Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

«Жасыл балабақша», «ІТ- балабақша» жобаларын масштабтау туралы

Ақтөбе облысында «Жасыл балабақша» жобасы аясындағы жұмыс тобының құрамы

Ақтөбе облысы бойынша 2026 жылға арналған «ЖАСЫЛ БАЛАБАҚША» жобасының жұмыс жоспары

«Жасыл  балабақша» экологиялық пилоттық жобасы

Ақтөбе облысының  білім басқармасының  2024 жылдың 17 мамырындағы № 201 бұйрығы негізінде «Жасыл  балабақша» пилоттық жобасы бекітілді. 

2024 жылдың 1 маусымынан бастап жоба жұмысын бастады.

Жобаның мақсаты:

Болашақта табиғатты қорғайтын экологиялық тұрғыдан сауатты ұрпақты тәрбиелеу.

Жобаның міндеттері:

1.Балабақша кеңістігін ұйымдастыруда экологиялық және эстетикалық көзқарасты сақтау және материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету.

2.Балалардың ізденушілік іс-әрекетінің алғышарттарын қалыптастыру, іздену дағдыларын жетілдіру.

3.Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатқа саналы түрде дұрыс қатынасының бастапқы шарты болып табылатын экологиялық сипаттағы базалық білімдерді қалыптастыру.

4.Балаларды экологиялық тәрбиелеудің педагогикалық үдерісіне ата-аналардың белсенді қатысуына ықпал ету.

5.Балалар мен ата-аналардың туған өлкенің табиғаты туралы білімдерін молайту.

6.Табиғаттағы еңбек процесінде, сондай-ақ осы жоба аясындағы басқа да бірлескен іс-шаралар барысында бірлескен іс-шаралар арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ету.

Жобаға қатысушылар: №7«Арман» бөбекжай-балабақшасының педагогтері, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары.

Іске асыру мерзімі: маусым 2024ж. - маусым 2026ж.

Жобаның ұзақтығы: ұзақ мерзімді.

2025-2026 оқу жылында Ақтөбе қаласы және аудандардың 15 балабақшасында  «Жасыл  балабақша» пилоттық жобасы жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

 

«Жасыл балабақша» облыстық жобасы аясында «Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық бағыттағы  инновациялық тәжірибелерді тарату» тақырыбында облыстық қорытынды семинар-практикум өтті

2026 жылғы 26 мамырда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша» облыстық жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы №7 «Арман» бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық бағыттағы инновациялық тәжірибелерді тарату» тақырыбында облыстық қорытынды семинар-практикум өтті.

Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің экологиялық тәрбие беру бағытындағы заманауи инновациялық тәжірибелерімен алмасуға жағдай жасау, балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді насихаттау және оларды тәжірибеге енгізу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинар бағдарламасы мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған түрде ұйымдастырылып, «Балабақшадағы жасыл технологиялар: тәжірибе және нәтиже», «Природа через арттерапию в зимнем саду с детьми предшкольной группы», «Экскурсия по метеостанции», «Плодовая стена», «Қалдық материалдармен ойын және қолөнер», «Тәжірибе алаңы», «Ормандағы оқиға», «Спор лекарственных трав» сияқты тақырыптар аясында экологиялық тәрбиенің заманауи бағыттары кеңінен көрсетілді.

Жұмыс барысында балалардың табиғатты тануға деген қызығушылығын арттыруға, зерттеушілік қабілетін дамытуға және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған арт-терапиялық, тәжірибелік, ойын және театрландырылған әдістер тиімді қолданылды. Метеостанция арқылы бақылау, жеміс өсіру технологиялары, қалдық материалдармен шығармашылық жұмыс және табиғат тақырыбындағы қойылымдар арқылы балалардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдылары қалыптасты.

Семинар барысында «Жасыл балабақша» пилоттық жобасы бойынша атқарылған жұмыстарға есеп беріліп, жобаның нәтижелерімен, тиімді тәжірибелерімен бөлісті. Жобаны іске асыру барысында балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі артып, экологиялық мәдениеті қалыптасқаны атап өтілді.

Семинар мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық бағыттағы инновациялық тәжірибелерді таратуға, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік болады.

 

Орындаған:  А. Искендирова Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, м.п.н.

«Жасыл балабақша» жобасы аясында «Green skills: болашақ ұрпаққа қажетті дағдылар» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2026 жылғы 25 мамырда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Жасыл балабақша» жобасы аясында Хромтау ауданындағы      №6 «Ақкөгершін» бөбекжай-балабақшасында «Green skills: болашақ ұрпаққа қажетті дағдылар» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинардың басты мақсаты – педагогтердің экологиялық мәдениетін жетілдіру, өскелең ұрпаққа табиғатты аялау және ресурстарды ұтымды пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «жасыл дағдыларды» меңгертудің тиімді жолдарын насихаттау, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбиенің заманауи әдістерін тәжірибеде кеңінен қолдану болды.

Іс-шара барысында қатысушылар экологиялық білім беруге бағытталған инновациялық орталықтармен және дамытушы кеңістіктермен танысты. Атап айтқанда, «Эко Lab» кабинеті, «Табиғат әлемі» тақырыбында безендірілген танымдық дәліз және бау-бақша аймағы педагогтердің ерекше қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар қалдық материалдардан жасалған бұйымдар көрмесі ұсынылып, балалардың шығармашылық және экологиялық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жұмыстар көрсетілді.

Семинар аясында «Жасыл балабақша тапқырлары» экологиялық квест ойыны ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігі мен экологиялық білімін арттыруға ықпал етті. Бұдан бөлек, балалардың танымдық қабілетін дамытуға бағытталған «Алтын дәннен, ақ нанға дейін» ұйымдастырылған іс-әрекеті, табиғат құбылыстарын көркем түрде танытқан «Көктеммен бірге келген көбелектер» кіріктірілген іс-әрекеті және экологиялық мазмұндағы «Жасыл әлем әуені» театрландырылған музыкалық қойылымы жоғары деңгейде ұсынылды.

Жалпы алғанда, семинар экологиялық білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді көрсеткен, педагогтердің кәсіби тәжірибесін арттыруға және шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік берген мазмұнды әдістемелік алаң болды.

 

Орындаған: А.А.Искендирова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының  әдіскері, п.ғ.м.

 

«Жасыл балабақша» жобасы аясында «Жасыл балабақша – мұнайлы өлкеде» тақырыбында семинар өтті

2026 жылғы 20 мамырда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, «Жасыл балабақша» облыстық жобасына
сәйкес Темір ауданындағы «Зере» бөбекжай-бақшасында «Жасыл балабақша – мұнайлы өлкеде» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің экологиялық тәрбие беру бағытындағы кәсіби тәжірибесін жетілдіру, заманауи әдіс-тәсілдерді насихаттау және балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Іс-шара барысында қатысушыларға өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдары ұсынылып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, табиғатты қорғау және экологиялық сауатты мінез-құлық қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Мұнайлы өңірдің табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, экологиялық тәрбиені ұлттық құндылықтармен ұштастыру бағытындағы тәжірибелер ортаға салынды.

Іс-шара барысында мұнайлы өңірдің ерекшелігі мен табиғатты қорғау идеяларын ұштастырған «Мұнай – байлық, табиғат – аманат» атты танымдық таныстырылым ұсынылды. «Қара алтынның құпиясы» ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы балаларға өндіріс пен табиғат арасындағы байланыс қарапайым әрі түсінікті түрде көрсетілді. Сонымен қатар «Ойла – Жаса – Зертте» шеберлік сыныбында педагогтерге зерттеушілік және тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді жолдары көрсетілді. «Жасыл бақша – үміт дәні» экологиялық шолу барысында табиғатты аялау мен өсімдіктерді күтіп-баптаудың тәрбиелік мәні ашылды. «Табиғатты қорғайтын еңбекқор аралар» ұйымдастырылған іс-әрекеті балалардың еңбекке баулу және табиғатқа қамқорлық сезімін дамытуға бағытталды. «Шығармашыл бала – жасыл болашақ» жұмысы арқылы балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударылды. Ал «Метео аялдама – табиғатты тану алаңы» экологиялық квесті мен «Мен табиғаттың бір бөлшегімін» тренингі балалардың табиғат құбылыстарын тануына, экологиялық түсінігін кеңейтуге және өзін табиғатпен байланысты сезінуге ықпал етті. Аталған жұмыстар балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, экологиялық түсініктерін кеңейтуге және табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін мазмұнды әдістемелік алаң болды.

Орындаған: А. Искендирова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, м.п.н.

 

«Жасыл балабақша» жобасы аясында «Біз табиғатты қорғаймыз»  тақырыбында облыстық семинар өтті

2026 жылғы 19 мамырда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Шалқар ауданындағы «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасында «Біз табиғатты қорғаймыз» тақырыбында облыстық семинары ұйымдастырылды.            Іс-шара «Жасыл балабақша» облыстық жобасы аясында өткізіліп, мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Семинардың мақсаты – педагогтердің экологиялық білім беру саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы балалардың табиғатқа сүйіспеншілігін қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту.

Іс-шара барысында экологиялық тәрбие берудің заманауи бағыттары кеңінен талқыланып, педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушыларға балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған экологиялық квесттер, зерттеушілік жұмыстар, ойын технологиялары мен цифрлық ресурстарды қолданудың тиімді жолдары таныстырылды.

Семинар аясында «Музыкалық сәлемдеме» би қойылымы ұсынылып, «Жасыл балабақша» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды. Сонымен қатар «Гүлдер шеруі» көрмесі ұйымдастырылып, «Орман достары және көрінбейтін жау» атты экологиялық қойылым көрсетілді. Қатысушылар «Із кесушілер» экологиялық квестіне қатысып, «Кинусайга әлеміне саяхат» тақырыбындағы жапондық техника бойынша шеберлік сағатына куә болды. Сондай-ақ «Су – тіршілік көзі» зерттеу жұмыстары мен «Қалдық заттарға жаңа өмір сыйла» тақырыбындағы шебер-класс көпшілік қызығушылығын арттырды.

Семинар барысында мектепке дейінгі жастағы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау және қоршаған ортаға саналы көзқарас қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, педагогтер үшін тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті жетілдіруге мүмкіндік берген мазмұнды әдістемелік алаң болды.

Орындаған:  А. Искендирова Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, м.п.н.

 

«Жасыл  балабақша» жобасы аясында «Балабақшадағы экологиялық тәрбие берудің жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті

2026 жылғы 18 мамырда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша» облыстық жобасы аясында Мәртөк ауданындағы №2 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы базасында «Балабақшадағы экологиялық тәрбие берудің жолдары» тақырыбында облыстық                    семинар-практикум өтті.

Іс-шараның мақсаты – педагогтердің экологиялық тәрбие беру саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, балалармен жұмыс барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Іс-шара барысында балабақша аумағындағы жылыжайдың ашылу салтанаты ұйымдастырылып, қатысушылар көкөніс өсіру жұмыстарының барысымен танысты.

Семинар аясында педагогтер «Табиғат әуендері», «Көкөністер – біздің досымыз», «Жас экологтар», «Жасыл әлем – табиғат байлығы!», «Мен табиғаттың бір бөлшегімін» тақырыптарында ұйымдастырылған оқу қызметтері мен шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Қатысушылар экологиялық квесттер, ойын технологиялары, зерттеушілік іс-әрекеттер және цифрлық ресурстарды қолдану бағытындағы инновациялық тәжірибелермен танысты. Сонымен қатар балалар мен ата-аналарды экологиялық іс-шараларға тартудың тиімді практикалық жолдары көрсетілді. Балаларға экологиялық тәрбие берудің заманауи тәсілдері талқыланып, өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау және қоршаған ортаға саналы көзқарас қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қойылған мақсат-міндеттер өз деңгейінде жүзеге асырылды.

Орындаған:  А. Искендирова Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, м.п.н.

 

«Экологиялық тәрбие беру бойынша инновациялық  әдістер мен жұмыс формалары» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті

2026 жылғы 30 сәуірде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша» облыстық жобасы аясында Қарғалы ауданындағы «Балапан» мектепке дейінгі ұйымында «Экологиялық тәрбие беру бойынша инновациялық әдістер мен жұмыс формалары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинарда мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық білім беруде тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибелерімен бөлісу мақсаты көзделді.

Шара аясында «Ормандағы оқиға», «Бізді орман шақырады», «Кішкентай зерттеушілер», «Табиғатты бірге қорғайық!», «Жасанды интеллект арқылы жасыл балабақша: болашаққа экобілім беру», «Эко-шеберхана» тақырыптарында тәрбиешілердің дайындаған жұмыстарды көрсетілді.

Қатысушылар экологиялық квесттер, ойын технологиялары, зерттеу жұмыстары және балалардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, зерттеу жұмыстарын дамытуға және табиғатқа қамқорлық жасауға бағытталған цифрлық ресурстарды пайдалану сияқты инновациялық әдістермен танысты.    

Шара барысында балаларға экологиялық тәрбие берудің заманауи тәсілдері қарастырылып, өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортада саналы мінез-құлық қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Орындаған:А. Искендирова Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, м.п.н.

 

«Жасыл әлемге алғашқы қадам: мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие  берудің  жүйелігін арттыру» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті

2026 жылғы 29 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша» облыстық жобасы аясында Әйтеке би ауданы «Ақбөбек» мектепке дейінгі ұйымында «Жасыл әлемге алғашқы қадам: мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие  берудің жүйелігін арттыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Іс-шарада педагогтердің экологиялық тәрбие беру саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, балалармен жұмыс барысында инновациялық әдістер мен формаларды таныстыру және енгізу арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсаты көзделді.

Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.

Шараны Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі А.А.Искендирова ашып, облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан жобаның маңыздылығына тоқталды.

Семинар «Көңілді жапырақтар» музыкалық сәлемдемесімен басталып, «Кішкентай тұқымның ең үлкен арманы» ертегісімен жалғасын тапты. Сондай-ақ, «Ғажайып зертхана», «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла», «Сиқырлы аспаптар», «Мандала мен жіп өнері арқылы ішкі үйлесім»,  «Гидропоника әлемі» Топырақсыз өсімдік өсіру», «Мереке», «Дәрумендік өсімдіктер патшалығында», «Табиғаттағы ойындар», «Эко бақша  Бидайдан тоқашқа дейін»  тақырыбында тәрбиешілердің дайындаған   жұмыстары  көрсетілді.

Қатысушылар экологиялық квесттер, ойын технологиялары, зерттеушілік іс-әрекет, сондай-ақ цифрлық ресурстарды пайдалану сияқты инновациялық әдістермен танысты.

Балалар мен ата-аналарды экологиялық іс-шараларға белсенді тартуға бағытталған практикалық жұмыс түрлеріне де ерекше назар аударылды.

Орындаған:А. Искендирова Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, м.п.н.

 

«Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы және дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2026 жылғы 24 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша» облыстық жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы №20 «Дидар» балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы және дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие жұмысын жүйелі түрде жүзеге асыру, оны жандандыру және озық педагогикалық тәжірибелермен алмасу. Семинарға облыста «Жасыл балабақша» жобасы аясында жұмыс жүргізіп отырған тірек балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері онлайн және офлайн форматта қатысты.

Балабақша меңгерушісі Д.Т. Туребаева «Жасыл балабақша» жобасының мекеме деңгейінде іске асырылу барысы мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы тірек балабақша болып саналатын №20 «Дидар» балабақшасының педагогтері «Зеленый марафон», «Эко-десант», «ЭКО ертегі» атты экологиялық қойылымдарын ұсынды.

Сондай-ақ №22 «Балдырған», №41 «Назерке», №44 «Тұлпар» және №39 «Достық» бөбекжай-балабақшаларының педагогтері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған семинар педагогтер үшін тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыс орнатуға және экологиялық тәрбие бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге зор мүмкіндік берді.

Орындаған: А.Искендирова, бөлім әдіскері, п.ғ.м.

 

 

«Таза орта-салауатты ұрпақ» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2026 жылы 30 наурызда Ырғыз ауданы «Балдырған» бөбекжай - бақшасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша» облыстық жобасы аясында «Таза орта-салауатты ұрпақ» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие жұмыстарын жандандыру, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және педагогтердің озық тәжірибелерімен алмасуына мүмкіндік жасау. Шараға облыс бойынша «Жасыл балабақша» жобасы аясында жұмыс жүргізіп отырған мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

Семинар барысында ертегі желісімен құрылған «Жасыл театр» қойылымы ұсынылып, табиғат кейіпкерлері арқылы қоршаған ортаны қорғау идеялары көрініс тапты. Сонымен қатар тәжірибелік зерттеу жұмыстары, экологиялық квест, ойын түріндегі іс-әрекеттер және қалдық заттардан жасалған экошеберхана шеберлік сабағы көрсетілді.

Іс-шара барысында жасыл бақта гүлдерді күтіп-баптау, сумен тәжірибе жасау жұмыстары таныстырылып, резерват қызметкері ата-ананың қатысуымен табиғатты қорғау бағытындағы бірлескен жұмыстар көрсетілді.

Семинар педагогтер үшін тәжірибе алмасуға және экологиялық тәрбие бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге мүмкіндік берді.

Орындаған: А.Искендирова, бөлім меңгерушісі, п.ғ.м.

«Табиғат - біздің досымыз» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2026 жылғы 27 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша» облыстық жобасы аясында Мұғалжар  ауданы «Достық» бөбекжай-балабақшасында «Табиғат - біздің досымыз» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие жұмысын жүзеге асыру, оны жандандыру және озық педагогикалық тәжірибелермен алмасу мақсатында өткен шараға облыстағы «Жасыл балабақша» жобасы бойынша жұмыс жүргізіп отырған тірек балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері онлайн қатысты.

 «Достық» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі А.У.Кулумшина «Жасыл балабақша» жобасының балабақшада іске асырылу барысы мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы мазмұнды баяндама жасады.

Шара барысында балабақша педагогтері «Терезе алдындағы жасыл әлем», «Жас метеоролог»,  «Жалбыз -хош иісті дәрілік өсімдік», «Табиғат - біздің досымыз»,   «Үй жағдайында микро-зелень өсіру», «Жасыл балабақша жобасы аясында ата-аналармен жұмыс» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар педагогтер үшін тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыс орнатуға және экологиялық тәрбие бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді.

Орындаған: А.Искендирова, бөлім меңгерушісі, п.ғ.м.

 

«Жасыл балабақша» жобасы аясында «Балабақшадағы экологиялық тәрбие: тәжірибе мен тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2026 жылғы 27 ақпанда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Жасыл балабақша» жобасы аясында Ойыл ауданындағы «Балдырған» бөбекжай-балабақшасында «Балабақшадағы экологиялық тәрбие: тәжірибе мен тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбиені жүзеге асырудың тиімді тәжірибелерін тарату, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және балалардың табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдерді насихаттау болды.

Семинар барысында қатысушыларға экологиялық білім берудегі озық тәжірибелер ұсынылып, тәрбиеленушілердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруда ойын технологияларын тиімді қолдану жолдары көрсетілді. Сонымен қатар табиғатқа сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылып, балалардың зерттеушілік және танымдық қабілеттерін дамытуға арналған әдістер таныстырылды. Педагогтердің экологиялық санасын қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған тренингтер өткізіліп, тәжірибелік тапсырмалар орындалды.

Семинар аясында STEM технологияларын пайдалану арқылы балалардың зерттеушілік, тәжірибелік және шығармашылық дағдыларын дамыту жолдары көрсетіліп, ата-аналармен бірлескен жұмыстың тиімді үлгілері ұсынылды. Сондай-ақ эксперименттік жұмыс нәтижелері таныстырылып, «Жасыл балабақша» жағдайында педагогтердің экологиялық құзыреттілігін арттыру, экологиялық құндылықтарды тәрбие мен оқыту үдерісіне кіріктіру бағытындағы жұмыстармен бөлісті.

 

Орындаған: А.А.Искендирова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, п.ғ.м

«Жасыл орта- жарқын болашақ: Ерте жастан табиғатты сүюге тәрбиелеу» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2026 жылғы 20 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша» облыстық жобасы аясында Қобда ауданы «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасында «Жасыл орта-жарқын болашақ: Ерте жастан табиғатты сүюге тәрбиелеу» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Шара балалардың табиғатпен үйлесімді өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, сақтау және оған қамқорлық жасау мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарға «Жасыл балабақша» жобасы бойынша жұмыс жүргізіп отырған балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.

Шараның ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі А.А.Искендирова алғы сөз сөйлеп, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан жобаның маңыздылығына тоқталды.     

 «Жасыл балабақша» жобасы аясында балабақшада жүргізіліп жатқан жұмыстардың  бағыттары туралы әдіскер З.Б.Карасаева атап өтті.  

Семинар барысында тәрбиешілер «Табиғаттан нәр аламыз», «Жасыл зертхана», «Табиғаттың ғажайып әлемі», «Эко балабақша: кішкентай қадам – үлкен өзгеріс», «ЖИ меңгеруді үйренейік», «Қайта өңдеу – ғажайып өзгеріс», «Табиғат сыйы: дәруменге бай шөп шайлары», «Бір дәннен – бір өмір тіршілігі»  тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Педагогтер балалармен жүргізілген тәжірибелік жұмыстарды көрсетіп, табиғатты бақылау, өсімдік егу, күтіп-баптау, қайта өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын таныстырды. Ұсынылған жұмыстар балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Семинар соңында қатысушылар экологиялық тәрбиені ерте жастан қалыптастырудың маңызы зор екенін атап өтіп, тәжірибе алмасудың тиімділігін жоғары бағалады.

 

Орындаған: А.Искендирова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі п.ғ.м.

 

«Жасыл балабақша-тұрақты даму жолындағы алғашқы қадам» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2026 жылғы 13 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша» облыстық жобасы аясында Ақтөбе қаласы №20 «Дидар» балабақшасында «Жасыл балабақша-тұрақты даму жолындағы алғашқы қадам» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие жұмысын жүзеге асыру, оны жандандыру және озық педагогикалық тәжірибелермен алмасу мақсатында өткен шараға облыстағы «Жасыл балабақша» жобасы бойынша жұмыс жүргізіп отырған тірек балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері онлайн және офлайн қатысты.

   Балабақша меңгерушісі Д.Т.Туребаева  «Жасыл балабақша» жобасының мекеме деңгейінде іске асырылу барысы мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы мазмұнды баяндама жасады.

Ақтөбе қаласы бойынша «Жасыл балабақша» жобасының тірек   болып саналатын №20«Дидар» балабақшасының педагогтері «ЭКО зерттеушілер», «Жасыл дәріхана», «Орманға көмек берейік» экологиялық қойылым, «Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық іс-әрекетінде эко-музыка», «Табиғат-Жер ана», «Балабақшада эко бағыттағы арт-терапия әдістерін қолдану»  тақырыптарында өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар педагогтер үшін тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыс орнатуға және экологиялық тәрбие бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді.

Орындаған: А.Искендирова, бөлім меңгерушісі, п.ғ.м.

 

«Жасыл балабақшадан – адал болашаққа» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2026 жылғы 30 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша» облыстық жобасы аясында Қобда ауданы «Балдырған» бөбекжай-балабақшасында «Жасыл балабақшадан – адал болашаққа» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие жұмысын жүзеге асыру, оны жандандыру және озық педагогикалық тәжірибелермен алмасу мақсатында өткен шараға облыстағы «Жасыл балабақша» жобасы бойынша жұмыс жүргізіп отырған тірек балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері онлайн қатысты.

   Балабақша әдіскері Ж.А.Искалиева «Жасыл балабақша» жобасының мекеме деңгейінде іске асырылу барысы мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы мазмұнды баяндама жасады.

Қобда ауданы бойынша «Жасыл балабақша» жобасының өсу нүктесі болып саналатын «Балдырған» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері «Табиғатты сүйген – адал азамат», «Көңілді орта», «Педагог – адалдық пен экологиялық мәдениеттің үлгісі», «Орманға көмек берейік» экологиялық қойылымы (ата-аналармен жұмыс), «Chrome Music Lab» музыкалық лабораториясы тақырыптарында өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар педагогтер үшін тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыс орнатуға және экологиялық тәрбие бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді.

Орындаған: А.Искендирова, бөлім әдіскері, п.ғ.м.

 

«Жасыл балабақша жобасының тиімділігі және оны іске асыру жолдары» облыстық семинар-практикум өтті

2026 жылғы 26 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша» облыстық жоба аясында «Жасыл балабақша жобасының тиімділігі және оны іске асыру жолдары» тақырыбында Байғанин ауданы «Рауан» бөбекжай-балабақшасының базасында  семинар-практикум өтті.

Семинар мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие жұмысын жүзеге асыру, жандандыру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Шараға аудандардағы «Жасыл балабақша» жобасымен жұмыстанатын тірек балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.

Шараның ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері, п.ғ.м. А.Искендирова алғы сөз сөйлеп, семинардың, жалпы облыста жүргізіліп жатқан жобаның маңыздылығына тоқталды. Балабақша әдіскері Г.Исмайлова  «Жасыл балабақша» жобасын өз балабақшасында іске асыру барысымен, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Байғанин ауданы  бойынша «Жасыл балабақша» жобасымен тірек балабақша болып саналатын «Рауан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері «Экологиялық ертегі: «Көкөністер айтысы»,  «Интеграцияланған қызмет: Табиғатты аялайық», «Жасыл дәріхана – мектепке дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу құралы», «Жуа өсіру» жобасы, «Қалдық заттарға жаңа өмір сыйлайық!», «Үй жануарлары», «Экологиялық ойындар» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Орындаған: А.Искендирова, бөлім әдіскері, п.ғ.м.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT