Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ
Арнайы (түзету) білім беру

Ақтөбеде «Кедергісіз білім беру: кәсіби даярлық, өзекті мәселелер және ата-аналармен тығыз ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2026 жылдың 8 маусым күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Кедергісіз білім беру: кәсіби даярлық, өзекті мәселелер және ата-аналармен тығыз ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Іс-шараның мақсаты – кедергісіз білім беруді жүзеге асырудағы педагогтердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру, білім беру процесіндегі өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыру, сондай-ақ ата-аналармен тиімді серіктестік орнату тетіктерін талқылау.

Дөңгелек үстелдің жұмысын Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Дина Жаманбаева ашып, қатысушыларды іс-шараның маңыздылығымен таныстырды. Өз сөзінде ол өңірде инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, барлық балалар үшін қолжетімді әрі сапалы білім беру ортасын қалыптастырудың өзектілігін атап өтті.

Іс-шара барысында Ақтөбе облысының білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Құлыбекова «Өңірдегі инклюзивті және арнайы білім беру: қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, облыстағы инклюзивті білім беру жүйесінің даму көрсеткіштері мен өзекті мәселелеріне жан-жақты тоқталды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының оқытушысы, нейропсихолог, «Анима» тұлғаны дамыту орталығының басшысы Жайнагуль Консбаева «Инклюзивті ортадағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: тәжірибе және өзекті мәселелер» тақырыбында баяндама жасап, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың тиімді тәсілдері мен практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледж директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы, педагог-шебер Бибігүл  Жамекова «Білімдегі теңдік: Италияның инклюзивті білім беру модельдерін отандық тәжірибеге кіріктіру жолдары» тақырыбында баяндама жасап, шетелдік тәжірибелерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу мүмкіндіктерімен таныстырды.Дөңгелек үстелдің қатысушылары инклюзивті білім беруді дамыту, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сапалы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету және ата-аналармен серіктестікті нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар инклюзивті және арнайы білім беру сапасын арттыруға, білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған бірқатар ұсыныстарын білдірді. Дөңгелек үстел кәсіби тәжірибе алмасу алаңына айналып, инклюзивті білім беруді дамытудағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Өңірлік деңгейде психологиялық-педагогикалық-медициналық консультация, мектептер мен әдістемелік орталықтардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығымен ынтымақтастық аясында «Өңірлік деңгейде психологиялық-педагогикалық-медициналық консультация, мектептер мен әдістемелік орталықтардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру» тақырыбында онлайн форматта өңірлік семинар өткізді.

Семинарға 223 педагог қатысты.

Іс-шараның мақсаты – психологиялық-педагогикалық-медициналық консультациялар, білім беру ұйымдары және әдістемелік орталықтар арасындағы өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру болды. Бұл тәжірибе алмасуды, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдаудың практикалық тәсілдері мен модельдерін ұсынуды, инклюзивті білім беруді жетілдіруді және балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне қолайлы жағдай жасауды көздеді.

Шара аясында спикерлер психологиялық-педагогикалық-медициналық консультациялар, мектептер мен әдістемелік орталықтардың ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдаудағы табысты ынтымақтастық тәжірибелерін таныстырды. Баланың дамуына бағытталған әдістер, логопедиялық және нейропсихологиялық тәсілдер, түзете-дамыту жұмыстары барысында ата-аналармен өзара әрекеттесу стратегиялары қарастырылды. Командалық сүйемелдеу тәжірибесіне, инклюзивті білім беру модельдеріне, сондай-ақ білім сапасын арттырудағы цифрлық құралдар мен инновациялық тәсілдердің рөліне ерекше назар аударылды.

Семинар екі өңір арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, тиімді тәжірибе алмасуға және инклюзивті білім беру саласындағы заманауи бағыттарды дамытуға ықпал етті.

OЗАТ ҰСТАЗ – ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ

2025 жылдың 25 қарашасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Үздік педагог-2015» республикалық байқауының жеңімпазы, Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің сурдопедагогі Жанжигитова Гульмира Молдагереевнаның озық іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылды.

Шараға облыстың 30-ға жуық жас арнайы педагогтері қатысты. Шара аясында тәжірибелі маман «Түзету сабақтарында естімейтін балаларды оқытудың тиімді әдістері» тақырыбында шебер-класс өткізіп, өзінің жұмысындағы заманауи тәсілдермен бөлісті.

Сурдопедагог шебер-класс барысында нейробика элементтерін қолдану, дыбыстарды қою және автоматтандыру әдістері, музыкалық аспаптарды пайдалану, сондай-ақ балалармен жұмыста тактильді-вибрациялық тәсілдерді тиімді пайдалану бойынша практикалық әдістерді көрсетті.

Іс-шара соңында қатысушылар сұрақтар қойып, өзара пікір алмасып, тақырыпқа байланысты кері байланыс берді. Жас педагогтер үшін бұл тәжірибе кәсіби дамуға тың серпін беріп, ерекше білім беруді жетілдіруде маңызды бағыттардың бірі ретінде бағаланды.   2026 жылғы 21 қаңтарда «Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында онлайн шеберлік сыныбында арнайы білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін орта мектептердің дефектолог-мамандарына арналған Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының инклюзивті және арнайы білім беру бөлімінің жылдық жоспары бойынша «Облыстық арнайы мектеп-балабақша» КММ дефектологы Қабақбаев Бағдат Нұрланұлы озық тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты: психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық белсенділігі мен оқу мотивациясын арттыру мақсатында білім беру процесінде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қолдану.
Шара барысында дефектолог-мамандар психикалық дамуы тежелген балалармен жұмыс істеуде қолданылатын заманауи ақпараттық технологиялармен, олардың мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар, Бағдат Нұрланұлы ұсынған практикалық жаттығулар мен әдістемелік материалдар мамандар тарапынан оң бағаланып, тиімді тәжірибе ретінде қабылданды.
Қатысушылар туындаған проблемалар мен оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасып, ұсыныстар білдірді. Онлайн шеберлік сыныбы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, заманауи технологияларды қолдана отырып, білім алушылардың оқу процесіне қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, тәжірибе алмасу жұмысының маңыздылығы атап өтілді.
Шараға 25 педагог қатысты.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мәселелері талқыланды



2026 жылғы 15 қазанда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің тиімділігін арттыру» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел онлайн форматта өтті.Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді тиімді ұйымдастыру, мамандар арасында тәжірибе алмасу және өзара ынтымақтастықты нығайту.Дөңгелек үстелге психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың (ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің (ППТК), мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің мамандары,барлығы  200-ге жуық маман қатысты.Кездесу барысында үйден оқитын балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру, сөйлеу тілін дамыту, баланың даму динамикасын бақылау және эмоционалдық жай-күйін тұрақтандыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар түзету-дамыту жұмыстарының тиімділігін арттыру, әр баланың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, қолдау көрсету жолдары қарастырылды.Дөңгелек үстел аясында Аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мен Мұғалжар аудандық әлеуметтік жәрдем орталығының мамандары мазмұнды баяндамалар жасап, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс барысында кездесетін өзекті мәселелерді ортаға салды. Сала мамандары кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысын жетілдіруге бағытталған тиімді тәсілдерді ұсынды.Кездесу қорытындысында кәсіби ынтымақтастықты нығайту, түзету-дамыту жұмыстарының сапасын арттыру және балалардың жеке қажеттіліктеріне бағытталған қолдау жүйесін жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.Облыстық дөңгелек үстел қатысушылар үшін пайдалы тәжірибе алмасу алаңына айналып, кәсіби білімдерін жетілдіруге және өзекті мәселелерді бірлесе шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді. Іс-шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуетін дамытуға, сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

«ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ ДАМУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

2026 жылғы 30 қазанда балабақша тәрбиешілеріне арналған «Психикалық дамуы тежелген балалардың сенсорлық дамуы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинардың мақсаты – психикалық дамуы тежелген балалардың сенсорлық даму ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қоршаған ортаны қабылдау, түстерді, пішіндерді, көлемді ажырату, ұсақ моторикасын, зейінін және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді педагогикалық тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету, тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Іс-шара барысында облыстық арнайы мектеп-балабақшасының тәрбиешісі Воробьёва Елена Геннадьевна сенсорлық дамыту бағытындағы педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға әдістемелік және практикалық жұмыстар ұсынды.     Семинар аясында ұйымдастырылған көрме мен таныстырылымдар арқылы сенсорлық ойындардың балалардың қоршаған ортаны тануына, заттардың қасиеттерін ажыратуына және қабылдау қабілеттерін жетілдіруге ықпалы көрсетілді.

