Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

«Өсу нүктелері» құзыреттілік орталығын ашу туралы  

Озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталықтарын құру туралы

Озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталықтарын құру туралы 

Ақтөбе облысы бойынша құзыреттілік орталықтарының жұмыс жоспар

Құзыреттілік орталықтарын құрудың МАҚСАТЫ

 

«Бәсекеге қабілетті үздік мектепке дейінгі ұйым» тақырыбында облыстық коучинг-семинар өтті

2026 жылғы 14 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Хромтау ауданы, Хромтау қаласындағы №5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасында «Бәсекеге қабілетті үздік мектепке дейінгі ұйым» тақырыбында облыстық коучинг-семинар өтті.

Семинар Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир арқылы көрсетіліп, облыс көлеміндегі педагогтер мен мектепке дейінгі ұйым басшыларына онлайн қатысу мүмкіндігі ұсынылды.

Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі ұйым меңгерушілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи басқару тәжірибелерін тарату, білім беру үдерісінде тиімді қолдану бағытындағы іс-әрекеттерімен бөлісу болды.

Бағдарлама аясында музыкалық сәлемдеме ұсынылды. «Үздік балабақша: тәжірибе, ізденіс, нәтиже» тақырыбында баяндама жасап, балабақша жұмысындағы тәжірибелерімен бөлісті. «Балабақшадағы басқару мәдениетін қалыптастыру», «Үздік балабақшаға бастар қадам: тәжірибе және тиімді шешімдер»  тақырыптарында баяндама жасады.

Тікелей эфир барысында көрермендер семинар жұмысын онлайн тамашалап, ұсынылған тәжірибелермен танысты. Қатысушылар білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізудің маңызын атап өтіп, балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктерге оң бағасын берді.

«Білім беру процесінде вариативті бағдарламаларды қолдану» облыстық шебер-сынып семинар өтті

2026 жылы 12 мамырда Ақтөбе облыстық құзіреттілік әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Мәртөк ауданының №1 «Тополек» бөбекжай-бақшасы ұйымдастырған  облыстық семинары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім беру қызметінің мазмұнын кеңейтуге, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, танымдық белсенділіктерін қалыптастыруға, ата-аналардың сұраныстары мен қоғамның әлеуметтік тапсырысын ескеруге мүмкіндік беру.

      Іс-шара барысында мектеп жасына дейінгі балалармен білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері ұсынылып, вариативтік бағдарламалар тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін және жеке ерекшеліктерін дамытудағы мүмкіндіктері ашып көрсетілді. Теориялық материалдың практикалық тапсырмалармен, педагогикалық тәжірибеден алынған мысалдармен және тиімді жұмыс әдістерін көрсетумен ұштасуы ерекше құндылыққа ие болды.

Семинар барысында XXI ғасыр дағдыларын қалыптастырудағы маңызы қарастырылып, олардың мектепке дейінгі білім берудегі рөлі жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ вариативтік бағдарламаларды құрастырудың негізгі талаптары мен құрылымдық ерекшеліктері талқыланды.

Тәжірибелік бөлімде сазбалшықпен жұмыс жасау арқылы балалардың тілін дамыту жолдары көрсетіліп, «Жас эколог» вариативтік бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесі ұсынылды. Сонымен қатар балалар шығармашылығын дамытуға бағытталған «Чудесный мир красок» тақырыбындағы жұмыстар және ертегілер арқылы балалардың қиялын дамыту бағытындағы әдіс-тәсілдер таныстырылды..

Өткізілген шеберлік сабағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, мектепке дейінгі ұйымдарда икемді, дамытушы және тұлғаға бағдарланған білім беру үдерісін қалыптастыруда вариативтік бағдарламаларды қолданудың маңыздылығын дәлелдеді.

«Құзыреттілікке жетелейтін әдістер» тақырыбында облыстық коучинг өтті

        2026 жылғы 12  мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен   Алға ауданы «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасында «Құзыреттілікке жетелейтін әдістер» тақырыбында облыстық коучинг  өтті.

            Коучингтің басты мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи білім беру технологиялары мен тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ балалардың шығармашылық,танымдық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға бағытталған озық тәжірибелерді насихаттау болды.

Алға ауданы білім бөлімінің әдіскері Н.К. Уразгалиева «Білімнен білікке: құзыреттілікке жетелейтін тиімді тәсілдер» тақырыбында баяндама жасап, балабақша жұмыстарында әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың өзекті бағыттарына тоқталды. Сонымен қатар, балабақша әдіскері Г.Ж. Бекенова «Бала дамуының кілті – құзыреттілікке бағытталған әдістер» тақырыбында құзыреттілікке жетелейтін әдістердің маңызын түсіндірді. Бұл тәсілдер баланың белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамытатынын, өздігінен әрекет етуге және шешім қабылдауға үйрететінін атап өтті. Мұндай әдістердің басты ерекшелігі – баланың дайын ақпаратты қабылдаушы емес, білімді өз бетімен ізденіп табушы тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуінде екенін айтты.

         «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасының педагогтері А.Таужанова «Сиқырлы түстер құпиясы», А.Досова «Ойын арқылы оқыту: асық технологиясының мүмкіндіктері», психолог Н.Шамшина  «Марблс тастары мектеп жасына дейінгі  балаларды жан-жақты дамыту құралы» тақырыптарында балалармен іс-әрекеттер өткізіп, сонымен қатар балабақшаның өсу нүктесінің педагогтары  Н Дүйсенова  "Мен болашақ аниматор", А Жубанышева «STEAM: зерттеуден нәтижеге», А Муратова «Музыка — шығармашылық кілті» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

           Іс-шара барысында қатысушылар түрлі практикалық жұмыстар, тренингтер, шеберлік сағаттары және топтық тапсырмалар арқылы өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, тәрбиешілер оқу қызметінде қолданылатын инновациялық әдістерді таныстырып, баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін тиімді тәсілдер бойынша пікір алмасты.

           Коучинг соңында балабақша меңгерушісі Л.Курманова «Бүгінгі әдіс – ертеңгі құзіретті тұлға» екенін, бала дамуындағы қолданылатын әдістердің маңыздылығына тоқталып, мектепке дейінгі ұйымда ойын, асық, зерттеу, шығармашылық әдістерін пайдалану балалардың жан-жақты дамытуға белсенділігін арттырып, педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.

«Мектепке дейінгі тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне ұйымдастырудағы
заманауи инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдері»
тақырыбындағы облыстық коучинг өтті

2026 жылғы 28 сәуір күні облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Мұғалжар ауданы «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасында «Мектепке дейінгі тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне ұйымдастырудағы заманауи инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы облыстық  коучинг өтті.

Шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық іс-тәжірибелерді тарату, тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерту және оқу-тәрбие үдерісін сапалы жүргізуге бағыт беру мақсатында ұйымдастырылды.

Балабақша педагогтері «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану жолдары», «STEAM технологиясы арқылы ойын құрастырудағы педагогтың іс-әрекеті», «Познавательная деятельность детей через эксперимент с вулканом», «Ғарыш әлемін зерттеу: интеграциялық тәсілдер», «Музыка арқылы дыбыс пен қимыл үйлесімі: шығармашылықты дамыту», «Қалдықтарды қайта өңдеу арқылы пайдалы бұйымдар жасау», «Цифровые технологии в детском саду: развитие речи и  мышления», «Мектепалды топтарда заманауи әдістерді тиімді қолдану», тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар білім беру үдірісінде инновациялық әдістерді жүйелі қолданудың маңыздылығына тоқталды. Мектепке дейінгі ұйымдарда заманауи технологияларды енгізу-балалардың танымдық белсенділігін арттыратындығы педагогтердің кәсіби дамуына оң ықпал ететініне көз жеткізді.

Құзыреттілік орталығының меңгерушілеріне арналған
дөңгелек үстел өтті

Ақтөбе облыстық құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 24 сәуір күні Ақтөбе қаласы №33 «Нұрсәт» балабақшасында жұмыстанып жатқан облыстағы 9 құзыреттілік орталықтары мен 2026 жылы ашылатын Әйтеке би, Қобда және Қарғалы аудандарындағы 3 құзыреттілік орталығының меңгерушілеріне арналған «Педагогикалық ұжымның жұмысын талдау және объективті бағалау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.                                                          

Шара құзыреттілік орталықтарының жұмысын жетілдіру, педагогикалық ұжымның кәсіби дамуын қамтамасыз ету және білім беру сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Меңгерушілер «Құзіреттілік орталығы: тәжірибе алмасу алаңы ретінде даму   жолдары», «Ерте жастан  кәсіптік  бағдар  берудің маңыздылығы», «Құзіреттік бағытында педагогикалық ұжымның кәсіби дамуын бағалау», «Ұжым бірлігі мен бірлескен еңбек - сапалы білімге бастар жол», «Құзіреттілік орталығы - педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға арналған білім беру алаңы», «Құзыреттілік орталығы: педагогикалық дамуды басқару тәжірибесі», «Құзыреттілік орталығы - нәтижеге жетудің жаңа мүмкіндігі», «Құзіреттілік орталығы қызметінің нәтижелері және алдағы  міндеттері», «Балабақшадағы құзіреттілік тәсіл: Орындалған істердің   нәтижелілігі және дамудың жаңа бағдарлары» тақырыптарында балабақшадағы жүргізілген жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында педагогикалық ұжым қызметін бағалаудың объективті тәсілдері, басқарудың тиімді модельдері, кәсіби дамуды қолдау тетіктері және құзыреттілік орталықтарының жұмысын жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

«Балабақшада ерекше балаға үйдегідей жайлы орта құру»
тақырыбында облыстық семинар өтті

Облыстық құзіреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы №17 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасында «Балабақшада ерекше балаға үйдегідей жайлы орта құру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Шара мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін балабақшада қолайлы, қауіпсіз әрі дамытушы орта құрудың тиімді тәсілдерін айқындау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және озық тәжірибелерді тарату болып табылады.

Семинар барысында педагогтер ерекше білім беруді қажет ететін тәрбиеленушілер үшін дамытушы ортаны ұйымдастырудың негізгі бағыттарына тоқталып, «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше балаларға қолайлы орта ұйымдастыру», «Қозғалыс сиқыры», «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен ойын арқылы дағдыларды қалыптастыру жолдары», «Среда, в которой ребенок чувствует себя успешным: работа с детьми с ООП», «Развивающая среда дома для детей с ООП: простые решения и сенсорные игры своими руками», «Сенсорные технологии в формировании эмоционально комфортной среды детей с особыми образовательными потребностями», «Взаимодействие участников процесса по новой модели инклюзии на примере ОД», «Формы взаимодействия с семьёй, в которой воспитываются дети с особыми образовательными потребностями» тақырыптарында жұмысты ұйымдастырудың тиімді тәжірибелерін ұсынды.

Семинарда сенсорлық технологиялар мен ойын арқылы дамыту әдістері, сондай-ақ отбасы мен балабақша арасындағы өзара байланыс бағыттары кеңінен қамтылып, қатысушыларға тәжірибелік маңызы зор құнды ақпараттар ұсынылды.

«Бір мақсат-бір жүрек: бірігу мен ынтымақтастықтың маңызы» тақырыбында интерактивті кеш өтті

2026 жылдың 10 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары бойынша Шалқар ауданы «Еркемай» бөбекжай-бақшасында «Бір мақсат-бір жүрек: бірігу мен ынтымақтастықтың маңызы» тақырыбында облыстық интерактивті кеш өтті.                   

Шараның мақсаты білім беру үдерісінде ынтымақтастық пен бірлікті нығайту, сондай-ақ заманауи технологияларды тәжірибеге енгізу арқылы балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Семинар барысында педагогтер өз бағыттары бойынша мазмұнды іс-әрекеттер ұйымдастырып, тәжірибелерімен бөлісті. Музыка жетекшісі Тілеген Жайнагүл Ғалымжанқызы «Өнерлі өрендер шеруі» атты музыкалық қойылым қойылды. Бейнелеу өнері жетекшісі Шүренова Нұргүл Ойлықызы «Сиқырлы бояулар сыры» тақырыбында шығармашылық жұмыс орындатты. Сақтапова Ақжүніс Даңбайқызы «Ақылды робот» іс-әрекетінде тәрбиеші робототехника элементтерін пайдалана отырып, зерттеушілік дағдыларын дамыту жолдарын көрсетті. Ал Кулекешова Набира Жеткизгеновна «Кішкентай тігіншілер әлемі» тақырыбында балаларды еңбекке баулу бағытында қарапайым тігін жұмыстарының элементтерін қолдана отырып, олардың ұсақ қол моторикасы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған жұмыстар ұйымдастырды. Исаева Құралай Тлеуғазықызы «Табиғат – біздің досымыз» атты ұйымдастырылған іс-әрекетін, Сисенбина Жанат Данағұлқызы «Тәрбие тұтастығы: отбасы мен балабақша байланысы» ата-аналармен жүргізілетін тиімді жұмыс түрлерін тәжірибе жүзінде таныстырды. Манасбаева Бақтыгүл «Ойнайық та, ойлайық» іс-әрекетінде дамытушы ойындар дағдыларын жетілдіру жолдарын көрсетті. Музыка жетекшісі Қосбармақова Жаңылған Карбозқызы «Сиқырлы көктем әуені» музыкалық композициясы арқылы сахналық мәдениет дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізді.

Семинар соңында әдіскер Елеусіз Тоқтагүл Қаметқызы «Ынтымақтастық алаңы: бір мақсатқа қадам» алаңын ұйымдастырып, қатысушылар арасында кері байланыс орнатты. Педагогтер өзара пікір алмасып, тәжірибелерін бөлісіп, іс-шара барысында ұсынылған әдіс-тәсілдердің тиімділігіне талдау жасады.

Ұсынылған жұмыстар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылатын заманауи технологиялар мен тиімді педагогикалық тәжірибелердің маңыздылығын айқындап, қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік берді.

«Ерте кәсіптік бағдар беру - мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының  өзекті әрі маңызды бағыты» 
тақырыбындағы  мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған облыстық  коучинг өтті

2026 жылғы 6 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары бойынша Хромтау ауданы №5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасында «Ерте кәсіби бағдар беру – мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің басым бағыттарының бірі» тақырыбында облыстық коучинг ұйымдастырылды.

Шарада мектепке дейінгі жастағы балалардың мамандықтар туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру, қарапайым еңбек әрекеттеріне баулу, мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсаты көзделді.

Коучинг барысында педагогтер «Балабақшадағы кәсіптік бағдар: заманауи тәсілдер мен тиімді әдістер» тақырыбында, «Ойын алаңынан – мамандықтар әлеміне» «Зергерлік шеберхана», «Ойын арқылы – болашаққа қадам бастау», «Мен кім боламын? Ойыннан басталған арман», «Ақылды инновациялық технологиясы және саз арқылы балалардың жан-жақты дамуы», «Ерте жастан еңбекке баулу – ЭКОЛАНДИЯ», «Ерте кәсіптік бағдар беруде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану», «Мамандықтың бәрі жақсы», «Ойна, үйрен, арманда!» өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар коучинг сұрақ жауап кері байланыс түрінде   қорытындыланды.

Ұсынылған практикалық жұмыстар педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға және балабақшада кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіруге бағытталды. Қатысушылар жаңа идеялар мен тиімді әдістерді меңгеріп, тиімді іс-тәжірибелермен бөлісуге кең мүмкіндік алды.

«Ерте кәсіптік бағдар беру – мектепке дейінгі ұйымдар
жұмысының өзекті әрі маңызды бағыты» тақырыбында коучинг өтті

         2026 жылғы 3 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасында «Ерте кәсіптік бағдар беру – мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының өзекті әрі маңызды бағыты»

тақырыбында коучинг өтті.

Коучингтің негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту, еңбекке деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, қарапайым еңбек әрекеттеріне баулу және олардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ерте кезеңнен анықтаудың маңыздылығын көрсету болды.

№49 «Думан» бөбекжай-балабақшасының би жетекшісі Г.М.Амирешева ұйымдастырған «Кішкентай мамандар шеруі» музыкалық сәлемдемесі ұсынылды. №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасының әдіскері А.Х. Урынбасарова «Мектепке дейінгі ұйымдарда кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру» тақырыбында сөз сөйлеп, кәсіптік бағдар жұмыстарының мақсат-міндеттері мен оны ұйымдастырудың тиімді жолдарын таныстырды. Музыка жетекшісі М.Н.Шульденова ұсынған «Кәсіптік саяхат әлеміне жол» атты іс-тәжірибелік жұмыс қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. №25 «Ерке» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері А.М.Молжигитова мен С.Ш.Жүржанова «Болашақ маман иелері» тақырыбында тәжірибе алмасу жұмысын өткізді. №17 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Г.Т.Курманова «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат: киіз басу арқылы кіші жастан еңбекке үйрету» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Бұл бөлімде ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы балаларды еңбекке баулудың маңызы көрсетілді. Педагог-психолог Г.Қ.Файзолла «Ерте жастан кәсіпке баулу: тиімділігі мен нәтижесі» тақырыбында баяндама жасап, ерте кәсіптік бағдар берудің психологиялық-педагогикалық негіздерін түсіндірді.

Қорытындылай келе, аталған коучинг мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте кәсіптік бағдар беру мәселесінің өзектілігін айқындап, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған маңызды әдістемелік алаң болды.

«Ерте кәсіптік бағдар беру – мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының өзекті әрі маңызды бағыты»
тақырыбында коучинг өтті

2026 жылғы 31 наурызда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасында «Ерте кәсіптік бағдар беру – мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының өзекті әрі маңызды бағыты» тақырыбында коучинг өтті.

Коучингтің мақсаты – балалардың түрлі мамандықтар туралы түсінігін кеңейту, еңбекке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, қарапайым еңбек дағдыларын дамыту, сондай-ақ олардың қызығушылығы мен қабілеттерін ерте анықтауға ықпал ету.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі жастағы балаларды ерте кәсіби бағдарлау бойынша заманауи тәсілдер, ойын технологиялары, шығармашылық және тәжірибелік жұмыстар арқылы мамандықтар әлемімен таныстырудың тиімді жолдары ұсынылды.

№2 «Бұлбұл» балабақшасының тәрбиешілері Гүлсім Васильевна Кулькушева мен Елена Александровна Медведеева «Современные подходы к ранней профориентации детей дошкольного возраста» тақырыбында сөз сөйлеп, балаларды кәсіби бағдарлаудағы инновациялық әдістерді таныстырды.                №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Анаргүл Нұртөлеуқызы Кайсанова «Мектепке дейінгі балаларда тігінші мамандығы туралы түсінікті қалыптастырудың ойындық практикалары» тақырыбында тәжірибелік жұмыс жүргізіп, ойын арқылы кәсіби түсінік берудің тиімділігін көрсетті. Тәрбиеші Виктория Алексеевна Чипегина «Мир ювелирного мастерства глазами дошкольника» тақырыбында балалардың шығармашылық қабылдауын дамытуға бағытталған жұмыс ұсынды. Кристина Вальерьевна Криштова «Юные автомеханики» сюжеттік-рөлдік ойынын өткізіп, балалардың техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру жолдарын көрсетті. Назира Мұсенқызы Ажмұратова «Өрт сөндірушілер» тақырыбында балаларды қауіпсіздік мамандықтарымен таныстыруға бағытталған ойын түріндегі ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. №19 «Бұлақ» балабақшасының тәрбиешісі Лида Әбілқызы Ажмаганбетова «Әжемнен қалған асыл мұра» (фельтинг технологиясы) тақырыбында қолөнер арқылы еңбек дағдыларын қалыптастыру тәжірибесін ұсынды. Тәрбиешілер Ардак Абилазизовна Төлеуова мен Нүргүл Аяпқызы Қожахметова «Тігін өнерінің ғажайыбы» тақырыбында балалардың шығармашылық және еңбек дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелік жұмыс жүргізді.

Семинар соңында №2 «Бұлбұл» балабақшасының әдіскері Гауһар Қойлыбайқызы Ахметова «Инсайттар дөңгелегі» атты рефлексиялық бөлім өткізіп, қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырды.

Коучинг барысында педагогтер ерте кәсіби бағдар берудің тиімді әдістерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың еңбекке және түрлі мамандықтарға қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған мазмұнды тәжірибе алаңы болды.

«Ерте кәсіптік бағдар беру – мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының өзекті әрі маңызды бағыты»
тақырыбында коучинг өтті

2026 жылғы 31 наурызда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес №33 «Нұрсәт» балабақшасында «Ерте кәсіптік бағдар беру – мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының өзекті әрі маңызды бағыты» тақырыбында коучинг өтті.

Коучингтің мақсаты – балалардың түрлі мамандықтар туралы түсінігін кеңейту, еңбекке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, қарапайым еңбек дағдыларын дамыту, олардың қызығушылығы мен қабілеттерін ерте анықтауға ықпал ету.

Семинар барысында ерте жастан кәсіптік бағдар берудің теориялық және практикалық негіздері, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған интеграцияланған ұйымдастырылған іс-әрекеттер және жобалық оқыту элементтері ұсынылды.

Әдіскер Г.О.Сатенова «Ерте жастан кәсіпке баулудың тиімді жолдары» тақырыбында балаларды түрлі кәсіп түрлерімен таныстырудың заманауи әдістерін таныстырды. Тәрбиешілер Э.К.Калиева мен М.С.Еділбаева «Балалардың шығармашылық әлемі: аспаздық дағды мен сауда өнері» атты кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет өткізіп, балалардың практикалық дағдыларын ойын арқылы дамыту жолдарын көрсетті. Тәрбиеші А.Б.Рахметова «Юный инженер: от идеи до модели» жобалық қызметі арқылы балалардың инженерлік ойлау қабілетін дамыту тәжірибесін ұсынды. З.А.Сарсенбаева «Строим будущее: знакомство с профессиями строительной отрасли» тақырыбында құрылыс саласы мамандықтарымен таныстыруға бағытталған кіріктірілген оқу қызметін өткізді.

№52 «Құлагер» балабақшасының тәрбиешісі Б.Б.Лекерова «Мектепке дейінгі ұйымдарда ерте кәсіптік бағдар берудің рөлі» тақырыбында ерте кәсіптік бағдар берудің балалардың тұлғалық дамуына әсері жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті. Тәрбиеші А.А.Жардаева Монтессори әдістемесі негізінде «Өмірлік практикалық жаттығулар» тақырыбында балалардың өз бетінше әрекет ету дағдыларын дамыту жолдарын көрсетті. №51 «Жарқын бала» бөбекжай-балабақшасының әдіскері   Г.А.Салық «Сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы кәсіптік бағдар беру» тақырыбында ойын технологиялары арқылы балаларды түрлі мамандықтар әлемімен таныстыру тәжірибесін ұсынды.

Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, ерте кәсіптік бағдар берудің тиімді әдіс-тәсілдерін оқу-тәрбие үдерісінде қолдану бойынша пікір алмасты. Іс-шара мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың болашақ мамандыққа деген алғашқы қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң болды.

«Ерте кәсіптік бағдар беру – мектепке дейінгі ұйымдар
жұмысының өзекті әрі маңызды бағыты»
тақырыбында коучинг өтті

2026 жылғы 31 наурызда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Мәртөк ауданы №1 «Тополёк» бөбекжай-бақшасында «Ерте кәсіптік бағдар беру – мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының өзекті әрі маңызды бағыты» тақырыбында коучинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің теориялық және практикалық даярлық деңгейін арттыру, сондай-ақ балаларды ересектер мамандықтарымен таныстыру бағытындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру болды.

Коучинг барысында №1 «Тополёк»  бөбекжай-бақшаның әдіскері    О.В. Коваленко «Мектепке дейінгі жастағы балалардың ерте кәсіби бағдарлануы – білім сапасын арттырудың тиімді әдісі» тақырыбында баяндама жасап, ерте кәсіптік бағдар берудің маңыздылығын атап өтті. №1 «Тополёк»  бөбекжай-бақшаның тәрбиешісі И.Р.Дадаева «Топ қонағы» технологиясы арқылы балаларды мамандықтар әлемімен таныстыру тәжірибесін ұсынды. №2 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Ж.С.Топеева «Өрт сөндіруші – ерлік иесі»,    №6 «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Д.Б. Исабаева «Мамандықтың бәрі жақсы», ал №9 «Шапағат» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі     Н.М.Тажибаева «Шекарашы – ел қорғаны» тақырыптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін көрсетті. Сонымен қатар, қазақ тілі мұғалімі А.С.Адаева «Мамандықтар әлеміне саяхат» атты танымдық іс-әрекет өткізсе, «Нұрсәт» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Ә.Б. Қалдіқұлова ерте кәсіптік бағдар беруде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарымен бөлісті.

Коучинг педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етіп, мектепке дейінгі ұйымдарда ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жетілдіруге бағытталған тиімді әдістемелік алаң болды.

«Қолмен жаса – оймен дамы: шығармашылық арқылы үйрету»
 тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өтті

2026 жылғы 18 наурызда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Алға ауданының «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасында «Қолмен жаса – оймен дамы: шығармашылық арқылы үйрету» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өтті.

Іс-шара құзыреттілік орталықтарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеде тиімді қолдану мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар барысында әдіскер Бекенова Гүлім Жұлжанқызы «Қиял мен қол еңбегі: дамуға бастар жол» тақырыбында іс-тәжірибесімен, Шинтасова Салтанат Оразғалиевна «Мамандықтар әлеміне саяхат» ұйымдастырылған іс-әрекетімен,  Косанова Гүлмира Сабидуллаевна «Түрлі-түсті моншақтар» шеберлік жұмысымен, Бесайдарова Гүлназ Бекбергеновна «Шығармашылық – баланың жан әлемінің айнасы» тақырыбында тәжірибелік жұмысымен бөлісті. Ал Бурханова Райхан Хорматовна «Табиғаттың нәзік сыйы – гүлдер» іс-әрекетінде табиғи материалдарды пайдалана отырып, балалардың эстетикалық талғамы мен қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру жолдарын көрсетті. Аметова Нурия Дарханқызы «Шығармашылық терапиясы: ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ойлау қабілетін ояту» тақырыбында шығармашылық тапсырмалар арқылы балалардың ойлау белсенділігін арттыруға бағытталған әдістермен бөлісті. Адилова Жанар Шабденқызы «Ойлан, зертте, жаса» іс-әрекетінде балалардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға арналған тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырды. Музыка жетекшісі Наурзалиева Айгүл Алиханқызы «Әуенмен ойнайық: шығармашылық ойындар» тақырыбында музыкалық ойындар арқылы балалардың шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту жолдарын көрсетті.

Шеберлік сыныбы барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, шығармашылық бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді әдістерімен танысты.

Орындаған: Г.Жетмекова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері

«Ата-аналар, балабақша, қоғам: үштік одақ  аясындағы ынтымақтастық нығайту»
тақырыбындағы облыстық семинар

 

Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасында «Ата-аналар, балабақша, қоғам: үштік одақ аясындағы ынтымақтастық нығайту» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – ата-аналар, балабақша және қоғам арасындағы серіктестікті нығайту, отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның өзара ынтымақтастығын дамыту, тәрбиелеу мен оқыту үдерісінде тиімді тәжірибелерді насихаттау және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Іс-шара әжелер мен немерелер ансамблінің орындауындағы «Еркем-ай» музыкалық сәлемдемесімен басталып, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтардың маңызын айқындады. Балабақша меңгерушісі А.Т. Саликова «Ынтымақтастықты нығайтудың басқарушылық механизмдері» тақырыбында ата-аналармен жүйелі жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарына тоқталды.

Музыка жетекшісі М.Н. Шульденова «Балабақшадағы музыкалық тәрбие – үштік одақ арасындағы ынтымақтастықтың тиімді құралы» тақырыбында музыкалық іс-шаралар арқылы ата-аналарды тәрбие процесіне тартудың маңыздылығын көрсетті. Тәрбиешілер С.В. Жумагалиева мен Г.Е. Нұрғали «Ата-аналардың қатысуымен ұйымдастырылатын ойын әрекеттері» тақырыбында ата-аналардың білім беру үдерісіне белсенді қатысуының тиімді тәжірибелерін ұсынды. Практикалық жұмыстар барысында отбасы мүшелерінің ойын арқылы бала дамуына оң әсер ету жолдары көрсетілді. Ж.К. Джанаисова мен Т.С. Тлешова «Практика внедрения современных и цифровых форм с родителями в детском саду» тақырыбында цифрлық технологияларды қолдану арқылы ата-аналармен байланысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Дене тәрбиесі нұсқаушысы Т.С. Нарымов «Физикалық қозғалыс арқылы балалардың мінез-құлқын қалыптастыру» тақырыбында қимыл-қозғалыс әрекеттерінің балалардың тәртібіне, эмоционалдық тұрақтылығына және әлеуметтік дағдыларының қалыптасуына әсерін тәжірибелік жұмыстар арқылы көрсетті. Тәрбиешілер Г.Ж. Мамырова мен А.М. Буранбаева «Ата-аналармен байланысты нығайтудың тиімді жолдары» тақырыбында отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған заманауи жұмыс түрлерін таныстырды.

Семинар соңында қатысушылар ұсынылған тәжірибелер бойынша пікір алмасып, ата-аналар, балабақша және қоғам арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға қатысты өз ойларын ортаға салды. Іс-шара мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында үштік одақтың тиімді моделін қалыптастыруға бағытталған маңызды тәжірибе алаңы болды.

«Тілге бойлау бағдарламасын іске асыру арқылы білім беру сапасын арттыру» 
тақырыбында облыстық семинар өтті

Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасында «Тілге бойлау бағдарламасын іске асыру арқылы білім беру сапасын арттыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдардағы қазақ тілі педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, «Тілге бойлау» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру тәжірибесін тарату, балалардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін жетілдіру және заманауи педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне енгізу.

Семинар барысында №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Г.Т.Амирова «Балаларды қазақ тіліне үйретуде ойынның рөлі» тақырыбында сөз сөйлеп, ойын технологияларының тіл меңгертудегі маңыздылығына тоқталды.

№14 «Қонжық» бөбекжай-балабақшасының педагогы М.О.Арғынбай мнемотехника  әдісі арқылы балалардың сөздік қорын дамыту тәжірибесімен бөлісті. №26 «Үміт» бөбекжай-балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Д.С.Қарасартова «Тілге бойлау жобасы: дәстүрлі әдіс пен жасанды интеллект үйлесімі» тақырыбында заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктерін таныстырды. Ал №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасының қазақ тілі мұғалімі А.Е.Мусина өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде ұлттық ойындарды пайдаланудың тиімді жолдарын көрсетті.                                        

 Сонымен қатар №19 «Бұлақ» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі К.Р.Дүйсекешева «Сырлы қоржын – ұлттық ойын мекені» тақырыбында ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі рөлін таныстырса, №8 «Балбөбек» мектепке дейінгі ұйымының қазақ тілі мұғалімі М.Н.Ахметова «Ой мен ойын арқылы тілге бойлау» тақырыбында балалардың тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, қазақ тілін оқытудағы озық тәжірибелерді насихаттауға және «Тілге бойлау» бағдарламасын іске асырудың тиімді тетіктерін талқылауға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.

«Мектепке дейінгі білім беруде цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану»
тақырыбында облыстық семинар өтті

 

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Хромтау ауданының №5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі білім беруде цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – әдіскерлер мен тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, цифрлық ресурстар мен заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану тәжірибесін тарату, балалардың танымдық белсенділігі мен білімге қызығушылығын арттыру.

Семинар барысында «Цифрлық орта – мектепке дейінгі ұйымның сапалы дамуының кепілі» тақырыбында цифрлық ортаны қалыптастырудың білім беру сапасын арттырудағы маңызы сөз болды. Әдіскер Айгерім Нұрланқызы Ауданбаева «Цифрлық ресурс – заманауи көмекші» тақырыбында заманауи цифрлық құралдардың педагог жұмысындағы тиімділігін көрсетті. Тәрбиеші Нұрсылу Жақсылыққызы Шайжанова өз тәжірибесінде цифрлық ресурстарды тиімді қолдану жолдарымен бөлісті. Венера Қуанышқызы Ұлықпанова «Gynzy» ойын платформасы мен «ANIMAL AR 3D SAFARI» технологиясының мүмкіндіктерін таныстырып, олардың балалардың танымдық қызығушылығын арттырудағы рөлін көрсетті. Логопед Гүлмира Кенжеғалиқызы Ақдәулет «Ақылды айна» технологиясын пайдалана отырып, үй жануарлары тақырыбында сөйлеу тілін дамыту бойынша тәжірибелік жұмыс ұсынды. Ақтілек Талғатқызы Шыңғысхан «Жасанды интеллектпен ұстаз білімінің жаңа дәуірі» тақырыбында жасанды интеллект құралдарының білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктерін таныстырса, Самал Елеусізқызы Баймағамбетова «Quiver» платформасы арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын көрсетті.

№1 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Гүлжанат Жұмабекқызы Барикова «Балабақшадағы инновациялар: мектепке дейінгі тәрбиедегі заманауи технологиялар мен тиімді тәсілдер» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар №9 «Жұлдыз-ай» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Ақмарал Толыбайқызы «Математика еліне саяхат» атты ұйымдастырылған оқу қызметін ұсынып, балалардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді көрсетті.

Іс-шара педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, цифрлық технологияларды білім беру тәжірибесіне енгізуге және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.

«Жасанды интеллектіні мектепке дейінгі ұйымдарда енгізу жолдары»
облыстық семинар-практикум өтті

 

2026 жылғы 27 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «Жасанды интеллектіні мектепке дейінгі ұйымдарда енгізу жолдары» Ақтөбе қаласы №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасының  базасында  семинар өтті.

Семинар мектепке дейінгі ұйымдарда жасанды интеллектіні қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық үдерістерді жандандыру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Шараға Ақтөбе қаласының құзыреттілік орталығына қарасты тірек балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.

Шараның ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері, п.ғ.м. А.Искендирова алғы сөз сөйлеп, семинардың және жалпы облыс көлемінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

Меңгерушісі Г.Амирова жасанды интеллектіні балабақша тәжірибесіне енгізу барысы және атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Ақтөбе қаласының құзыреттілік орталығы бойынша №39 «Достық», №49 «Думан» бөбекжай-балабақшалары мен тірек балабақшаларының педагогтері «VR технологиясы арқылы балалардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту», «AR технологиясы негізіндегі сөйлейтін 3D текше», «Балабақшадағы ұйымдастырылған іс-әрекеттерде жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен қолдану жолдары», «Жасанды интеллект – болашақтың көмекшісі», «Искусственный интеллект в детском саду: новые возможности для педагога», «Применение искусственного интеллекта в организации здоровьесберегающей среды в дошкольной организации», «Искусственный интеллект в музыкальном воспитании дошкольников: помощник педагога и зона ответственности» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

 

 

 

 

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT