«Жасыл балабақша», «ІТ- балабақша» жобаларын масштабтау туралы
Ақтөбе облысында «ІТ балабақша» жобасы аясындағы жұмыс тобының құрамы
Ақтөбе облысы бойынша 2026 жылға арналған «ІТ-БАЛАБАҚША» жобасының жұмыс жоспары
«IT-балабақша» пилоттық жобасы аясында «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тиімді инновациялық тәжірибелер тарату» тақырыбында облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeId87aad24fd1
2026 жылғы 22 мамырда облыстық білім басқармасының 22.05.2024ж. №261 бұйрығы негізінде «IT-балабақша» пилоттық жобасы болып бекітілген Ақтөбе қаласындағы №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тиімді инновациялық тәжірибелер тарату» тақырыбында облыстық қорытынды семинар өтті.
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға Ақтөбе қаласы мен аудандардағы тірек балабақшалардың педагогтері қатысты.
Іс-шара «IT-балабақша» пилоттық жобасы нәтижесі: тәжірибе мен ұсыныс» тақырыбындағы баяндамамен ашылды. Онда жобаны іске асыру барысында жинақталған тәжірибе мен алдағы жұмысқа арналған ұсыныстар қарастырылды.
Іс-шара аясында «Цифрлық ортадағы заманауи тәрбиеші» тақырыбында кейс-стади ұсынылып, цифрлық білім беру кеңістігінде педагогтің рөлі, оның кәсіби дамуы және заманауи талаптарға бейімделуі талданды. «Тірі және өлі табиғат» тақырыбында жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті көрсетіліп, балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтуге және танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталды. «Ақылды технологиялар әлемі» атты іскерлік ойын барысында педагогтер цифрлық құралдарды қолдану арқылы оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жолдарын тәжірибе жүзінде қарастырып, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар «Мектепке дейінгі жаста мультфильм жасау» тақырыбында шығармашылық шеберхана өткізіліп, мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары көрсетілді. Семинар соңында платформа арқылы «IT-балабақша: жетістік, кедергі, шешім» тақырыбында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар жобаны жүзеге асыру барысындағы жетістіктер мен кездесетін қиындықтарды талқылап, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарын білдірді. Балабақша ауласында өткен практикалық бөлімде қатысушыларға «Таза ауадағы Smart Play» кеңістігіне шолу ұйымдастырылды.
«IT-балабақша» пилоттық жобасы аясында педагогтер цифрлық технологияларды, жасанды интеллект құралдарын және заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, өз тәжірибелерін үздіксіз жетілдіріп отырды. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосты.
Орындаған: Г.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«IT-балабақша» пилоттық жобасы аясында «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тиімді инновациялық тәжірибелер тарату» тақырыбында облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeId4c6fc9dcae
2026 жылғы 22 мамырда облыстық білім басқармасының 22.05.2024ж. №261 бұйрығы негізінде «IT-балабақша» пилоттық жобасы болып бекітілген Ақтөбе қаласындағы №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тиімді инновациялық тәжірибелер тарату» тақырыбында облыстық қорытынды семинар өтті.
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға Ақтөбе қаласы мен аудандардағы тірек балабақшалардың педагогтері қатысты.
Іс-шара «IT-балабақша» пилоттық жобасы нәтижесі: тәжірибе мен ұсыныс» тақырыбындағы баяндамамен ашылды. Онда жобаны іске асыру барысында жинақталған тәжірибе мен алдағы жұмысқа арналған ұсыныстар қарастырылды.
Іс-шара аясында «Цифрлық ортадағы заманауи тәрбиеші» тақырыбында кейс-стади ұсынылып, цифрлық білім беру кеңістігінде педагогтің рөлі, оның кәсіби дамуы және заманауи талаптарға бейімделуі талданды. «Тірі және өлі табиғат» тақырыбында жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті көрсетіліп, балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтуге және танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталды. «Ақылды технологиялар әлемі» атты іскерлік ойын барысында педагогтер цифрлық құралдарды қолдану арқылы оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жолдарын тәжірибе жүзінде қарастырып, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар «Мектепке дейінгі жаста мультфильм жасау» тақырыбында шығармашылық шеберхана өткізіліп, мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары көрсетілді. Семинар соңында «IT-балабақша: жетістік, кедергі, шешім» атты кері байланыс платформасы ұйымдастырылып, қатысушылар жобаны жүзеге асыру барысындағы жетістіктер мен кездесетін қиындықтарды талқылап, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарын білдірді. Балабақша ауласында өткен практикалық бөлімде қатысушыларға «Таза ауадағы Smart Play» кеңістігіне шолу ұйымдастырылды.
Қорытынды бойынша «IT-балабақша» пилоттық жобасы аясында жыл бойы мазмұнды, жаңашыл және тәжірибеге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде атқарылды. Педагогтер цифрлық технологияларды, жасанды интеллект құралдарын және заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, өз тәжірибелерін үздіксіз жетілдіріп отырды. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосты.
Орындаған: Г.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«IT-балабақша» облыстық жобасы аясында «IT – балабақша: педагог, бала, ата-ана – цифрлы серіктестік» тақырыбында облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeId8c77e807aa
2026 жылғы 21 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «IT-балабақша» облыстық жобасы аясында Шалқар ауданы «Болашақ» мектепке дейінгі ұйымында «IT – балабақша: педагог, бала, ата – ана – цифрлы серіктестік» тақырыбында семинар өтті.
Шара педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, педагог, бала және ата-ана арасындағы цифрлы серіктестікті нығайту, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды мектепке дейінгі білім беру үдерісінде тиімді қолдану тәжірибесін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысып, педагог, бала және ата-ана арасындағы бірлескен цифрлы серіктестікті дамытуға бағытталған жаңа идеялар мен инновациялық бағыттармен танысты.
«Болашақ» мектепке дейінгі ұйымының педагогтері «Ойыннан – инженерлік ойлауға: робототехника мүмкіндіктері», «Қарапайым тәжірибеден -үлкен жаңалыққа», «STEAM кеңістігінде мехатроника: құрастырудан қозғалысқа дейін», «Кішкентай мултьстудия: балалардың шығармашылық қабілетін дамыту», «Шығармашылық арқылы зерттеу: баланың еркін ойлауын дамыту» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, педагогтер жасанды интеллект мүмкіндіктері, робототехника, STEAM технологиялары және ата-анамен жүргізілетін цифрлы жұмыстар бағытында тәжірибелік іс-әрекеттер көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты. Қатысушылар заманауи технологиялық құралдарды қолдану арқылы балалардың қызығушылығы мен шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдермен танысты.
Орындаған: Г.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«IT-балабақша» облыстық жобасы аясында «IT – балабақша: педагог, бала, ата-ана – цифрлы серіктестік» тақырыбында облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeIdeda2102971
2026 жылғы 21 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «IT-балабақша» облыстық жобасы аясында Шалқар ауданы «Болашақ» мектепке дейінгі ұйымында «IT – балабақша: педагог, бала, ата – ана – цифрлы серіктестік» тақырыбында семинар өтті.
Шара педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, педагог, бала және ата-ана арасындағы цифрлы серіктестікті нығайту, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды мектепке дейінгі білім беру үдерісінде тиімді қолдану тәжірибесін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысып, педагог, бала және ата-ана арасындағы бірлескен цифрлы серіктестікті дамытуға бағытталған жаңа идеялар мен инновациялық бағыттармен танысты.
«Болашақ» мектепке дейінгі ұйымының педагогтері «Ойыннан – инженерлік ойлауға: робототехника мүмкіндіктері», «Қарапайым тәжірибеден -үлкен жаңалыққа», «STEAM кеңістігінде мехатроника: құрастырудан қозғалысқа дейін», «Кішкентай мултьстудия: балалардың шығармашылық қабілетін дамыту», «Шығармашылық арқылы зерттеу: баланың еркін ойлауын дамыту» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар педагогтер жасанды интеллект мүмкіндіктері, робототехника, STEAM технологиялары және ата-анамен жүргізілетін цифрлы жұмыстар бағытында тәжірибелік іс-әрекеттер көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты. Қатысушылар заманауи технологиялық құралдарды қолдану арқылы балалардың қызығушылығы мен шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдермен танысты.
Орындаған: Г.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«IT-балабақша» облыстық жобасы аясында «Мектепке дейінгі білім беруде жасанды интелект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeId21be1251b4
2026 жылғы 20 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «IT-балабақша» облыстық жобасы аясында Мәртөк ауданы №12 «Бәйтерек» мектепке дейінгі ұйымында «Мектепке дейінгі білім беруде жасанды интелект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің цифрлық құзыреттілігін арттыру, жасанды интеллект құралдарын оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын көрсету және заманауи технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу.
Іс-шара «IT-Балабақша» пилоттық жобасының тиімділігі мен нәтижелері тақырыбындағы баяндамамен ашылды. Онда жобаның мектепке дейінгі ұйымдарда цифрлық білім беру ортасын қалыптастырудағы рөлі және педагогтердің кәсіби дамуына ықпалы атап өтілді. «Музыка және ІТ» бағытындағы заманауи ұйымдастырылған іс-әрекеті музыка мен цифрлық технологияларды кіріктіре отырып, балалардың есту қабілетін, ырғақты сезінуін және шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталды. «Wordwall» платформасында цифрлық тапсырмалар дайындау жолдары көрсетіліп, педагогтерге интерактивті оқу материалдарын құрастырудың практикалық мүмкіндіктері таныстырылды. «Цифрлық технологиялар арқылы мамандықтар әлемін тану» тақырыбындағы іс-әрекет барысында балаларға түрлі мамандықтар туралы ақпаратты заманауи цифрлық құралдар арқылы ұсыну жолдары көрсетілді. Сонымен қатар «Еңбекқор құмырсқа» ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы балалардың еңбекқорлық, ұйымшылдық және жауапкершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған ойын және тәжірибелік әдістер қолданылды. «Gemini AI» және «Heyzine AI» қосымшалары арқылы интерактивті кітап жасау жолдарын таныстыру педагогтерге цифрлық білім беру контентін дайындаудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, оқу материалдарын визуалды әрі қызықты форматта ұсынуға жағдай жасайтыны атап өтілді.
Жалпы алғанда, іс-шара барысында педагогтер заманауи цифрлық платформалар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану арқылы оқу процесін жаңаша ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті және олардың білім беру сапасын арттырудағы маңызы талқыланды.
Орындаған: Г.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«IT-балабақша» облыстық жобасы аясында «Мектепке дейінгі білім беруде жасанды интелект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeIde0445bac70
2026 жылғы 20 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «IT-балабақша» облыстық жобасы аясында Мәртөк ауданы №12 «Бәйтерек» мектепке дейінгі ұйымында «Мектепке дейінгі білім беруде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің цифрлық құзыреттілігін арттыру, жасанды интеллект құралдарын оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын көрсету және заманауи технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу.
Іс-шара «IT-Балабақша» пилоттық жобасының тиімділігі мен нәтижелері тақырыбындағы баяндамамен ашылды. Онда жобаның мектепке дейінгі ұйымдарда цифрлық білім беру ортасын қалыптастырудағы рөлі және педагогтердің кәсіби дамуына ықпалы атап өтілді. «Музыка және ІТ» бағытындағы заманауи ұйымдастырылған іс-әрекеті музыка мен цифрлық технологияларды кіріктіре отырып, балалардың есту қабілетін, ырғақты сезінуін және шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталды. «Wordwall» платформасында цифрлық тапсырмалар дайындау жолдары көрсетіліп, педагогтерге интерактивті оқу материалдарын құрастырудың практикалық мүмкіндіктері таныстырылды. «Цифрлық технологиялар арқылы мамандықтар әлемін тану» тақырыбындағы іс-әрекет барысында балаларға түрлі мамандықтар туралы ақпаратты заманауи цифрлық құралдар арқылы ұсыну жолдары көрсетілді. Сонымен қатар «Еңбекқор құмырсқа» ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы балалардың еңбекқорлық, ұйымшылдық және жауапкершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған ойын және тәжірибелік әдістер қолданылды. «Gemini AI» және «Heyzine AI» қосымшалары арқылы интерактивті кітап жасау жолдарын таныстыру педагогтерге цифрлық білім беру контентін дайындаудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, оқу материалдарын визуалды әрі қызықты форматта ұсынуға жағдай жасайтыны атап өтілді.
Іс-шара барысында педагогтер заманауи цифрлық платформалар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану арқылы оқу процесін жаңаша ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті және олардың білім беру сапасын арттырудағы маңызы талқыланды.
Орындаған: Г.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«IT -балабақша» пилоттық жобасы аясында «Мен заманауи тәрбиеші - цифрлық технологияларды қолданудағы тәжірибе» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeId8bbe8560c4
2026 жылғы 19 мамырда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, «IT-балабақша» облыстық пилоттық жобасының жоспарына сәйкес Алға ауданындағы №2 «Айгөлек» бөбекжай балабақшасында «Мен заманауи тәрбиеші - цифрлық технологияларды қолданудағы тәжірибе» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты: балабақшада заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, цифрлық сауаттылықты қалыптастыру. Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.
«Қиялдан экранға дейін: жас аниматорлардың жолы», «Роббидің ақылды достары» панораммалық ұйымдастырылған іс-әрекет, «Аралар патшалағындағы цифрлық саяхат» тақырыбында тәрбиешілердің дайындаған инновациялық жұмыстарды көрсетіліп, «Тарсия әдісі» атты педагогтермен тренинг жүргізілді.
Семинар барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, цифрлық білім беру ресурстарын енгізу және педагогтердің IT-құзыреттілігін арттыру мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға заманауи цифрлық платформалар мен интерактивті әдістер таныстырылып, тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды.
Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, балабақшада цифрлық технологияларды қолданудың тиімді жолдарын талқылады. Семинар қатысушылары жобаның балалардың танымдық қабілетін дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға және білім беру сапасын жақсартуға оң әсер ететінін атап өтті.
Орындаған: Г.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«IT -балабақша» пилоттық жобасы аясында «Мен заманауи тәрбиеші - цифрлық технологияларды қолданудағы тәжірибе» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeId8bfc0b4622
2026 жылғы 19 мамырда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «IT -балабақша» облыстық пилоттық жобасының жоспарына сәйкес Алға ауданындағы №2 «Айгөлек» бөбекжай балабақшасында «Мен заманауи тәрбиеші - цифрлық технологияларды қолданудағы тәжірибе» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты: балабақшада заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, цифрлық сауаттылықты қалыптастыру. Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.
«Қиялдан экранға дейін: жас аниматорлардың жолы», «Роббидің ақылды достары» панорамалық ұйымдастырылған іс-әрекет, «Аралар патшалығындағы цифрлық саяхат» тақырыбында тәрбиешілердің дайындаған инновациялық жұмыстарды көрсетіліп, «Тарсия әдісі» атты педагогтермен тренинг жүргізілді.
Семинар барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, цифрлық білім беру ресурстарын енгізу және педагогтердің IT құзыреттілігін арттыру мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға заманауи цифрлық платформалар мен интерактивті әдістер таныстырылып, тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды.
Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, балабақшада цифрлық технологияларды қолданудың тиімді жолдарын талқылады. Семинар қатысушылары жобаның балалардың танымдық қабілетін дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға және білім беру сапасын жақсартуға оң әсер ететінін атап өтті.
Орындаған: Г.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«ІТ-балабақша» облыстық жобасы аясында «Кішкентай ІТ-технология шебері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeIdb54ce4d418
2026 жылғы 18 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ІТ-балабақша» облыстық жобасы аясында Қарғалы ауданы, Жосалы орта мектеп-балабақшасында «Кішкентай ІТ-технология шебері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың ІТ-технологияларға қызығушылығын арттыру, заманауи цифрлық құралдарды қолдану арқылы олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту тәжірибесін насихаттау.
Семинарға «ІТ-балабақша» жобасы бойынша жұмыс жүргізіп отырған балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Семинар бағдарламасы аясында қатысушыларға балалардың цифрлық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелік іс-шаралар ұсынылды.
Шеберлік сағат барысында «Балаларды ІТ-ға қызықтыру жолдары» тақырыбы қарастырылып, мектепке дейінгі жаста цифрлық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді тәсілдері көрсетілді. Одан кейін 3D-қаламды қолдану мүмкіндіктері таныстырылып, балалардың кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға бағытталған практикалық жұмыс жүргізілді. Педагог-психолог өткізген тренингте балалардың танымдық белсенділігін арттыруға және өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға арналған әдістер қарастырылды. Сонымен қатар «Бала қиялындағы робот әлемі» тақырыбында балалардың шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған жұмыс көрсетілді. «Ізденіс пен зерттеу – баланың болашағына бастар жолы» тақырыбындағы іс-тәжірибе барысында зерттеушілік әрекетті ұйымдастырудың тиімді жолдары ұсынылды. Семинар соңында STEM технологияларын балабақшада тиімді қолдану тәжірибесі таныстырылып, заманауи білім беру үдерісінде бұл бағыттың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара барысында педагогтер цифрлық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдану арқылы балалардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық белсенділігін дамыту және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жолдарын талқылады.
Орындаған: Г.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«ІТ-балабақша» облыстық жобасы аясында «Кішкентай ІТ-технология шебері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeIdf035c4a3f0
2026 жылғы 18 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ІТ-балабақша» облыстық жобасы аясында Қарғалы ауданы, Жосалы орта мектеп-балабақшасында «Кішкентай ІТ-технология шебері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың ІТ технологияларға қызығушылығын арттыру, заманауи цифрлық құралдарды қолдану арқылы олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту тәжірибесін насихаттау.
Семинарға «ІТ-балабақша» жобасын жүзеге асырушы балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Семинар бағдарламасы аясында қатысушыларға балалардың цифрлық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелік іс-шаралар ұсынылды.
Шеберлік сағат барысында «Балаларды ІТ-ға қызықтыру жолдары» тақырыбы қарастырылып, мектепке дейінгі жаста цифрлық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді тәсілдері көрсетілді. Одан кейін 3D-қаламды қолдану мүмкіндіктері таныстырылып, балалардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған практикалық жұмыс жүргізілді. Педагог-психолог өткізген тренингте балалардың танымдық белсенділігін арттыруға және өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға арналған әдістер қарастырылды. Сонымен қатар «Бала қиялындағы робот әлемі» тақырыбында балалардың шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған жұмыс көрсетілді. «Ізденіс пен зерттеу – баланың болашағына бастар жол» тақырыбындағы іс-тәжірибе барысында зерттеушілік әрекетті ұйымдастырудың тиімді жолдары ұсынылды. Семинар соңында STEM технологияларын балабақшада тиімді қолдану тәжірибесі таныстырылып, заманауи білім беру үдерісінде бұл бағыттың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара барысында педагогтер цифрлық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдану арқылы балалардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық белсенділігін дамыту және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жолдарын талқылады.
Орындаған: Г.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«Балабақшадағы SMART идеялар: ойна-үйрен-дамы облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeId7c6cf15340
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 30 сәуір күні «IT-балабақша» жобасы аясында Қобда ауданы «Нұрлы болашақ» балабақшасында «Балабақшадағы SMART идеялар: ойна-үйрен-дамы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында заманауи цифрлық технологиялар мен SMART шешімдерді тиімді қолдану тәжірибесін тарату, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, балалардың танымдық, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған инновациялық әдіс-тәсілдерді насихаттау.
Балабақша педагогтері «Цифрлық трансформация жағдайында балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдері», «Болашақ балабақшасы: SMART идеялардан нақты нәтижеге», «Ойынға қанат бітірген саяхат: Бали әлеміне жол», «Жан жылуы – табыстың бастауы», «Бір күн – мың идея: ЖИ платформаларын пайдаланып мультфильм құрастыру алгортмдері, «Қиялдан – нәтиже: цифрлық мүмкіндіктер арқылы ертегіні жандандыру», «Белсенді бала - бақытты бала: ойын арқылы дене дамуын жетілдіру», «Ойынға бастар жол: STEM әлеміндегі кішкентай инженерлер» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында педагогтер ойын арқылы оқыту, интерактивті тапсырмалар құрастыру, цифрлық платформаларды пайдалану, балалардың қызығушылығын арттыратын заманауи әдіс-тәсілдер бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, ChatGPT, Canva, CapCut, Gamma секілді платформаларды қолданудың тиімді жолдарын көрсетті.
Семинар аясында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісіп, кәсіби шеберліктерін жетілдірді. Ұсынылған мазмұнды жұмыстар мен тың бастамалар педагогтердің шығармашылық ізденісін арттырып, білім беру үдерісіне жаңа серпін берді.
Орындаған: Г.У.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«Балабақшада цифрлық технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeIda28da10b4b
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2026 жылғы 24 сәуір күні «IT-балабақша» жобасы аясында Ырғыз ауданы «Аққайың» бөбекжай-бақшасында «Балабақшада цифрлық технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты – балабақшада цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы балалардың танымдық, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және заманауи білім беру ортасын қалыптастыру болып табылады.
Практикалық бөлімде балабақша педагогтері Г.Қ.Байділда «Балабақша: заманауи білім берудің жаңа бағыты», Ф.Қ.Қуаныш «Бала және сандық орта: тәрбие мен технология үндестігі», М.Р. Ерғуатова «Заманауи технология арқылы зерттеу әлемі» тақырыптарында ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетіп, цифрлық технологияларды қолданудың тиімді жолдарымен таныстырды.
Сонымен қатар, Н.С.Нұрмағамбетова «Инновациялық кеңістік: баланың дамуына жол», Р.М.Жанпейісова «Кішкентай инженерлер: қызықты тәжірибелер әлемі», Г.Б.Сүгіртай «Бояулар әлемі: түрлі-түсті ғажайыптар», А.Н.Султанова «Ойын арқылы оқыту: цифрлық технологияның рөлі» тақырыптарында балалардың зерттеушілік, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстарын ұсынды.
Семинар барысында қатысушылар цифрлық білім беру ресурстарымен танысып, практикалық тапсырмалар орындап, өзара тәжірибе алмасты. Ұсынылған жұмыстар мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігін көрсетіп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік берді.
Орындаған: Г.У.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«Балабақша жұмысында жасанды интеллектті тиімді қолдану: педагогке көмек, сапаға серпін» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeIdb92205efff
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 23 сәуір күні «IT-балабақшада» пилоттық жобасы аясында Темір ауданы «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасында «Балабақша жұмысында жасанды интеллектті тиімді қолдану: педагогке көмек, сапаға серпін» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын көрсету, педагогтердің цифрлық құзіреттілігін арттыру және білім беру сапасын жақсарту.
Балабақша педагогтері «Балабақшада IT-технологияларды тиімді қолдану», «Сандық дәуір және жаңа мамандықтар», «Ақылды роботтар кеңістігі», «Ғарышқа қызықты саяхат», «Көңіл-күй сканері», «Жасанды интеллект - музыка әлемінде», «Жасанды интеллект-педагогтің сенімді көмекшісі», «Ойлан! Үйрен! Зертте!» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында педагогтар жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысып, оны оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын талқылады. Практикалық бөлімде қатысушылар жаңа технологияларды қолдану бойынша тапсырмалар орындап, өз тәжірибелерін жетілдірді.
Орындаған: Г.У.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«Мектепке дейінгі тәрбиенің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы заманауи инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы облыстық коучинг өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeIdf2d42bff88
2026 жылғы 23 сәуір күні облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Мұғалжар ауданы «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасында «Мектепке дейінгі тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне ұйымдастырудағы заманауи инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы облыстық коучинг өтті.
Шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық іс-тәжірибелерді тарату, тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерту және оқу-тәрбие үдерісін сапалы жүргізуге бағыт беру мақсатында ұйымдастырылды.
Балабақша педагогтері «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану жолдары», «STEAM технологиясы арқылы ойын құрастырудағы педагогтың іс-әрекеті», «Познавательная деятельность детей через эксперимент с вулканом», «Ғарыш әлемін зерттеу: интеграциялық тәсілдер», «Музыка арқылы дыбыс пен қимыл үйлесімі: шығармашылықты дамыту», «Қалдықтарды қайта өңдеу арқылы пайдалы бұйымдар жасау», «Цифровые технологии в детском саду: развитие речи и мышления», «Мектепалды топтарда заманауи әдістерді тиімді қолдану» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар білім беру үдерісінде инновациялық әдістерді жүйелі қолданудың маңыздылығына тоқталды. Мектепке дейінгі ұйымдарда заманауи технологияларды енгізу-балалардың танымдық белсенділігін арттыратындығы педагогтердің кәсіби дамуына оң ықпал ететініне көз жеткізді.
Орындаған: Г.У.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«Цифрлық педагогика: тәрбиешінің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeId090e47d9fc
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 22 сәуір күні «IT-балабақша» жобасы аясында Ақтөбе қаласы №45 «Алтын бала» бөбекжай-балабақшасында «Цифрлық педагогика: балабақша тәрбиешісінің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, цифрлық құралдарды тиімді қолдану дағдыларын дамыту және балабақшада дамытушы орта қалыптастыруға бағыт беру.
Балабақша педагогтері «Педагог жұмысын жеңілдетудегі жасанды интеллект мүмкіндіктері», «Ақылды ойындар арқылы ойнаймыз», «Цифрлық дәуірдегі педагог мүмкіндіктері», «Жасанды интеллект және балабақша», «ЖИ құралдарын ұйымдастырылған іс-әрекетте пайдалану», «Искусственный интеллект VS живой ум», «Мобильді қосымша арқылы интеллектуалдық ойындарды қолданудың тиімді жолдары» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында тәрбиешілер заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және оларды ұйымдастырылған іс-әрекетіне кіріктіру жолдарымен танысты.
Педагогтер тәжірибе алмасып, жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, цифрлық дәуірдегі білім беру мүмкіндіктерін талқылады. Әсіресе, «Искусственный интеллект VS живой ум» іскерлік ойыны қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Орындаған: Г.У.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«Цифрлық және шығармашылық технологиялар мектепке дейінгі ұйымдарда» облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeIddc975baf08
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 23 сәуір күні «IT-балабақша» жобасы аясында Ақтөбе қаласының №52 «Құлагер» балабақшасында «Цифрлық және шығармашылық технологиялар мектепке дейінгі ұйымдарда» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда цифрлық және шығармашылық технологияларды тиімді қолдану тәжірибесін тарату, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Семинар барысында «Балабақшадағы цифрлық орта: шығармашылық қабілетті дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында ой бөлісіп, цифрлық технологияларды мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне енгізудің тиімді жолдары мен олардың балалардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы мүмкіндіктеріне тоқталды.
Балабақша меңгерушісі Г.С.Биртаева «Тиімді мүмкіндіктер: цифрлық платформалар, интерфейстердің жұмысы» тақырыбында цифрлық платформалар мен ресурстарды қолданудың тиімді жолдарын көрсетті.
Практикалық бөлімде балабақша педагогтері «Жасанды интеллект – музыка әлемінде», «Ақылды ойындар: теория және практика», «Бала және болашақ: кәсіптік бағдар мен цифрлық сауаттылық үндестігі», «Жасанды интеллект және педагог: ақыл-ой батлы» тақырыптарында цифрлық құзыреттілігін дамытуға бағытталған іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар цифрлық технологияларды мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің тиімді жолдарымен танысып, тәжірибе алмасты. Ұсынылған жұмыстар педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, инновациялық тәжірибелерді таратуға және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді құралдар ретінде өзектілігі мен маңыздылығы атап өтілді.
Орындаған: Г.У.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«IT - балабақша: цифрлық технологиялар арқылы баланың танымдық қабілетін дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeIdf7020e9eea
2026 жылғы 16 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «IT-балабақша» облыстық жобасы аясында Әйтеке би ауданы «Балбұлақ» мектепке дейінгі ұйымында «IT - балабақша: цифрлық технологиялар арқылы баланың танымдық қабілетін дамыту» тақырыбында семинар өтті.
Шара педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды мектепке дейінгі білім беру үдерісінде тиімді қолдану тәжірибесін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысып, заманауи білім беру үрдісіндегі инновациялық бағыттармен танысты.
Балабақша меңгерушісі А.Е.Нуржанова «IT-балабақша» пилоттық жобасының балабақшада жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын, цифрлық құралдардың балалардың танымдық белсенділігін арттырудағы маңызын атап өтті.
«Балбұлақ» мектепке дейінгі ұйымының педагогтері «Жасанды интеллект және балабақша: педагог жұмысының жаңа мүмкіндіктері», «Цифрлық технологиялар арқылы баланың танымдық қабілетін дамыту», «Robot Mouse-пен бірге сандар әлеміне саяхат», «Кішкентай зерттеушілер зертханасы», «Ақылды роботпен танымдық тапсырмалар орындау», «Ойна, ойла, үйрен», «Сезімдер галереясы» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар педагогтер цифрлық технологиялар, робототехника, танымдық тапсырмалар және арт-терапия бағыттары бойынша практикалық жұмыстар ұсынып, өзара тәжірибе алмасты. Қатысушылар заманауи құралдарды қолдану жолдарын көріп, баланың қызығушылығы мен ойлау қабілетін дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдермен танысты.
Семинар нәтижесінде педагогтер білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізудің маңызын айқындап, балалардың танымдық дамуына бағытталған жаңа мүмкіндіктерге көз жеткізді. Мұндай тәжірибелік алаңдар педагогтердің кәсіби өсуіне серпін беріп, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететіні ерекше атап өтілді.
Орындаған: Г.Жетмекова, бөлім әдіскері
«Кішкентай IT қадамдар-үлкен болашақ» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/proekt-it-detskij-sad#sigFreeId2ac6bf6e59
2026 жылғы 9 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «IT-балабақша» облыстық жобасы аясында Хромтау ауданы № 7 «Еркетай» бөбекжай – балабақшасында «Кішкентай IT қадамдар – үлкен болашақ» тақырыбында семинар өтті.
Семинар тәрбиешілердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін қалыптастыру, оларды іс-әрекет үдерісінде тиімді қолдану жолдарын көрсету, педагог жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шараның ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі А.А.Искендирова алғы сөз сөйлеп, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан жоба жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.
Балабақша меңгерушісі М.Т.Алдрапекова «IT-балабақша» пилоттық жобасының балабақшада жүйелі түрде жүргізіліп жатқандығы туралы баяндады.
№7 «Еркетай» бөбекжай-балабақшасының педагогтері «IT-балабақша: болашаққа бастау», «Балабақшада STEM зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесі», «Кішкентай инженерлер әлемі», «Музыка + IT: цифрлық технология арқылы шығармашылықты дамыту», «Голограмма арқылы ертегі әлеміне саяхат: балалармен тәжірибелік жұмыс», «Көріп–сезіп–үйрен: VR көзілдірігімен ұйымдастырылған іс-әрекеті», «Балабақшада жасанды интеллект арқылы мультфильмде құрастыру: балалармен жұмыс тәжірибесі», «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің медиа сауаттылығы:цифрлық ортадағы кәсіби қызметі», «Кішкентай қадамдар арқылы цифрлық сауаттылықты дамыту» тақырыптарында заманауи тәжірибелерімен бөлісіп, мультимедиялық және цифрлық ресурстарды қолдану үлгілерін көрсетті.
Сонымен қатар инженерлік-зерттеу бағытындағы жұмыстар мен балалардың құрастыру, модельдеу, тәжірибе жасау дағдыларын дамытуға арналған іс-әрекеттерін ұсынды.
Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Орындаған: Г.Жетмекова, бөлім әдіскері

