1. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу кезінде ең төменгі жеткіліктілік шегі қалай есептеледі?

         Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қазақстандықтарды қолдау мақсатында БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы жинақтарының бір бөлігін зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатаң белгіленген балама мақсаттарға – тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделу ақысын төлеуге мерзімінен бұрын алу құқығы берілді. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты сақталады: олар болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшері деңгейінде болса да зейнетақы кірісін қамтамасыз етуге тиіс.

         Осыған орай, мемлекеттік органдар зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірледі, содан кейін оны ҚР Үкіметі бекітті (Үкіметтің «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық табысын зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» қаулысы ).

Осы Әдістеменің ережелеріне сәйкес зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі есептеледі, бұл зейнетақы жасына жеткен кезде зейнеткердің ай сайынғы табысын қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы капиталын ең төменгі бір зейнетақыдан төмен емес мөлшерде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Яғни, зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі – бұл негізгі нысаналы мақсаты болып саналатын зейнетақы төлемдері үшін салымшының зейнетақы шотында сақталуға тиіс ақша сомасы. Ал балама мақсаттарға зейнетақы жинақтарының шекті мөлшерден асатын бөлігін алуға болады.

Салымшылардың болашақта да (зейнеткерлік жасқа толғанға дейін) еңбек қызметін жалғастыратындығын және тиісінше БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдарын жасайтындықтарын ескеріп, ең төменгі жеткіліктілік шегі БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын ең төменгі жалақы мөлшеріндегі табысынан ай сайын (жылына 12 реттен) аударатынына сүйене отырып, әрбір нақты жас үшін жеке есептеледі.

Осылайша  ең төменгі жеткіліктілік шектерінің мөлшерін есептеу белгілі бір жасқа қарай адам қанша табыс таба алатынына емес, зейнеткерлік жасына қарай жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы жоғарыда көрсетілген ең төменгі талаптарға сәйкес келетіндігіне негізделеді.

2021 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерінің мөлшері мынадай:

Жасы

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі, теңгемен

20

1 710 000

21

1 780 000

22

1 860 000

23

1 930 000

24

2 010 000

25

2 090 000

26

2 170 000

27

2 250 000

28

2 330 000

29

2 420 000

30

2 500 000

31

2 590 000

32

2 670 000

33

2 760 000

34

2 850 000

35

2 940 000

36

3 030 000

37

3 130 000

38

3 220 000

39

3 320 000

40

3 420 000

41

3 520 000

42

3 620 000

43

3 720 000

44

3 820 000

45

3 930 000

46

4 030 000

47

4 140 000

48

4 250 000

49

4 360 000

50

4 470 000

51

4 590 000

52

4 700 000

53

4 820 000

54

4 940 000

55

5 060 000

56

5 180 000

57

5 300 000

58

5 430 000

59 - 62

5 560 000


  1. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу үшін қаражатымның жеткілікті екенін қалай тексеруге болады?

БЖЗҚ өз зейнетақы жинақтарыңызды тексерудің бірнеше тәсілін ұсынады:

Бірінші және ең танымал тәсіл – интернет-байланыс арқылы, кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшада қажетті ақпаратты алуға болады. Оған кіру үшін салымшыға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ-ны egov.kz порталында қашықтықтан алуға болады) немесе БЖЗҚ дерекқорында тіркелген ЖСН мен пароль қажет.

Екінші тәсіл – үзінді көшірмені салымшы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберу. Салымшы мәліметтерді алу кезеңділігін өзі таңдайды: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын.

Үшінші тәсіл – egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы. Оған кіру ЭЦҚ немесе mGov мобильді базасында тіркелген салымшының ұялы телефон нөміріне жіберілетін бір реттік sms-пароль арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, өз зейнетақы шотыңызды БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне барып немесе дәстүрлі пошта арқылы жыл сайынғы үзінді көшірмені алу арқылы тексеруге болады.

Салымшы кез келген уақытта enpf.kz сайтында (ЭЦҚ көмегімен) немесе БЖЗҚ кеңсесінде ақпарат алу тәсілін таңдап, өзгерте алады.

Барлық қызметтерді смартфондар немесе планшеттер арқылы алу ыңғайлы және осы тәсілге үйренген адамдар үшін қарапайым және функционалды ENPF қосымшасы бар.

Осы мобильді қосымшаға тіркелу үшін ұялы телефоныңызға смс-хабарлама арқылы жіберілетін бір реттік құпиясөзді пайдалануға болады.

Сондай-ақ, Қордың сайты мен мобильді қосымшасындағы Жеке кабинетте «Үзінді-көшірме алу» опциясына зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу үшін жеткіліктілік шегі көрсетілген жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу функциясы қосылған.

       Халыққа ыңғайлы болуы және оларға неғұрлым қолдау көрсету үшін зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі туралы ақпарат алуға арналған cabinet.enpf.kz/porog жаңа сервисі әзірленді. Қызметті электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе SMS арқылы mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне түсетін бір реттік парольдің көмегімен қолдануға болады.   

        ЭЦҚ көмегімен авторлану үшін www.cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру керек, қолтаңба сертификатын таңдап, ЭЦҚ арқылы қызметке кіруге болады. Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:

  • өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;
  • дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;
  • «Кодты жіберу» батырмасын басыңыз;
  • алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.

    Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі, ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді.

 

  1. Азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай алуға болады? Қайда жүгіну керек?

Егер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарыңызды тексергеннен кейін Сіз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге және (немесе) емделуге пайдалану туралы шешім қабылдаған болсаңыз, онда Сізге уәкілетті операторға жүгіну қажет.

Үкіметтің қаулысымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлар болып төмендегілер айқындалды:

- тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында – «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы;

- тұрғын үй және (немесе) бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізумен қоса тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу; тұрғын үй және (немесе) бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізумен қоса тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қарызын ішінара немесе толық өтеу; ипотекалық тұрғын үй берешегін қайта қаржыландыру жолымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында – екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) (қазіргі уақытта БЖЗҚ «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ және «БанкЦентрКредит» АҚ-мен өзара қарым-қатынас туралы келісімді бекітті);

- емделуге ақы төлеу мақсатында – «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы.

ЕДБ-мен келісім уәкілетті оператор мен БЖЗҚ арасындағы біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару және қайтару мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібін, сондай-ақ, ақпараттың құпиялылығын сақтау жөніндегі шарттар мен міндеттемелерді қоса алғанда, Келісім тараптарының әрқайсысының міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.

БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың ақпараттық жүйелерін біріктіру «Электрондық үкімет» веб-порталындағы интеграциялық сервис арқылы жүзеге асырылады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты қажеттіліктерге алу және пайдалану ережелері туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылған.

Салымшының құжаттарын қарағаннан кейін уәкілетті оператор БЖЗҚ-ға салымшының өзі айқындаған және оның өтінімінде көрсетілген мөлшердегі зейнетақы жинақтарын аудару туралы хабарлама жібереді.

Уәкілетті оператордан хабарлама алғаннан кейін БЖЗҚ салымшының тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында уәкілетті операторда ашылған арнайы шотына зейнетақы жинақтарын аударуды (5 жұмыс күні ішінде) жүзеге асырады.

 

  1. Алынған ақша үшін салықты қалай төлеуге болады?Оларды бірден немесе бөліп төлеуге бола ма?

Салымшының зейнетақы жинақтарын алу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдауға құқығы бар (жарналарды аудару кезінде ЖТС алынбаған).

Азаматтар ЖТС төлеуді кейінге қалдыруды не жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін алу кезінде оны толық көлемде өтеуді таңдай алады. Кейінге қалдыру ЖТС-тың зейнетақы жасына жеткеннен кейін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры белгілеген кесте бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен төленетінін білдіреді.

 

  1. Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның бір бөлігін қаржы компанияларының басқаруына бергім келеді. Қайда хабарлассам болады?

Салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі белгілеген төмендегідей қосымша талаптарға сәйкес келетін басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға бере алады:

- клиенттердің активтерін басқарудың жеткілікті тәжірибесінің болуы;

- соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің оң нәтижелерінің болуы;

- меншікті капиталының жеткілікті болуы, оның ішінде басқарушы компанияның зейнетақы активтері бойынша табыстылығы жетіспейтін салымшыларға ықтимал өтеуі үшін капиталының болуы;

- бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер бойынша айла-шарғы жасау деректерінің болмауы;

- басқарушы компания иелерінің құрылымында ірі акционердің болуы;

- НҚА белгілеген басқа талаптар.

Агенттік ай сайынғы негізде зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген жеке басқарушы компаниялардың тізілімін қалыптастыратын болады.

Басқарушы компанияны таңдауды осы тізілімге енгізілген компаниялар тізбесінен БЖЗҚ салымшысының өзі тікелей жүзеге асыратын болады.

Салымшы зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияға сенімгерлік басқаруға беру мақсатында БЖЗҚ-ға жеке өзі немесе БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы тиісті өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен (өзі жүгінген кезде) хабарласуы тиіс.

Жеке басқаруға беруге жататын зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ның кастодиан банктегі шотына есепке алу және сақталу үшін аударылады, осы банк және жеке басқарушы компания мен БЖЗҚ арасында үш жақты кастодиандық шарт жасалады.

Таңдалған басқарушы компания қызметінің нәтижелеріне қанағаттанбаған жағдайда салымшылардың өз жинақтарын басқа басқарушы компанияға аудару немесе ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару құқығы сақталады.

Зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін азаматтардың инвестициялық кірістері ескерілген зейнетақы жинақтары ҚРҰБ басқаруына қайтарылады (егер олар осы мерзімге дейін басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруында болған болса) және кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу немесе заңнамада көзделген өзге мақсаттарға пайдаланылатын болады.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1