшасының әдіскері;

«Көшбасшы әдіскер» - Сатыбалдиева Гүлмира Темірбекқызы, Ырғыз ауданы «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының әдіскері.

Өңірлік кезеңнің жеңімпазы «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.

 

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті!!!

«Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру жол картасы аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының 2024 жылғы жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері-2024» атты  республикалық байқауының өңірлік кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдары әдіскерлерінің инновациялық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату, олардың кәсіби деңгейін арттыру.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын -  Малаева Гулжан Абдировна, Ақтөбе қаласы №6 «Орман ертегі» бөбекжай-балабақшасының әдіскері;

ІІ орын - Газизова Ару Курмангалиевна, Ақтөбе қаласы №22 «Балдырған» бөбекжай-балабақшасының әдіскері;

ІІІ орын - Жантурсина Гаухар Сабыровна, Ақтөбе қаласы №25 «Ерке»  бөбекжай-балабақшасының әдіскері;

Номинация бойынша:

«Іскер педагог» - Нұрмағанбетова Алтынгүл Қуанқызы, Мұғалжар ауданы «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының әдіскері.

Өңірлік кезеңнің жеңімпазы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.

 


Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалык байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі-2024»  республикалық байқауының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті!!!

«Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру жол картасы аясында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты  республикалық байқауының өңірлік кезеңі өтті. Байқауға қалалық, аудандық кезеңінің жеңімпаздары - 11 педагог қатысты.

Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың жаңа, заманауи тәсілдерін іске асыру үшін үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде -  Қолдауова Ақниет Нұрлыбайқызы, Алға ауданы №2 «Айгөлек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі;

І орын -  Кусмагамбетова Улпан Рамазановна, Қобда ауданы «Шұғыла» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;

ІІ орын - Абдрахманова Гүлжахан Дауылбаевна, Ойыл ауданы «Балдырған» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі;

Тілеген Жайнагүл Ғалымжанқызы, Шалқар ауданы «Еркемай» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі;

ІІІ орын - Кожаниязова Любовь Александровна, Ақтөбе қаласы №38 «Әлем» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;

Алтыбаева Сабила Темирбаевна, Мәртөк ауданы, №1«Тополёк» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;

Искакова Райла Жанабергеновна, Мұғалжар ауданы, «Күншуақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;

Номинациялар бойынша:

«Іскер педагог» - Санакаева Алия Койшыбековна, Байғанин ауданы «Шаттық» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі; 

«Креативті педагог» - Канапина Мөлдір Мерекеқызы, Хромтау ауданы «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасы;

«Жаңашыл педагог» - Алдашева Лаззат Жангельдиевна, Қарғалы ауданы «Бөбек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;

Мусина Мөлдір Елемесқызы, Ырғыз ауданы «Балдырған» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.

Өңірлік кезеңнің жеңімпазы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.

 

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT