АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

БЖЗҚ салымшылары 15 миллионнан аса қызмет алды  

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 10 айы ішінде өз салымшыларына 15,8 миллион қызмет көрсетті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус індетіне (COVID-19) байланысты ағымдағы жылы қабылданған бірқатар шектеу шараларына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 8% немесе 1,2 млн. бірлікке артты.

Ағымдағы жылдың 1 қарашасына қарай операциялардың жалпы көлемінің 14,5 миллионы (немесе 92%) электрондық форматта жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің танымалдығы 23,8% немесе 2,8 млн қызметке өсті. Осылайша  салымшылардың көпшілігінің БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен қызметтердің толық құрамын үйден шықпай-ақ алатынын көруге болады. Атап айтқанда, бұлар жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге және (немесе) көшуге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ-ның 200-ден астам бөлімшесі барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қызмет көрсетуде. Салымшылар 10 ай көлемінде 1,1 миллионнан аса қызмет алды. Бұдан басқа БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлімдері  1 қарашадағы жағдай бойынша Қор  салымшыларына 80,4 мың қызмет көрсетті.

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушыларына бағытталған ақпараттық арналарды дамыту. Ағымдағы жылдың он айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кері байланыс арналары бойынша салымшылардан түскен өтініштер саны екі еседен аса артты: 2020 жылы 1,2 млн өтініш қаралған болса, 2019 жылдың осындай кезеңінде 580,4 мың өтініш қабылданды.

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)  байланыс орталығынан кеңес ала алады. Сонымен қатар кеңесті www.enpf.kz корпоративтік сайты, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы да алуға болады. 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1