Практикалық бөлімде педагогтер сенсорлық ойындарды ұйымдастырудың тиімді жолдарымен танысып, балалардың жас және жеке даму ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды іріктеу, дидактикалық материалдарды орынды пайдалану және ойын арқылы оқыту әдістерін тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін зерделеді. Мұндай жұмыстар балалардың түстерді, пішіндерді, көлемді және кеңістіктік қатынастарды ажырату дағдыларын қалыптастыруға, ұсақ моторикасын, зейінін, есте сақтауын және логикалық ойлауын дамытуға бағытталған.

Іс-шараның қорытынды кезеңінде қатысушылар семинардан алған әсерлері мен түйген ойларын ортаға салып, күнделікті педагогикалық қызметте қолдануға болатын тиімді әдіс-тәсілдерді саралады. Кері байланыс барысында сенсорлық ойындардың балалардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың танымдық және психомоторлық дамуын қолдаудағы маңыздылығы атап өтілді.Іс-шара арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуетін ашуға, олардың қоршаған ортамен белсенді әрекеттесуіне жағдай жасауға және мектепке дейінгі білім беру сапасын жетілдіруге ықпал етті.

Инклюзивті білім беру бойынша жалпы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Үздік сабақ» сырттай байқауы өтті

 

2026 жылғы 6 қазан күні облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «КӘСІБИ ӘЛЕУЕТ. ЖАҢА МҮМКІНДІК. ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІК» жобасының аясында жалпы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Үздік сабақ» сырттай байқауы өткізілді.

Байқау педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, заманауи білім беру талаптарына сәйкес сапалы әрі тиімді сабақ үлгілерін анықтауға, инклюзивті білім беру жағдайындағы үздік педагогикалық тәжірибені жинақтап, таратуға бағытталды.

Байқау педагогтердің кәсіби даму бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, инклюзивті білім беру жағдайында тиімді оқыту тәжірибесін жетілдіруді, білім беру үдерісіне инновациялық әдіс-тәсілдер мен заманауи педагогикалық технологияларды енгізуді, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуды және кәсіби тәжірибесін насихаттауды мақсат етті.

Сырттай байқау аясында қатысушылар қазылар алқасының қарауына инклюзивті білім беру қағидаттарына сәйкес әзірленген авторлық сабақ әзірлемелерін ұсынды. Байқау материалдарында оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері, инновациялық педагогикалық технологиялардың тиімді қолданылуы, білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескеру және сабақтың практикалық маңыздылығы көрініс тапты.

Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды мазмұнының сапасы, әдістемелік деңгейі, инновациялық тәсілдерді қолдануы, білім беру үдерісінің тиімділігі және практикалық құндылығы бойынша жан-жақты бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Іс-шара педагогтердің кәсіби тәжірибесін жинақтауға, үздік педагогикалық тәжірибені кеңінен таратуға және инклюзивті білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша:

«Үздік сабақ» номинациясы бойынша:

  • І орын –Рыскулова Ақгүл Баяхметқызы,Ақтөбе қаласы,№10 ЖББОМ
  • І орын-Калиева Манат Шайхеевна,Ақтөбе қаласы,№55 орта мектеп-гимназиясы
  • ІІ орын – Сырлыбаева Гүлбаршын,Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебі
  • ІІ орын-Дәулетқалиқызы Жайдарман,Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебі
  • ІІ орын-Мұратова Фариза Мұхамбетқызы,Темір ауданы,Шұбарқұдық №2 қазақ-орыс ЖОББМ
  • ІІІ орын – Ахметова Менсулу Абишевна, Темір ауданы,Шұбарқұдық №2 қазақ-орыс ЖОББМ
  • ІІІ орын –Шыблаева Альмира Фаргатовна, Темір ауданы,Шұбарши ЖОББМ
  • ІІІ орын – Нугманова Шолпан Сериковна Темір ауданы,Шұбарқұдық №2 қазақ-орыс ЖОББМ
  • «Инклюзивті білім берудегі үздік тәжірибе» номинациясы бойынша: Умбетова Гулжанар Мараловна-Хиуаз Доспанова атындағы №14 ОМ
  • «Заманауи білім беру технологиясы» номинациясы бойынша:  Султанова Гульназ Кунакбаевна-Хромтау ауданы, Бөгетсай мектеп-гимназиясы
  • «Үздік педагогикалық рефлексия» номинациясы бойынша:Нуржанова Жанар Кадирбаевна-№3 Хромтау орта мектебі,Ахметова Салтанат Сабитовна-Мұғалжар ауданы,Темір стансасындағы №59 негізгі мектебі

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Оларға кәсіби қызметтерінде шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және жаңа белестер тілейміз!

 


Инклюзивті білім беру


Инклюзивті және арнайы білім беру: кедергілерсіз орта құру жолдары 2026 жылдың 13 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес №24 Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда арнайы білім беру ұйымдары мен аудандық (қалалық) жалпы білім беретін орта мектептердің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтеріне арналған «Инклюзивті және арнайы білім беру: кедергілерсіз орта құру жолдары» тақырыбында BarCamp (ашық алаң) форматындағы іс-шара өткізілді.Аталған іс-шараның мақсаты – педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау, инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және тиімді әдіс-тәсілдерді ортаға салу болды.BarCamp барысында қатысушылар топтарға бөлініп, келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізді: 1-топ: «Инклюзивті білім берудегі мұғалімнің рөлі»2-топ: «Кедергілерсіз білім беру ортасы»3-топ: «Ата-ана мен мектеп серіктестігі»Әр топ өз тақырыптары аясында ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісіп, нәтижесінде топтық презентациялар ұсынды.Іс-шара барысында BarCamp форматына сай түрлі тренинг тапсырмалары орындалып, қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында қызықты Ice-breaker ойындары ұйымдастырылды. Жалпы саны 10 тренингтік ойын өткізіліп, педагогтердің өзара қарым-қатынасын нығайтуға және еркін пікір алмасуына жағдай жасалды.Сонымен қатар, ашық пікірталас алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар инклюзивті білім берудегі кедергілер мен оларды шешу жолдарын талқылады. Іс-шара соңында мұғалімдерге арналған сауалнама жүргізіліп, олардың ұсыныс-пікірлері жинақталды.Аталған BarCamp педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, инклюзивті және арнайы білім беруде кедергілерсіз орта қалыптастыруға бағытталған тиімді алаң болды.Шараға 25 педагог қатысты. 2026 жылдың 10 сәуір күні  сағат 10.00-де Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес  №19 орта мектебінде  аудандық (қалалық) жалпы білім беретін орта мектептердің педагог-ассистенттеріне арналған «Инклюзивті білім беру жағдайында педагог-ассистенттің кәсіби рөлі»  тақырыбында семинар-практикум өткізілді.Шараның мақсаты – педагог-ассистенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.Семинар-практикумде Ақтөбе қалалық №19 орта мектебінің педагогтері  өз іс-тәжірибелерімен бөліскен баяндамашылар: Акалка Кенесовна Абубакирова –директордың оқі-ісі жөніндегі орынбасары,  Гульмира Миржановна Доскина- педагог-ассистент, Жанель Мұратқызы Арыстанова -психолог.Семинар барысында қатысушылар:педагог-ассистенттің функционалдық міндеттерімен;инклюзивті білім берудің заманауи тәсілдерімен;білім алушыларды қолдаудың тиімді стратегияларымен танысты;практикалық жаттығулар арқылы нақты жағдайларды талдап, шешу жолдарын қарастырды.Қатысушылар ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгерді. Инклюзивті білім беру жағдайында педагог-ассистенттің рөлі мен жауапкершілігі жан-жақты талқыланды.Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандары мен педагогтер арасындағы кешенді, үйлесімді командалық өзара іс-қимыл ғана ерекше білім беруді қажет ететін балалардың табысты бейімделуіне мүмкіндік береді. Осындай бірлескен жұмыс нәтижесінде білім алушылар үшін қолайлы, қауіпсіз және қолжетімді инклюзивті білім беру ортасы қалыптасады.Мұндай орта балалардың өзін-өзі күту, өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамытуға, әлеуметтік ортаға бейімделуіне, еңбекке араласуына және болашақта қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасайды.Іс-шара аясында топтық жұмыстар, кейс-талдау, пікір алмасу алаңдары және шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті кәсіби сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ практикалық дағдыларын жетілдірді.Семинар-практикум педагог-ассистенттердің кәсіби дамуына серпін беріп, инклюзивті білім беру жағдайында сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды әрі тиімді алаң болды. 2024 жылғы 11 желтоқсанда Ақтөбе қаласында «Инклюзивті білім: мүмкіндіктер мен практика» өңірлік ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысы өтті.Конференцияның басты мақсаты - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қолжетімді және сапалы білім алуы үшін мүмкіндіктерді кеңейту.Отырыс барысында Қазақстанда инклюзивті қоғамды қалыптастырудың негізгі бағыттары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудағы отбасы мен мектеп ынтымақтастығының рөлі, АВА-терапияның (Applied Behavior Analysis - қолданбалы мінез-құлық талдауы) маңызы, сондай-ақ инновациялық әдістердің балалардың дамуына әсері талқыланды.Іс-шараға Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан, Атырау және Маңғыстау облыстарының білім беру ұйымдарының басшылары, педагог қызметкерлер, ҮЕҰ өкілдері, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ұйымдарының басшылары мен әдіскерлері қатысты.Конференция соңында қатысушылар инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту бойынша жаңа идеялар мен нақты шешімдер ұсынды. 2026 жылғы 11 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Астана қаласының Әдістемелік орталығымен бірлесіп арнайы білім беру ұйымдары мен аудандық (қалалық) жалпы білім беретін орта мектептердің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтеріне арналған  «Инклюзивті білім беруді құжаттамалық сүйемелдеу: нормативтік құқықтық актілер талаптары және білім беру ұйымдарының жиі кездесетін қателіктері»тақырыбында онлайн форматта облыстық семинар өткізді. Семинарға 241 педагог қатысты. Іс-шараның мақсаты – инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және құжаттамалық сүйемелдеу бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру, білім беру ұйымдарында құжаттарды рәсімдеуде жиі кездесетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың тиімді жолдарын ұсыну.Шара барысында инклюзивті білім беруді дамытуға және білім алушыларға тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда, «Мектептегі инклюзивті мәдениет: тең мүмкіндіктерге жол», «Инклюзивті білім беруді құжаттамалық сүйемелдеу: міндетті құжаттардың тізбесі, оларды рәсімдеу тәртібі», «Inclusive Education: нормативтік құқықтық актілердің өзекті талаптары және соңғы өзгерістер» тақырыптары бойынша ақпараттар ұсынылды.Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында жиі кездесетін құжаттамалық қателіктерге талдау жасалып, оларды болдырмау бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланып, қолдау көрсетудің негізгі бағыттары мен тетіктері түсіндірілді.Семинардың маңызды бағыттарының бірі – оқытудың әмбебап дизайны (UDL) болды. Қатысушыларға әрбір білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу ортасын барынша қолжетімді және икемді ұйымдастырудың тиімді тәсілдері таныстырылды.Семинар барысында теориялық ақпараттар практикалық мысалдармен ұштастырылып, қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру ұйымдарында инклюзивті ортаны қалыптастыруға бағытталған ұсынымдар берілді.Өңірлер арасындағы кәсіби диалогты нығайтуға бағытталған семинар тәжірибе алмасуға, озық әдістерді зерделеуге және инклюзивті білім беруді одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер қалыптастырды.

 

Joomla Plugins

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT