ТЖКББ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ОРЫНБАСАРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

 Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 17 ақпан күні Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің базасында «Заманауи тәрбие технологиялары және оларды тәрбие процесінде қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директоры Д.У.Жаманбаева алғы сөз алып, тәрбие жұмысының жүргізілуі колледж әкімшілігінің, топ жетекшілерінің, педагог-психологтардың, клуб, үйірме, жетекшілерінің күшімен жүзеге асырылатындығына тоқталды және Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің директоры Ж.С.Мухамбетпаизова тәрбие процесінің колледждегі жүргізілу барысымен бөлісіп семинар қатысушыларына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Д.К.Халетова ТжКББ ұйымдарындағы тәрбие бағытының жұмысын жандандыру, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, студенттерге толыққанды білім мен тәрбие алуға жағдай жасау керектігін айтып өтті. 

Семинар барысында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталық, ТжКББ бөлімінің әдіскері Б.Ж.Нурмолдина «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының бағыттары» тақырыбында ақпарат берді. Сондай-ақ, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.У.Есенгалиева «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың технологиялары – біздің іс-тәжірибемізде», әлеуметтік педагог А.Ж.Бижанова «Білім алушыларды әлеуметтік қолдау», еріктілер клубының жетекшісі Н.Медиев Волонтерлар (еріктілер) клубының жұмыс барысы тақырыптарында баяндамалары тыңдалды.

Колледж психологтері А.Д.Қосдәулет, А.Т.Шортанбаева «Психологиялық жұмыс барысының жүргізілуі», студенттік IT клубтар үйірмелерінің жетекшісі Н.К.Исмагулова «РОБО клуб», «3d модельдеу», «Moution Pesign», «Marker Space» үйірмелер жұмыстарының жүргізілуі, дебат жетекшісі А.С.Ялгашбаева «Дебат клубының ұйымдастырылуы», топ куратор Д.Т.Шаңбаев «Топ жетекші-тәрбие жұмысын үйлестіруші педагог» тақырыбында тәжірибелік жұмыстары көрсетіліп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында сергіту тренингі ұйымдасытырлып, тәрбие ісі жөнінідегі орынбасарлары өзара пікір алмасты.

ТЖКББ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ОРЫНБАСАРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе техника-техникалық колледжінің базасында  «Тәртіп. Заң. Құқық» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе облыстық-ғылыми тәжірбиелік орталығының  әдіскері Б.Ж.Нурмолдина сөз алып кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және  жастардың  қоғамдағы орны мен құқығын білу туралы ата-аналар әр жасөспіріммен жұмыстанулары керектігіне тоқталды. Ақтөбе техника-техникалық колледжінің директоры Л.И.Ким тәрбие  процесінің колледждегі жүргізілу барысымен бөлісіп дөңгелек үстелге қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Шара барысында Ақтөбе техника-технологиялық колледжі директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ж.А.Бисенова «Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі қызметін ұйымдастыру жұмыстары», топ жетекші  Н.К.Исмагулова «Основные направления работы куратора группы»  тақырыптарында баяндамалары тыңдалып,  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция капитаны Н.М.Жолдыбаева «Кәмелетке толмағандар арасындағы  құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» тақырыбында кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы ақпараттандырып өтті. 

Шара соңында колледж психологі Д.Е.Ержан қатысушыларға тренинг өткізді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

 

«БАЛА ЖЫЛЫ» КОЛЛЕДЖ ҚАБЫРҒАСЫНДА АТАЛЫП ӨТТІ

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл «Бала жылы» деп жариялауына байланысты 2022 жылғы 21 сәуір күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен  «БАҚЫТТЫ БАЛА – ОЗЫҚ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ» тақырыбында Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің базасында  мерекелік шара өтті.

Аталған шараға Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп – интернат – колледж» кешені мен Жайсаң көпсалалы колледжідерінен  30-ға жуық  білім алушы қатысты. 

Қатысушыларға концерттік бағдарлама, балаларға көңіл күй сыйлау мақсатында «Сиқырлы бояулар» беттеріне аквагрим жасалып, шаштараз мамандығына деген қызығышылығын арттыруда шаш стилінің түрелерінен  классикалық, спорттық бағытта әсемдеудің және өрудің үлгілері көрсетілді.

Шара соңында балаларға ұлттық асық ату ойыны мен психологиялық тренинг ұйымдастырылып, кеш қорытындыланды.

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ, ТОП КУРАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАТАҚХАНА ТӘРБИЕШІЛЕРІ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

2022-2023 оқу жылында ТжКББ ұйымдарындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыты ең алдымен білім алушыларда бәсекеге қабілетті түлек үшін қажетті өмірлік дағдылар мен адами құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.

2022 жылдың 15 қыркүйегінде директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, топ кураторлары және жатақхана тәрбиешілері үшін «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тәрбие бағытының мазмұнын трансформациялау: негізгі өзгерістер мен жаңа тәсілдер» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарда тәрбие жұмысының ерекшеліктері және олардың басым бағыттары, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллингтің алдын алу, тәрбие жұмысында инновациялық технологияларды қолдану және пайдаланудың маңыздылығы, жаһандық өзгерістер жағдайында жатақханадағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді бағыттары туралы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, әрбір студенттің көшбасшылық қасиеттерін ашу және жастар бастамаларын қолдау мақсатында Жастар ісі жөніндегі комитеттің, педагог-психологтардың, топ кураторларының, клубтар мен үйірмелер жетекшілерінің жұмысын жетілдіру және жандандыру қажеттігі туралы атап өтілді.

Семинарда қатысушылар 2022-2023 оқу жылына арналған ұсыныстарды қабылдады:

- тәрбие жұмысының мазмұнын трансформациялау жағдайында педагогтарды кәсіби жетілдіру үшін жағдай жасау;

- оқу-тәрбие үрдісіне озық педагогикалық тәжірибені енгізу және оларды тарату;

- тәрбие жұмысының мазмұнын және олардың басым бағыттарын жетілдіру;

- жастарды салауатты өмір салтына тарту;

- көшбасшылық қабілеттерін дамыту, әрбір білім алушының тәрбие деңгейін және жеке тұлғалық өсуін арттыру бойынша жұмысты жандандыру.

Ашық диалог алаңында Ақтөбе облысы полиция департаменті ювеналды полиция тобының аға инспекторы Н.А.Мукумов, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі М.К. Жұбандықова және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «2022-2023 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының ТжКБ ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хатты талқылап, ТжКББ ұйымдарында тәрбие жұмысын қамтамасыз етудің негізгі нормативтік-құқықтық актілеріне тоқталды.

 

ТЖКББ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТОП ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі М.Қабижанұлы, «Бақытыңды балаңнан ізде», Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжінің ата-аналар комитетінің төрайымы  М.С.Калиева, «Колледж бен отбасы ынтымақтастығының жасөспірімдер тәрбиесіндегі рөлі» тақырыптарында ақыл кеңестерімен бөлісті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ТжКББ  бөлімінің әдіскері Б.Ж.Нурмолдина, «Бала тәрбиесі баршаға ортақ», Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ж.Омар, «Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен колледж ынтымақтастығы», колледждің әлеуметтік педагогы С.Н.Куанышова «Тәрбие-студент тұлғасын қалыптастыратын қозғаушы күш», тақырыптарында ТжКББ ұйымдарындағы топ кураторларының жұмысын жандандыру, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, студенттерге толыққанды білім мен тәрбие алуға жағдай жасау керектігіне тоқталды.  Сонымен қатар, тәрбие сағаттарын ұйымдастырудың бағыттары мен  сабақ барысында  қолданылатын технология түрлері туралы айтылды.

Тәжірибелік бөлімде ашық тәрбие сағатын  колледждің  топ жетекшісі С.Е.Баймұратов, «Ата-ана мен мұғалім - жасөспірімнің өз жолын дұрыс таңдауындағы басты бағдаршамы», ашық алаңнан үзінді топ жетекші Н.М. Худайбергенов, «Колледж-студент-отбасы», шебер кластан үлгі көрсетуде  колледж әдіскері, топ жетекші  С.С.Бикешева,  «Тату отбасы, бақытты бала-мемлекеттің  сенімді іргетасы» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Колледж психологі А.А.Курмантаева «Отбасы және колледж ынтымақтастығы» тақырыбында тренинг өткізіп, кеңес берді. Шара соңында  ашық диалогтық алаң құрылып, ұсыныстар қабылданып,  шара қорытындыланды.

 

ТЖКББ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТОП КУРАТОРЛАРЫНА ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен  ТжКББ ұйымдарының топ кураторларымен  «Студенттің бойында коммуникативтік тұлға қалыптастыру мен дамытудағы топ кураторының педагогикалық құзыреттілігі»  тақырыбында  облыстық дөңгелек үстел өтті.

Орталық әдіскері Б.Ж.Нурмолдина, «ТжКББ ұйымдарындағы топ жетекшінің педагогикалық құзыреттілігін дамыту және іске асыру», Ақтөбе гуманитарлық колледжінің топ кураторы Б.К.Жаркаева  «Қолайлы білім беру ортасын құруда кураторлық қызметтің рөлі» тақырыбында баяндама жасалды.

Шараның тәжірибелік бөлімінде Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технология колледжінің  кураторы С.О.Түменбаева, Ш.Берсиев атындағы Жоғары ауылшаруашылығы колледжінің кураторы Г.К.Досжан, Ойыл аграрлық колледжінің кураторы С.К.Курманкулова, Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің кураторы А.С.Кулкаева тәрбие жұмысын ұйымдастыруда өздерінің шебер кластарымен бөлісті.

 Сондай-ақ, студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, қолайлы білім беру ортасын құруда кураторлық қызметтің рөлі, білім алушымен қарым-қатынасы туралы  орталықтың психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері М.Т. Сарсенгалиева  кеңес беріп өтті.

Ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар қабылданып, шара қорытындыланды.

 

ТжКББ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТОП ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН  ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

«Тәрбие сағаттарын ұйымдастырудың маңыздылығы, ерекшеліктері, тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар барысында ТжКББ ұйымдарындағы тәрбие жұмысының бағыттары бойынша Ойыл аграрлық колледжі директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ш.С Изматова «Колледждің тәрбие жұмысында топ жетекшісінің ролі», топ жетекшілер бірлестігінің жетекшісі А Турикбенова «Топ жетекшілер кеңесінің қызметі, жүргізілуі», топ жетекшілері А.Т.Дусипова «Тәрбие сағаттарында IT технологияны пайдаланудың маңыздылығы», Ә.А.Әлдеш «Тәрбие сағаттарында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында колледж психологі А.А Сәркенаева «Психологиялық тренингтер арқылы студенттердің тәрбие сағатына қызығушылығын арттыру» тақырыбында қатысушыларға тренинг өткізді. Ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылып, семинар қорытындыланды.









FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1