Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтың инклюзивті және арнайы білім беру бөлімінің қызметі

Орталықтың инклюзивті және арнайы білім  беру бөлімінің мақсаты –ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға сапалы білім алу үшін инклюзивті және арнайы білім беру ұйымдарының білім беру процесін ұйымдастыруда әдістемелік қолдау көрсету, әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделеу. Әдістемелік көмек көрсете отырып, оқыту семинарлар ұйымдастыру. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық педагогикалық тәжірибені тарату.

Бөлімнің әдіскерлері педагогтер мен арнайы мамандарға әдістемелік, консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді. Олар инклюзивті және арнайы білім беруді іске асыруға бағытталған нормативтік-құқықтық құжаттардың орындалуын түсіндіреді және тәжірибеде қолдануға әдістемелік көмек береді.

Әдіскерлер педагогтер мен арнайы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында семинарлар, вебинарлар, шебер сыныптар, коучингтер және тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастырады.

Түзету-дамыту жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін әдістемелік материалдар және ұсынымдар береді.

Педагогтердің практикалық қызметін сүйемелдеу барысында әдіскерлер сабақтарға, түзету сабақтарына қатысып, мониторинг жүргізеді, талдау жасайды және кері байланыс ұсынады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс жүргізуде педагогтер мен арнайы мамандардың өзара әрекеттесуін үйлестіреді.

Облысымызда  33 арнайы білім беру ұйымы бар (5 арнайы балабақша, 4 арнайы мектеп, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК), 15 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК), 1 оңалту орталығы, 1 аутизм орталығы, 1 өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы, 1 жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы, 1 балалар сауықтыру лагері).

Арнайы білім беру ұйымында 772 педагог және  арнайы мамандар  жұмыс жасайды. Оның ішінде: дефектолог-200, логопед-106, сурдопедагог-10,  тифлопедагог-5, қалған педагогтер саны – 451.

2025-2026 оқу жылында облыс бойынша облыстық психолог-медициналық-педагогикалық консультацияның деректері бойынша мүмкіндігі шектеулі 9871 бала тіркелген.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар мен орта құру мақсатында мектептерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау бойынша 42 кабинеттер жұмыс істейді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру мақсатында мектептерде арнайы педагогтер (логопедтер, дефектологтер), әлеуметтік педагогтер, педагог-психологтер, педагог-ассистенттер жұмыс істейді. Олардың жалпы саны — 1415 адам (логопед — 123, дефектолог — 113, әлеуметтік педагог — 315, педагог-ассистент — 425, педагог-психолог — 435, жеке көмекші — 4).

Орталықтың 2025 жылдың жоспарына сәйкес инклюзивті және арнайы білім беру бөлімі бойынша мұғалімдерді кәсіби қолдау, әдістемелік сүйемелдеу бағытында төмендегідей шаралар жүргізілді:                       

- 6 семинар (3 онлайн семинар, 2 әдістемелік семинар, 1 workshop);

- 1 пәндік олимпиада;                      

-1 форум;

-1 республикалық байқаудың облыстық кезеңі.

- 2 шебер-класс;

- 5 зерделеу (Хромтау, Ырғыз, Қарғалы аудандар, Мәртөк ауданы Жайсаң арнайы білім беру ұйымы, Шалқар ауданы М.Тәжин атындағы және Бершігүр жалпы орта білім беретін мектептері)

Барлығы инклюзивті білім беру бойынша 14 шара өткізіліп, 1004 педагог қамтылды.

«Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған ақпараттық технологияларды қолдану» 

2026 жылдың 21 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспары бойынша арнайы білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін орта  мектептердің  педагогтар мен дефектолог мамандарына арналған «Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында шебер-класс қашықтан ұйымдастырылды.       

 Шебер класта облыстық арнайы мектеп-балабақшасының дефектологы Қабақбаев Бағдат Нұрланұлы өзінің озық тәжірибесімен бөлісті.

         Шараның мақсаты: психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық белсенділігі мен оқу мотивациясын арттыру мақсатында білім беру процесінде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қолдану.

Шара барысында қатысушылар психикалық дамуы тежелген балалармен жұмыста қолданылатын заманауи ақпараттық технология түрлерімен, олардың мүмкіндіктерімен танысты.

Педагог ұсынған практикалық жаттығулар мен әдістемелік материалдар бойынша қатысушылар кері байланысқа шығып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.   

Шараға 65 педагогтер қатысты.

 

 

Инклюзивті білім беру: мүмкіндіктер мен тәжірибелер

2024 жылғы 11 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында «Инклюзивті білім беру: мүмкіндіктер мен тәжірибелер» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысы өтті.

Конференцияның басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді және сапалы білім беру мүмкіндіктерін кеңейту.
         Отырыста Қазақстандағы инклюзивті қоғамды қалыптастырудың негізгі бағыттары, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауда отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың рөлі, АВА (Applied Behavior Analysis) мінез-құлық терапиясының маңыздылығы және инновациялық әдістердің балалардың дамуына әсері сияқты тақырыптар талқыланды.

Шараға Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан, Атырау мен Маңғыстау облыстарынан келген білім беру ұйымдарының басшылары, педагогикалық қызметкерлер, ҮЕҰ өкілдері, психологиялық-педагогикалық қолдау мекемелерінің меңгерушілері және әдіскерлері қатысты.

Конференция соңында қатысушылар бұл тақырыпта жаңа идеялар мен нақты шешімдер ұсынды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT