Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

«Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылык кабілеттерін дамыту» тақырыбындагы облыстық шығармашылық шеберханасына қатысушылар тізімі

Облыстық шығармашылық шеберханалар, шебер-кластарды ұйымдастыру және аяқталуы туралы

«МЕН ЕЛІМДІ СҮЙЕМІН» облыстық шығармашылық шеберхана жұмысының ЖОСПАРЫ

«Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» облыстық шығармашылық шеберхана

 

«Мен елімді сүйемін»облыстық шығармашылық шеберхананың  ІV отырысы өтті

2026 жылғы 28 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес Алға ауданы «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасының тәрбиешісі Косанова Гульмира Сабидуллаевнаның жетекшілігімен облыстық шығармашылық шеберхананың қорытынды отырысы өткізілді.

Отырысқа облыстық және аудандық білім бөлімінің мамандары, балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Отырыс барысында шеберхана мүшелері мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық құндылықтарды үйрету, отансүйгіштікке баулу, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру,ұлттық салт-дәстүр мен мәдени мұраның маңызын түсіндіру, ұлттық тәрбиенің балабақша жасындағы балалар үшін маңыздылығын атап өтіп, оны күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолдану жолдарын жетілдіру бағытындағы жұмыстарын презентациялық баяндамалар және тәжірибелік  алаң арқылы ұсынды.

Шеберхана жетекшісі Косанова Гульмира Сабидуллаевна "Мен елімді сүйемін" шығармашылық  шеберхана жұмысын қорытындылап, жыл бойы жасалған жұмыстарды атап өтті. Канибуллаева Нагима Алтмушбаевна «Ұлттық құндылық-ел қазынасы», Шуйтенова Нурзипа Мырзалиевна «Цифрлық әлемде баланың сөздік қорын қалай кеңейтуге болады?», Абаева Жадыра Елубаевна «Балалардың сөйлеу тілін дамытуда көрнекілік әдістерін пайдалану» шебер-сынып, Абубакирова Акмарал Туребековна, Сатиева Жанна Комиссаровна «Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген ойындар» шебер сынып, Кенжебаева Гулнур «Ұлттық ойын - ақсүйек» шебер-сынып, Мухамеджанова Эльмира Рзагалиевна «Путешествие в страну казахских национальных орнаментов», Өмірбекова Бақытгүл  Арыстанғалиқызы «Ойнада,ойла», Сагындыкова Алия Бакытовна «Геймификация музыкального процесса: интеграция электронной среды и техники телесной перкусси» шебер-сынып, Умарова Гульнара Максатовна Алтын сақа «1-10ға дейінгі сандар», Нұрлан Ұлболсын Маратқызы «Ұлттық құндылықтар арқылы бала тәрбиелеу», Мешитхан  Илана  «Ұлттық құндылықтар – бала тәрбиесінің қайнар көзі» шебер-сынып, Дубовенко Ирина Витальевна  «Мы танцуем, и поем очень весело  живем» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Белсенділік танытып,шығармашылық шеберхана жұмысына атсалысқан педагогтер Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хаттарымен және сертификаттарымен марапатталды.

 

«Мен елімді сүйемін» облыстық шығармашылық шеберхананың ІІІ отырысы өтті

     2026 жылғы 13 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының  жылдық жоспарына сәйкес Алға ауданы,«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасының тәрбиешісі Косанова Гульмира Сабидуллаевнаның жетекшілігімен облыстық шығармашылық шеберхананың кезекті отырысы өткізілді.

            Отырысқа облыстық және аудандық білім бөлімінің мамандары, балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Отырыс барысында шеберхана мүшелері мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу мен оқыту үдерісінде қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдер, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары, ойын арқылы оқыту технологияларын өз тәжірибелік жұмыстарымен бөлісіп, іс-тәжірибелік жұмыстар мен көрнекі материалдар арқылы қатысушыларға тиімді әдістерді көрсетіп,түрлі тапсырмалар орындады.

   Отырыс  аясында келесі шеберлік сыныптары  өткізілді:

  • Шамшина Нургуль Мусаевна,Алға ауданы, «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасының педагог-психологы «Балалардың шығармашылық қабілетін  дамытуда ұлттық бұйымдарды  қолдану» шебер–сынып;
  • Аттиева Гүлжан Аманжолқызы, Ырғыз ауданы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі "Ұлттық құндылықтар -асыл мұра" шебер-сынып;
  • Касанова Светлана Турегельдовна, Алға ауданы, «Айналайын» Тоқмансай  балабақшасының тәрбиешісі, "Ою-өрнек негізінде бейнелеу әрекетін дамыту";
  • Жубатова Асель Уринбаевна, Алға ауданы, «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасының тәрбиешісі, «Көпіршік бетіндегі бейне», шебер-сынып;
  • Мырзабаева Анаргул Есмаганбетовна, Ақтөбе қаласы №13"Бөбек" бөбекжай-балабақшасы  "Әже өнегесі- ұлттың ұйытқысы ",шебер-сынып;
  • Жаримбетова Гуларай Бакытгерейовна, Әйтеке би ауданы, «Аққайың» мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі "Ойын арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту" шебер-сынып;
  • Аймолдина Сағыныш Сәкенқызы, Ақтөбе қаласы №14 "Қонжық" бөбекжай- балабақшасының тәрбиешісі "Балалардың шығармашылығын ұлттық құндылықтар арқылы дамыту";
  • Нүрмухан Балауса Өтегенқызы, Алға ауданы, «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасының тәрбиешісі  «Атадан өсиет, анадан қасиет», шебер-сынып;
  • Тогузбаева Гульмира Жаксылыковна, Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі  "Ұлттық ою құндылықтар әлемінде";
  • Исабаева Дидар Битимбаевна, Мартук ауданы №6 «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі "Қазақтың ұлттық ою-өрнегі";
  • Нұрғалиева Нұргүл, Темір ауданы, Қызылжар ЖОББ мектебі, мектепалды тобының тәрбиешісі "Ұлттық құндылық негізінде мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру" шебер-сынып;
  • Әлиева Ләззат Аманғалиқызы, Шалқар ауданы №12 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі «Ұлттық тағамдар – денсаулық кепілі» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

   Шеберхана  жұмысы  жаңа идеялар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы ұлттық құндылықтарды дамытуға оң ықпал етеді деген сенімдеміз.

«Мен елімді сүйемін»  облыстық шығармашылық шеберхананың  ІІ отырысында тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасты

2026 жылғы 9 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес Алға ауданы, «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасының тәрбиешісі Косанова Гульмира Сабидуллаевнаның жетекшілігімен облыстық шығармашылық шеберхананың кезекті отырысы Zoom платформасы арқылы қашықтықтан  өткізілді.

Отырысқа облыстық және аудандық білім бөлімінің мамандары және 29-дан астам  балабақша тәрбиешілері қатысты. Теориялық бөлімде Алға ауданының білім бөлімінің әдіскері Уразгалиева Н.К мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық құндылықтарды үйрету, отансүйгіштікке баулу, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүр мен мәдени мұраның маңызын түсіндіру мақсатында  «Ұлттық құндылық-ұрпақ тәрбиесінің негізі» тақырыбында баяндама жасады.      

Тәжірибелік бөлімде шеберхана жетекшісі Алға ауданы «Болашақ» Бестамақ балалар  бақшасының тәрбиешісі Косанова Г.С «Әдемі моншақтар» ұйымдастырылған іс-әрекетімен бөлісіп мәлімет берді. Шеберхана топ мүшелері Шинтасова С.О «Қазақтың байырғы өлшем бірліктері»; Кожина А.А  «Ұлттық ою-өрнектер»; Бекенова Г.Ж  "Ұлттық ойындар алаңында" іскерлік ойын; Мергенова Д.М «Ұлттық мұра-қазынам»; Базаргалиева А.К  «Ұлттық тағамдар»; Шонтыбаева А.Е «Ақ  жолға  жетелеген  әжем...»; Қазыбаева Д.Д  «Өнерлі саусақтар»; Кангелдина А.Н «Ұлттық ойын-тәрбиенің көзі»; Абилова А.Ш  «Төрт түлігім -ырысым»; Елпаш А.Ж «Ұлттық құндылықтарды қимылды ойындар арқылы дамыту» тақырыптарында өз іс-әрекеттерімен бөлісіп, тәжірибелік жұмыстарын презентациялық баяндамалар арқылы ұсынды.

Семинарға қатысушылар ұлттық тәрбиенің балабақша жасындағы балалар үшін маңыздылығын атап өтіп, оны күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолдану жолдарын жетілдіру бағытындағы өз әсерлерімен және тілектерімен бөлісуге мүмкіндік алды.        

 

«Мен елімді сүйемін» облыстық шығармашылық шеберхананың І отырысы өтті

2025 жылғы 7 қарашада Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мен елімді сүйемін» шығармашылық шеберханасының №1 отырысы өткізілді.

Шеберхананың мақсаты – балалардың ұлттық құндылықтар туралы түсінігін кеңейту, туған елінің тарихы мен мәдени мұрасына қызығушылығын арттыру, шығармашылық әрекеттер арқылы отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.

Теориялық бөлімде «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтың маңызы» тақырыбында «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасының меңгерушісі Лаззат Бауржановна Курманова мазмұнды баяндама жасап, ұлттық тәрбиенің бала тұлғасын қалыптастырудағы рөлі жөнінде ой бөлісті.

Шеберхана жетекшісі Гульмира Сабидуллаевна Косанова қатысушылардың өзара жақынырақ танысуына ықпал ету мақсатында «Кел танысайық, әріптес!» атты тренинг ұйымдастырды. Сонымен қатар «Ел ертеңі – жас ұрпақ» тақырыбындағы слайд-презентация арқылы шығармашылық шеберхананың мақсат-міндеттерімен, жұмыс жоспарымен таныстырды.

Тәжірибелік бөлімде «Қолөнер – халықтың қазынасы» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шеберхана жетекшісі Г.С. Косанова педагогтермен бірлесе отырып, қалдық материалдарды (моншақтар, қақпақтар, арқандар, ілгектер мен асықтар) пайдалану арқылы қазақтың ұлттық ою-өрнектері «Құс қанаты» мен «Түйетабан» үлгілерін безендіріп, балалардың денсаулығын нығайтуға арналған денсаулық жолақтарын дайындады. Сондай-ақ қатысушылар ұлттық қолөнердің бірегей түрлерімен танысып, сулы жүн техникасы арқылы «Текемет басу», «Шаш өру», «Шашбау тағу» жұмыстарын орындады. Құрғақ жүнді пайдалану арқылы этностильдегі сәндік панно жасап, оны ұлттық ою-өрнектермен безендірді. Шеберхана мүшесі, «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасының тәрбиешісі Райхан Хорматовна Бурханова қатысушыларға қазақтың ұлттық ойындарының бірі – «Бестемше» ойынын ұйымдастырып, оның тәрбиелік маңызы туралы түсінік берді. Отырыс соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, кері байланыс жүргізілді. Шығармашылық шеберхана барысында ұсынылған тәжірибелер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жұмыстар жоғары бағаланып, қатысушылардың кәсіби тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік жасалды.

 

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT