Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлік – ұрпаққа ұран» тақырыбында патриоттық ән байқауы Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледж базасында өтті.
Байқау жастардың бойында патриоттық сезімін, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, талантты, дарынды жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Жарысқа Ақтөбе облысының ТжКББ ұйымдарынан 15 колледжден 15 білім алушы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - Балғабек Назым Отарқызы, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі;
I орын - Алтынбекқызы Назерке, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі;
I орын - Ұлықпан Алдияр, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі;
II орын - Нұрұмбет Арайлым Дидарқызы, Кеңес Одағының Батыры М.Маметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі;
II орын - Әділғазы Диляра Жасұланқызы, «ДҮНИЕ» колледжі;
II орын - Жаксылыков Жандос Султанбаевич, Ақтөбе техника-технологиялық колледжі;
III орын - Дурщенко Михаил Констанович, Жайсаң көпсалалы колледжі;
III орын - Егінбай Асылым Нұрдәулетқызы, Ақтөбе сервис колледжі;
III орын - Синявская Ольга Сергеевна, Қобда көпсалалы колледждері иеленді. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Облыстық патриоттық ән байқауының жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!