Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің сапалық құрамын арттыру ЖОСПАРЫ
«Мектепке дейінгі ұйымға араналған үздік дамытушы бағдарлама»
республикалық байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті!!!
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/shkola-liderov#sigFreeId37df38483c
2026 жылғы 14 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Мектепке дейінгі ұйымға арналған үздік дамытушы бағдарлама» байқауының облыстық кезеңі өтті
Байқаудың мақсаты: облыстағы мектепке дейінгі ұйымдардың түрлеріне, бейініне және жұмыс бағыттарының басымдықтарына сәйкес педагогтердің үздік дамытушы бағдарламаларын анықтау.
Байқауға қалалық, аудандық кезең жеңімпаздары – жалпы саны 8 педагог қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - Назарова Индира Насыроллаевна, Ақтөбе қаласы №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;
ІІ орын - Калиева Майгуль Ермековна, Байғанин ауданы «Қарауылкелді» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;
ІІІ орын - Сугралина Гульдарига Тулкибаевна, Темір ауданы «Балауса» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.
Номинация бойынша:
«Үздік дамытушы бағдарлама» - Бобцова Любовь Александровна, Ақтөбе қаласы №14 «Қонжық» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;
«Үздік дамытушы бағдарлама» - Абилдаева Карлыгаш Жанабаевна, Ақтөбе қаласы №44 «Тұлпар» бөбекжай-балабақшасының психологі;
«Цифрлық технологияларды қолданудағы үздік бағдарлама» - Мамырова Гүлнұр Жанғазықызы, Ақтөбе қаласы №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;
«Ұлттық құндылықтарға негізделген үздік бағдарлама» - Татарчук Ирина Владимировна, Қарғалы ауданы «Айгөлек» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі;
«Инновациялық үздік дамытушы бағдарлама» - Джанадилова Инабат Аскаровна, Хромтау ауданы №9 «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасының әдіскері.
Өңірлік кезеңнің жеңімпазы «Мектепке дейінгі ұйымға араналған үздік дамытушы бағдарлама» байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!
https://bilimaktobe.kz/kz/doshkol-noe-obrazovanie/shkola-liderov#sigFreeId5c14b9c734
«Конституцияның құндылықтарын мектепке дейінгі ұйым қызметінде іске асыру: жаңа даму бағдарлары»
тақырыбында секциялық отырыс өтті
2026 жылғы 21 тамызда Ақтөбе қаласындағы №33 «Нұрсәт» балабақшасында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің «Конституцияның құндылықтарын мектепке дейінгі ұйым қызметінде іске асыру: жаңа даму бағдарлары» тақырыбында облыстық секция жұмысы ұйымдастырылды.
Секцияның мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарын мектепке дейінгі білім беру үдерісіне енгізу арқылы ұлттық тәрбиеге, экологиялық жауапкершілікке және цифрлық құзыреттілікке негізделген инновациялық даму бағыттарын ұсыну.
Іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен әдіскерлері, мектепалды сынып және шағын орталық тәрбиешілері қатысты. Секция жұмысы офлайн және онлайн форматта өткізіліп, офлайн форматта 100, онлайн форматта 500-ге жуық педагогтің қатысуына мүмкіндік жасалды.
Секцияны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Н.Ерманова алғы сөзімен бастап, 2026–2027 оқу жылының ерекшеліктерімен таныстырды және «Мектепке дейінгі ұйымның Үздік педагогі-2026» республикалық байқауының Бас жүлде иегері Хромтау ауданы №8 «Тұлпар» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі А.М.Егизбаеваны құттықтап, Дипломмен марапаттады.
Сонымен қатар Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Н.Ж.Жалғас қатысушыларға сәттілік тілеп, педагогтердің кәсіби дамуы мен тәжірибе алмасуының маңыздылығын атап өтті.
Шараның теориялық бөлімінде бірнеше өзекті тақырыптар ұсынылды:
- Білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы А.К.Газизова жаңа Конституциялық құндылықтарға негізделген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа даму бағдарлары жөнінде тоқталды. Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі А.А.Искендирова 2026–2027 оқу жылында әдістемелік нұсқаулық хатымен таныстырды. Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе қаласындағы филиал тренері М.К.Курмангалиева нормативтік талаптар аясында мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуын мониторингтеу және жеке траекториясын құрудың маңыздылығына тоқталды. Bilim Group компаниясының BilimKids контент әзірлеуші әдіскері С.И.Темиргалиева мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы жасанды интеллект: мемлекеттің цифрлық стратегиясынан басқару және тәрбиелеу қызметінің күнделікті практикасына дейінгі бағыттармен таныстырды.
Тәжірибелік бөлімде 2026 жылы бастау алған республикалық «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жоба аясында облыста жұмыстанып жатқан Ақтөбе қаласындағы №49 «Думан» және Хромтау ауданы №5 «Ақбота» бөбекжай-балабақша меңгерушілері А.Т.Саликова мен Р.У.Жолимовалардың «Болашаққа бастар қадам: ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» тақырыбында сөз сөйлеп, тәрбие жұмысын интеграциялаудың тиімді әдістерін көрсетті.
Балабақша мен колледж арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің арнайы пән оқытушысы, п.ғ.м. Ж.Төрежанқызы, Ойыл ауданы «Балдырған» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі А.К.Бисебаева заманауи әдіс-тәсілдерге негізделген Йохокуб технологиясын ұсынды.
Экологиялық тәрбие бағыты бойынша облыстағы «Жасыл балабақша» жобасымен жұмыстанатын Мұғалжар ауданы «Достық» және Хромтау ауданы №6 «Ақкөгершін» бөбекжай-бақшаларының әдіскері Г.А.Бектасова мен меңгерушісі А.У.Кулумшина балаларды табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуде ата-анамен бірлескен жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Ұлттық құндылық пен заманауи технологияны дамыту мақсатында №48 «Шаттық» балабақша меңгерушісі Н.И.Балмагамбетова және әдіскері Г.С.Бозшина «Этно-STEAM» педагогикасы: Ұлттық кодты заманауи технологиялар арқылы жаңғырту» тақырыбында өз тәжірибелерін ортаға салды.
Ойыл ауданы «Асанәлі» және Ақтөбе қаласы №33 «Нұрсәт» балабақшаларының тәрбиешілері А.А.Ерішева мен А.Б.Рахметова «Балабақшадағы STEM, робототехника және бағдарламалау бағыттары» тақырыбында балалардың инженерлік ойлауын дамытуға бағытталған іс тәжірибелерімен бөлісті.
Ақтөбе қаласы Ә.Кекілбаев атындағы IT №72 орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі В.Т.Курпишева жасанды интеллект көмегімен мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған заманауи материалдарды әзірлеудің тиімді жолдарын атап өтті.
Мектепалды сынып және шағын орталықтың тәрбиешілерінің құжаттамамен жұмыс жасауын талапқа сай әрі тиімді жүргізуге бағыттау мақсатында Ақтөбе қаласындағы №13 «Бөбек» бөбекжай-балабақшасының әдіскері Г.М.Кеулімжаева және №34 орта мектебінің мектепалды сынып тәрбиешісі А.А.Бердибаева нормативтік-құқықтық құжаттарды тәжірибеде тиімді қолдану жолдарын түсіндіріп, практикалық үлгілерімен бөлісті.
Іс-шара барысында Хромтау ауданы №8 «Тұлпар» бөбекжай-балабақша тәрбиешісі мектепке дейінгі ұйымның «Үздік педагог-2026» республикалық байқауының Бас жүлде иегері А.М.Егизбаева заманауи педагогтің мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы білім беруі мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы тиімді жолдарымен таныстырды.
Секция жұмысы сұрақ-жауап форматында жалғасын тауып, қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс жасалды.
Секция қорытындысында қатысушылар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында адалдықты, отансүйгіштікті және зияткерлік қабілеттерді ерте жастан қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, ұсыныстар мен нақты практикалық шешімдер қабылданды.

