ЖМЗЖ қандай қаржыдан төленеді? Ол қандай көлемде беріледі және жарнаның мөлшері қалай өзгереді?
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа құрамдауыш - жұмыс берушінің зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Енді әрбір жұмыс беруші БЖЗҚ-ға қызметкердің табысынан міндетті 10 пайыздық жарналардан бөлек, қызметкерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен қосымша жарналар аударуға міндетті. Ерекше атап өтейік: жарналарды төлеу жұмыс берушінің қаражатынан жүзеге асырылады, бірақ олардың мөлшері қызметкердің табысынан есептеледі. 2024 жылы бұл 1,5 пайызды құрайды. 2028 жылға дейін жыл сайын жарна мөлшері 0,5% - ға ұлғайып, 2028 жылы 5% мөлшеріне жетеді:
Жұмыс берушілер ЖМЗЖ-ны қалай аударады?
Егер агент (жұмыс беруші) арнайы салық режимін таңдамаған болса, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу сияқты кірістер төленетін айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленуі керек.
Жұмыс беруші ЖМЗЖ төлеу тәртібін бұзған жағдайда қайда жүгінуге болады?
Әлеуметтік кодексте жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын тек өз қаражаты есебінен төлеу міндеті нақты айқындалған. Салымшылар жарналардың осы түрінің түскені туралы мәліметті жарналардың барлық түрлері бойынша ақпарат берілетін жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеден көре алады.
ЖМЗЖ-ның енгізілуі жұмыс беруші үшін салмақ болмай ма?
Жаңа құрамдауышты енгізу – (ЖМЗЖ) - басқа міндетті төлемдердің енгізілуіне байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылды. Осы уақыт ішінде кәсіпкерлерге жүктеме біркелкі бөлініп, оларға бизнесті өз бюджетінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге дайындауға мүмкіндік берілді.
«ЖМЗЖ енгізу туралы шешімнің мақсаты қандай?
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу туралы ой елімізде соңғы бірнеше жыл бойы талқыланып келеді. Ол 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасына енгізілген.
ИПБ-ға аударылған қаражатты шешіп алу МҮМКІН ЕМЕС!
ИПБ-ға аударылған қаражатты шешіп алу МҮМКІН ЕМЕС! Соңғы кездері инвестициялық портфельді басқарушыға аударылған зейнетақы жинақтанын шешіп алуға көмектесуге уәде беретін алаяқтар желіде көптеп таралуда.
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша алғашқы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар түсті
"Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті.
БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшасында жеке зейнетақы жоспарын құрудың жаңа қызметі ұсынылады
БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшасында жеке зейнетақы жоспарын құрудың жаңа қызметі ұсынылады. Дербес жоспар пайдаланушыға өз бетінше іске асыруға мүмкіндік береді: - зейнетақы жинағының ағымдағы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің өзіңіз қалаған сомасын негізге ала отырып, жарналардың талап етілетін мөлшерін есептеуге; - жинақтаудың дербес жоспарының орындалуына мониторинг жүргізуге (автоматтандырылған дербес хабарламалар жүйесі арқылы).
Егер қандай да бір жылдағы инвестициялық кіріс теріс сипат алса не болады?
Егер қандай да бір жылдағы инвестициялық кіріс теріс сипат алса не болады? Ұлттық қордың активтері ұзақ мерзімді негізде инвестицияланады және инвестициялау нәтижелері әртүрлі нарықтық факторлар әсер ететін қаржы нарықтарындағы жағдайға тәуелді.
ЗЕЙНЕТАҚЫ КАЛЬКУЛЯТОРЫНЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Болашақ зейнетақының мөлшері туралы сұраққа жауап іздеген БЖЗҚ салымшылары ыңғайлы құрал – зейнетақы калькуляторын пайдалана алады. Оның мүмкіндіктері жақында ғана жаңа функциялармен тролықтырылды. Енді сіз өзіңіздің болжамды болашақ зейнетақыңызды дербес есептеп қана қоймай, Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерге сәйкес сақтандыру ұйымынан және болжамды зейнетақы калькуляторынан сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемін есептеуді өзектендіре аласыз. Бұл ретте мүгедек адамдардың және зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы да ескерілді.
БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) дербес деректерін жинау және өңдеу үшін келісімдері неліктен қажет?
Қазіргі кезде көптеген қызмет түрлерін алған кезде мемлекеттік және қаржылық құрылымдар пайдаланушының дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін сұрайды. Салымшы (алушы) enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында Жеке кабинетіне кірген кезде БЖЗҚ осындай келісім беру туралы неге бір рет сұраныс жасайтынын біліп жүрейік.
БЖЗҚ дан зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымдарына аударудың жаңа тәртібі
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы аннуитеті шарттары (бұдан әрі – ЗАШ) бойынша зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аудару рәсімін оңтайландыруды көздейтін Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің және № 44 Қағидалардың ережелері қолданысқа енгізіледі.
2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі Ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері бұрынғы деңгейде қалды
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) жыл сайын келесі қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заң ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында алдағы жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігі шегін (ТЖШ) жариялауға міндетті.
АБАЙЛАҢЫЗ! АЛАЯҚТАР ДЕЛДАЛДАР КЕЙПІНЕ ЕНУДЕ!
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) соңғы уақытта алаяқтардың жалған ақпарат тарату жағдайларының жиілеп кеткенін хабарлайды.
«ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛАЛАРҒА»: ДЕЛДАЛ ҚАЖЕТ ЕМЕС
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы іске қосылатыны бәрімізге белгілі. Оның шеңберінде барлық кәмелетке толмаған қазақстандықтарға жыл сайын ҚР Ұлттық қорының 18 жылдағы орташа инвестициялық табысының 50% теңдей үлесте есептелетін болады.
ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН (ЖМЗЖ) ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АУДАРУҒА АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕМЕЛЕР
БЖЗҚ 01.01.2024 жылдан бастап қолданыстағы жинақтаушы жүйе жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауыш - жұмыс берушінің зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылатынын еске салады.
Айтыңызшы, өтініш, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қашан басталады және аударымдарды қай қаржы ұйымы реттейтін болады? Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар есебі қалай жүргізіледі?
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор - балаларға" жобасын іске қосу жоспарлануда. Бірақ балалардың ата-аналары мен басқа да заңды өкілдері алғаш есептелген қаржыны 2024 жылдың ақпан айынан бастап көре алады. Өйткені, тиісті құрылымдарға есептеулер жүргізіп, кәмелетке толмаған балалардың дәл есебін шығаруға бір ай уақыт қажет.
Ақшаны мерзімінен бұрын алуға бола ма? Бала шетелге тұрақты тұруға кеткен жағдайда оны алуға құқығы бар ма? 18 жасқа дейінгі немесе одан кейінгі жаста бала қайтыс болған жағдайда жинақтардың тағдыры қалай шешіледі?
Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады. Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толған кезде алушы жинақталған соманы тек білім алуға немесе тұрғын үйге пайдалануға құқылы.
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына ҚР азаматтарының қай санаты қатыса алады? Жинақталған соманы алудың тәртібі қандай?
Жобаға сәйкес Қазақстанның азаматы болып табылатын барлық 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық кірісінің 50% есептелетін болады. 18 жасқа толғаннан кейін жобаға Қатысушыға БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) ашылады, онда түскен қаражатты "Қазпошта" АҚ және екінші деңгейдегі банктер сияқты уәкілетті операторлар арқылы тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалануға болады. Қаражат нысаналы жинақтау шотына аударылғаннан кейін инвестициялануын тоқтатады.
Балаларды қалай тіркеуге және олардың тиісті тізімге енгізілгенін қалай тексеруге болады?
Ата-аналарға ешқандай құжат жинаудың, шот ашудың, қандай да бір ведомстволарға, оның ішінде БЖЗҚ-ға барудың қажеті жоқ. Қазір ата-аналар үшін маңыздысы – кәмелетке толмаған баланың жеке сәйкестендіру нөмірінің egov.kz порталында болуын және оның дұрыстығын тексеру. Жоба мемлекеттік органдардың деректер базасында бұрыннан бар мәліметтер негізінде автоматты режимде жүзеге асырылады.
2024 жылы 18 жасқа толатын балалар Бағдарламаға қатыса ала ма және олар қанша сома алады?
2024 жылы 18 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларға 2023 жылға арналған нысаналы талаптар (бала әлі 18 жасқа толмаған жыл) есептелетін болады.
БЖЗҚ ЕНПФ YouTube арнасында Григорий Александрович Марченкомен эксклюзивті сұхбат
2023 жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 25 жыл толады.
БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) дербес деректерін жинау және өңдеу үшін келісімдері неліктен қажет?
Қазіргі кезде көптеген қызмет түрлерін алған кезде мемлекеттік және қаржылық құрылымдар пайдаланушының дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін сұрайды. Салымшы (алушы) enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында Жеке кабинетіне кірген кезде БЖЗҚ осындай келісім беру туралы неге бір рет сұраныс жасайтынын біліп жүрейік.
БЖЗҚ-дан кесте бойынша берілетін зейнетақы төлемдері туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне еніп, № 5211 Қағидалар қолданысқа енгізілумен қатар БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібіне өзгерістер енгізілді.
Мен Қырғызстан азаматы бола отырып, Қазақстан Республикасында жұмыс істеймін. Түсіндіріп жіберіңізші – ЕАЭО-ға кіретін мемлекеттер азаматтарының еңбек өтілі туралы мәліметтерді кім ұсынады?
Қазақстан Республикасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 163, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 304 бірлескен бұйрығымен 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асыру бойынша құзыретті органның Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен өзара іс - қимыл ережесіне (бұдан әрі – Ереже) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.03.2021ж. №62, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.04.2021 ж. №249 бұйрығымен бекітілген, 26.05.2023 ж. күшіне кірген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын аудару деректемелерінің өзгергенін естідім. Солай ма?
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Банк-Клиент" қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесіне көшуінің аяқталуына байланысты, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ның тек жаңа деректемелері бойынша аудару қажет.
Мен салымшыларға зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілдері туралы білгім келеді. Салымшы БЖЗҚ-ға телефон нөмірінің немесе тұрғылықты мекенжайының өзгергені туралы хабарлауға міндетті ме?
Қазір зейнетақы жинақтары туралы ақпараттандырудың ең жедел тәсілі – enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасы арқылы интернет-ақпарат алу. Егер бұрын салымшы өзінің жинақтары туралы ақпаратты пошта байланысы және (немесе) электрондық пошта арқылы алған болса, қазір бұл өзектілігі жоғалып бара жатқан әдістерден бас тартуға мүмкіндік бар. Ол үшін БЖЗҚ кеңсесіне барып, хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімге қол қоюдың қажеті жоқ. БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетке кіру жеткілікті.
Айтыңызшы, инвестициялық портфельді басқарушыны қалай дұрыс таңдауға болады? Олардың саны қанша? Зейнетақы жинағын басқаруға беруге кімдердің құқығы бар? Салымдар қаншалықты қорғалған? Басқарушы компанияны таңдаған кезде басты назарды неге аударған жөн?
Салымшылардың зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кірістерден тұрады. Зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) айналысады.
Мен 61 жастамын. Жақында интернетте зейнетақы жинақтарын ең төменгі шек есебінсіз мерзімінен бұрын алуға көмек көрсету бойынша қызметтер ұсынатын хабарламаны көрдім. Оларға сенуге бола ма?
Шынында да, қазір алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті.
Алаяқтар зейнетақы жинақтарын ең төменгі жеткіліктілік шегін (бұдан әрі – ТЖШ) есепке алмай-ақ пайдалану мүмкіндігі туралы жазады. Бұл таратылым "жалған ақпарат" – шындыққа сәйкес келмейді.
Менің әпкеме мүгедектік тағайындалған. Ол зейнет жасына толғанға дейін зейнетақы төлемдерін алуға құқылы ма?
БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына):
міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі,