2024 жылға арналған облыстық мобильді топтың жұмыс жоспары
2025 жылға арналған облыстық мобильді топтың жұмыс жоспары
2026 жылға арналған облыстық мобильді топтың жұмыс жоспары
Балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша әдістемелік кабинеттер жанындағы МОБИЛЬДІ ТОПТАР
Әдіскерлерге арналған тәжірибелік семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/rabochij-plan-mobil-noj-gruppy#sigFreeIdc30a893725
Ақтөбе облыстық мобильді топтың жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 19 мамыр күні Ақтөбе қаласындағы №25 «Ерке» бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін жылдық жоспарлау» тақырыбында тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне жылдық жоспарлаудың тиімді жолдарын таныстыру, білім беру үдерісін жүйелі ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу, басқару қызметінің сапасын арттыру және педагогикалық жұмысты заманауи талаптарға сай жоспарлау мәселелерін талқылау.
Іс-шараға облыстағы жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері қатысып, келесі оқу жылына арналған жылдық жоспарды құрудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Қатысушылар білім беру ұйымының даму басымдықтарын айқындау, жоспарлау құжаттарын әзірлеу, педагогтердің кәсіби қызметін ұйымдастыру және білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жоспарлау мәселелерін қарастырды.
Семинар барысында №25 «Ерке» бөбекжай-балабақшасының әдіскері Г.С. Жантурсина «Мектепке дейінгі ұйым қызметін жылдық жоспарлау: сапалы білім беру, тиімді басқару және инновациялық дамудың кешенді моделі» тақырыбында баяндама жасап, ұйым қызметін стратегиялық жоспарлаудың маңыздылығы мен тиімді тәсілдеріне тоқталды. Ақтөбе облыстық «Нектар» арнайы балабақшасының логопед-мұғалімі А.М. Махамбетова «Жылдық жоспарлау жүйесінде арнайы білім беруді қажет ететін балалардың ойын арқылы дамуына жасанды интеллект элементтерін кіріктіру» тақырыбында сөз қозғап, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыста заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолданудың мүмкіндіктерін көрсетті. №13 «Бөбек» бөбекжай-балабақшасының әдіскері Г.М.Кеулімжаева «Мектепке дейінгі ұйымның жылдық жоспарын құрастыру: практикалық кейстер, үлгілер және тиімді құралдар» тақырыбында тәжірибелік жұмыс ұсынып, қатысушыларға жоспарлау барысында қолданылатын тиімді әдістер мен құжат үлгілерін таныстырды. Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық «Нектар» арнайы балабақшасының логопед-мұғалімі «Жылдық жоспарлау аясында мектепке дейінгі ұйымның білім беру үдерісінде жасанды интеллект пен интерактивті технологияларды пайдалану» тақырыбында баяндама жасап, білім беру үдерісінде цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында қатысушылар топтық жұмыстарға белсенді қатысып, тәжірибелік тапсырмалар орындады, өзара пікір алмасып, кәсіби сұрақтарға жауап алды. Ұсынылған материалдар мен тәжірибелер әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, мектепке дейінгі ұйымдарда жоспарлау жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға және басқару қызметінің сапасын жетілдіруге бағытталды.
«Мектепке дейінгі ұйымда STEM элементтерінің жүзеге асырылуы» тақырыбында облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/rabochij-plan-mobil-noj-gruppy#sigFreeIdf520293f82
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 20 мамыр күні Ақтөбе қаласындағы №21 «Кәусар бұлақ» бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымда STEM элементтерінің жүзеге асырылуы» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне STEM технологиясының тиімді әдіс-тәсілдері арқылы балалардың зерттеушілік, шығармашылық, инженерлік және сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи жұмыс түрлерін тәжірибе жүзінде көрсету, инновациялық педагогикалық тәжірибелерді тарату және кәсіби ынтымақтастықты нығайту.
Іс-шараға облыстың мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысып, өзара тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберліктерін жетілдіруге және білім беру үдерісінде STEM элементтерін тиімді қолдану жолдарын талқылауға мүмкіндік алды.
№21 «Кәусар бұлақ» бөбекжай-балабақшасының педагогтері өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, мазмұнды баяндамалар мен практикалық жұмыстар ұсынды.
Бөбекжай-балабақша меңгерушісі А.Т.Казмұханбет «Балабақшада STEM әдісін тиімді қолдану жолдары» тақырыбына тоқталып, мектепке дейінгі ұйым жағдайында STEM технологиясын енгізудің маңыздылығы мен тиімді тұстарын атап өтті.
Тәрбиеші Ж.Ж.Шинбаева «Қағаздан туған идеялар: бала қиялының инженерлік бастауы» атты квест ойынын ұйымдастырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қарапайым материалдарды қолданудың тиімді тәсілдерін көрсетті. К.А.Жармағамбетова «Ойлау мен зерттеу: STEM жолы» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізіп, балалардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әдістерді тәжірибе жүзінде таныстырды. А.А.Бахрадинова «Ой қозғаудан – шешім жасауға» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, қатысушыларға мәселелік жағдаяттарды шешу, талдау және шығармашылық тапсырмаларды орындау жолдарын ұсынды.
Семинар барысында қатысушылар STEM білім беру технологиясының мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық белсенділігін арттырудағы, зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудағы және функционалдық сауаттылығын дамытудағы рөлін ерекше атап өтті.
«Баланың тілі – болашақтың кілті: мектепалды сыныбында цифрлық әдістер» тақырыбында облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/rabochij-plan-mobil-noj-gruppy#sigFreeIdcee991dd9e
2026 жылғы 18 ақпанда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектепалды сынып тәрбиешілеріне арналған «Баланың тілі – болашақтың кілті: мектепалды сыныбында цифрлық әдістер» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты — мектепалды сынып тәрбиеленушілерінің тілдік құзыреттілігін дамытуда заманауи цифрлық әдістерді тиімді қолдану жолдарын көрсету, тәжірибе алмасу.
Іс-шараға Ақтөбе қала және аудан мектептерінен мектепалды сынып тәрбиешілері қатысты. Семинар №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде өтті. Аудан тәрбиешілері ZOOM платформасы арқылы қашықтан қатысты.
Семинардың ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Жалғас Нұрлыгүл Жалғасқызы құттықтау сөз сөйлеп, тақырыптың өзектілігін және мектепалды сыныбында цифрлық әдістерді жүйелі және орынды қолдану маңыздылығын атап өтті.
Семинар барысында педагогтер өздерінің практикалық тәжірибелерімен және тиімді цифрлық әдіс-тәсілдерімен бөлісті: «Цифрлық әдістер-мектепалды жастағы баланың сөйлеу құзіреттілігін қалыптастырудың заманауи құралы» Кадирова Гулзира Жарасовна «Ақтөбе орта мектебі» КММ», Кудабаева Асел Амирбековна Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының мектепалды сыныбының тәрбиешісі «Цифрлық ойындар арқылы мектепалды жастағы баланың тілін дамыту», Жуканова Айгуль Жайлыбаевна №82 ЖББОМ мектепалды сыныбының тәрбиешісі «Цифрлық әдістер арқылы дабысты дұрыс айтуға үйрету», Хакимов Нуржайнар Аминжановна – Әйтеке би ауданы, Талдысай ауылы, Талдысай ЖООБ мектебінің мектепалды сыныбының тәрбиешісі «Балалардың ой-өрісін дамытуда цифрлық әдістерді қолданудың тиімділігі», Длекшова Гульдана Бакитжановна №82 ЖББОМ мектепалды сыныбының тәрбиешісі «Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда ЖИ элементтерін қолдану», Шуйтенова Нурзипа Мырзалиевна №29 орта мектеп КММ мектепалды сыныбының тәрбиешісі «Цифрлық ойындар арқылы баланың сөздік қорын дамыту», Ермекбаева Акмарал Умирзаковна №33 ҚОЖББМ КММ мектепалды сыныбының тәрбиешісі «AR/ VR элементтері арқылы ертегілер әлеміне саяхат».
Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Қатысушылар семинардың цифрлық технологиялық тәжірибе алмасу бағытында ұйымдастырылған, ұсынылған материалдар қазіргі заман талабына сай практикалық маңыздылығын бар екенін атап өтті.
Орындаған: Ж. Жолмаханова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері

