«Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттык жобасын енгізу туралы
«Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасын іске асыру алгоритмі
Балаларды ерте дамыту институты
«Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасы аясында «Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулудың инновациялық бағыттағы тиімді тұстары» тақырыбында облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/respublikanskij-pilotnyj-proekt-doshkol-noe-obrazovanie-i-trud#sigFreeId18adb768db
2026 жылғы 24 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы №33 «Нұрсәт» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулудың инновациялық бағыттағы тиімді тұстары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – балаларды ерте жастан еңбекке баулу, түрлі мамандықтарға қызығушылығын ояту, еңбек адамдарына құрметпен қарау дағдыларын қалыптастыру және мектепке дейінгі ұйымдарда кәсіптік бағдар берудің заманауи тәжірибелерін насихаттау болды.
Семинар аясында «Балалардың қызықты әлемі: аспаздық шеберлік пен сауда ойындары» тақырыбында балалар аспазшы мен сатушы мамандықтарының ерекшеліктерімен танысып, ойын арқылы еңбек әрекеттерін орындады. «Экспедиция в мир древности: археологи, палеонтологи, исследователи и лаборанты» ұйымдастырылған іс-әрекетінде балалар зерттеушілік жұмыстар жүргізіп, ғылым саласындағы мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтті.
Сонымен қатар «Ерте жастағы балалардың еңбек мәдениетін қалыптастырудағы креативті тәсілдер» және «Путешествие на ферму с синим трактором» тақырыптарында еңбекке баулу мен ауыл шаруашылығы мамандықтарын таныстыруға бағытталған жұмыстар ұйымдастырылды. «Путешествие юных исследователей на космическую станцию» іс-әрекеті арқылы балалар ғарыш әлемімен және зерттеуші мамандықтарымен танысса, «Болашақты құру: құрылыс индустриясының кәсіптерімен таныстыру» тақырыбында құрылыс саласына қатысты мамандықтардың ерекшеліктері көрсетілді.
Семинар барысында ерте жастан кәсіпке баулудың тиімді жолдары талқыланып, Монтессори әдістемесі негізіндегі «Упражнение практической жизни» практикалық жұмыстары ұсынылды. Қатысушылар балалардың дербестігін, жауапкершілігін және еңбек дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әдістермен танысты.
Семинар соңында рефлексия және сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар ұсынылған тәжірибелердің мазмұндылығы мен практикалық маңыздылығын жоғары бағалады.
Орындаған: Ж.Жолмахановна, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасы аясында «Ерте жастан кәсіпке бейімдеу: тиімді тәжірибе мен болашақ мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/respublikanskij-pilotnyj-proekt-doshkol-noe-obrazovanie-i-trud#sigFreeId7477a9e3d9
2026 жылғы 18 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы «NURSULTAN 7777» жеке бөбекжай-балабақшасында «Ерте жастан кәсіпке бейімдеу: тиімді тәжірибе мен болашақ мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – балаларды ерте жастан еңбекке баулу, түрлі мамандықтарға қызығушылығын арттыру, жауапкершілік пен дербестік дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда кәсіптік бағдар берудің тиімді тәжірибелерін насихаттау болды.
Семинар аясында «Мектепке дейінгі ұйымдарда ерте кәсіптік бағдар беру: тәжірибе және әдістер» тақырыбындағы слайд-презентация ұсынылып, мектепке дейінгі кезеңнен бастап мамандыққа бағыттаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар «ROBOALEM» инженерлік зертханасы бойынша шеберлік сыныбы өткізіліп, балалардың техникалық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары көрсетілді.
«Бір шаңырақтың астында» қолөнер шеберханасы барысында ұлттық қолөнер элементтері таныстырылып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. «Сәнді әшекейлер» зергерлік шеберханасында балалар сәндік бұйымдар жасау арқылы эстетикалық талғам мен ұқыптылық дағдыларын қалыптастырды. «Мамандыққа баулу» тақырыбындағы тігінші шеберханасында еңбек әрекеттері ұйымдастырылып, балалар тігін ісінің қарапайым элементтерімен танысты. «Ұлттық тағамдар» аспаздық шеберханасында сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы ұлттық тағам дайындау мәдениеті насихатталды. Табиғат бұрышындағы «Терезе алдындағы бау-бақша» жұмыстары барысында балалар өсімдіктерді күтіп-баптау тәсілдерін үйренсе, «Үй қалай салынады?» құрылыс алаңы бағытындағы ұжымдық құрастыру жұмыстары балалардың бірлесіп әрекет етуге және кеңістіктікті бағдарлай білу дағдыларын дамытуға бағытталды.
Семинар соңында «Эфирде балабақша жаңалықтары» форматындағы кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар ұсынылған тәжірибелердің маңыздылығын атап өтті.
Шара педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, мектепке дейінгі ұйымдарда ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жетілдіруге және бала тәрбиесінде жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берген мазмұнды әдістемелік алаң болды.
Орындаған: Ж.Жолмахановна, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасы аясында «Мектепке дейінгі ұйымдарда ерте кәсіптік бағдар беру: тәжірибе мен әдістер» тақырыбында облыстық семинар семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/respublikanskij-pilotnyj-proekt-doshkol-noe-obrazovanie-i-trud#sigFreeId9147319c04
2026 жылғы 31 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда ерте кәсіптік бағдар беру: тәжірибе мен әдістер» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты – балаларды ерте жастан еңбекке баулу, түрлі мамандықтарға қызығушылығын арттыру, еңбек адамдарына құрмет сезімін қалыптастыру және мектепке дейінгі кезеңнен бастап кәсіптік бағдар берудің тиімді әдіс-тәсілдерін тәжірибеде көрсету болды.
Іс-шара барысында педагогтер балалардың жас ерекшелігіне сай сюжеттік-рөлдік ойын технологияларын қолдану арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті. Балалар құрылысшы, инженер, дәрігер, құтқарушы сынды түрлі мамандық иелерінің рөлдерін сомдап, олардың еңбегімен танысты. «Фермадан ас үйге дейінгі танымдық саяхат», «Біз құтқарушылармыз», «Кішкентай өнертапқыштар – болашақ мамандар» сияқты ойын әрекеттері арқылы балалардың танымдық белсенділігі, жауапкершілігі және дербестігіне бағытталған жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар «Медиацентр как среда ранней профориентации дошкольников» атты іскерлік ойын және «Ою өнері – тәрбие құралы» шебер сағаты ұсынылып, ерте кәсіптік бағдар берудің заманауи бағыттары көрсетілді. Қатысушыларға мектепке дейінгі жастағы балаларды еңбекке баулу мен мамандық әлемімен таныстырудың тиімді жолдары жан-жақты таныстырылып, тәжірибе алмасу жүргізілді.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар ұсынылған әдістемелік тәжірибелерді жоғары бағалап, олардың білім беру үдерісінде тиімді қолданылатынындығына сенім білдірді. Мектепке дейінгі ұйымдарда ерте кәсіптік бағдар беруді дамытуға, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған мазмұнды әдістемелік семинар өтті.
Орындаған: Ж.Жолмахановна, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері
«Ерте жастан кәсіптік және еңбекке баулу» республикалық пилоттық жобасы аясында «Зергер әке – еңбекқор бала» республикалық байқауының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті!
Байқауға қатысушылар: республикалық пилотқа қатысатын балабақшалар.
Байқаудың мақсаты: баланың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасылық ынтымақ пен бірлескен шығармашылықты дамыту.
Байқау мектепке дейінгі 4, 5 жастағы балалар және әкелердің қатысуымен өтті.
Онлайн тәртібінде өткен шараға 5 жұмыс ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша төмендегі номинациялар берілді:
- №49«Думан» бөбекжай-балабақшасы «Зергер әке - еңбекқор бала»;
- №5 «Ақбота» бөбекжай балабақшасы «Өнерлі әке мен бала»;
- «NURSULTAN7777» бөбекжай-балабақшасы «Шебер әке, епті бала»;
- №33 «Нұрсәт» балабақшасы «Ұлттық нақыштағы үздік жұмыс»;
- ЖШС «Baqytty bala» «Айлин» мектепке дейінгі ұйымы «Ұйымшыл отбасы».
Республикалық байқауға өңірлік кезең жеңімпаздары 223 ұпаймен №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасының 5 жастағы тәрбиеленушісі Өмірғали Нұрмахан және 216 ұпаймен №5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының 4 жастағы тәрбиеленушісі Едилбаев Аргын Азаматовичтің жұмыстары жіберілді.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

