ЖАУАП: Қайырлы күн! Жеке деректерді жаңартудың бірнеше жолдары бар:
✅ БЖЗҚ сайтында (www.enpf.kz) электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен Жеке кабинетке кіру және одан әрі «Қызметтер» бөлімінде (Жеке кабинетте) «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» қосымша парақшасына өту арқылы;
✅ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне бару арқылы. Ескере кететін жәйт, карантин жағдайында халық пен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлімшелері алдын ала жазылу бойынша күндізгі режимде жұмыс істейді. Алдын ала жазылу үшін www.enpf.kz сайтының басты бетіндегі «Электрондық қызмет көрсету» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет көрсетуге кезекті брондау» баннерін басу қажет;
✅ «Қазпочта» АҚ кеңселерінде деректемелерге өзгерістер/толықтырулар енгізу туралы өтініш жіберуге болады. Бұл қызметті көрсететін филиалдардың тізімі www.enpf.kz сайтында «Қызметтер» бөліміндегі, «Қазпочта» АҚ-мен серіктестік» парақшасында орналастырылған.