Мен де бұл басылымның мыңдаған оқырмандарының бірімін. Сондықтан газетте жарияланған мазмұнды мақалалардың рухани пайдасын айрықша атап айтпасқа болмайды. Қай кезде өмір сүрсек те ақпарат көзі боп табылатын және моральдық тұрғыдан азыққа айналған газеттің ұстаз үшін берері мол. Әрине, ғаламторды қанша жерден мақтасақ та, ол газет пен журналдай бола алмайтыны хақ.
Толығырақ...«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Серікова Раушан. Раушан Серікқызы үшін бұл сала таңсық емес. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі еңбек жолын қарапайым мұғалім болып бастаған. Аудан, қала мектебінде ұстаздық етіп, мектеп директорының орынбасары лауазымын атқарды.
Толығырақ...Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Үздік педагог — 2021» байқауы қорытындыланды. Байқау нәтижесі бойынша 64 ұстаз үздік атанды.
Толығырақ...Бәсекеге қабілетті мамандар дайындаудағы ұлы мұратты мақсат еткен ұстаздардың бірі біздің арнаулы оқу орнындағы ақпараттық жүйелер бөлімінің меңгерушісі, арнайы пән оқытушысы Исмагулова Нургул. Ол 2002 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіндегі математика-информатика мамандығын тәмамдап, 2019 жылы жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Толығырақ...Жан-жағына жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздың бірі — біздің білім шаңырағындағы математика пәнінің мұғалімі, «Ақтөбе облысының үздік педагогі» төсбелгісі иегері, педагог шебер Абдуллин Нұрбек. Заман талабына сай жаңадан құрылған, ұлттық өнеге берер, болашақ қазақ мектебінің қандай болмағы мұғалімдерге үлкен міндет артады, шығармашылықпен жұмыс істеп, тынбай ізденуін қажет етеді.
Толығырақ...«Өз жақсылармызды өзіміз ұлықтамасақ, өз жайсаңдарымызды өзіміз қызықтамасақ онда ол өз ырысымызды өзіміз тепкендік, өз тілеуімізді өзіміз кескендік те болар еді», – дейді қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаев. Адам өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, ерекше адамгершілікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық ол – ұстаздық.
Толығырақ...© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр