Қазақстан Республикасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 163, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 304 бірлескен бұйрығымен 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асыру бойынша құзыретті органның Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен өзара іс - қимыл ережесіне (бұдан әрі – Ереже) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.03.2021ж. №62, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.04.2021 ж. №249 бұйрығымен бекітілген, 26.05.2023 ж. күшіне кірген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес:

1) "БЖЗҚ" АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті және олардың аумақтық бөлімшелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбеккерлерінің еңбек өтілін растау жөніндегі Қазақстан Республикасындағы құзыретті органдар болып табылады;

2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органынан еңбеккердің Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек өтілі туралы "Сұраныс" нысаны төмендегі кезең үшін түскен кезде:

- 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының құзыретті органы – "БЖЗҚ" АҚ сұраныс жіберген мемлекеттің құзыретті органына жауап жолдайды. Онда ақпараттық жүйедегі міндетті зейнетақы жарналары төленгені туралы деректер негізінде "Жұмыс өтілі туралы" нысан қоса беріледі.   

- 1992 жылғы 13 наурыздан 1997 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының құзыретті органы - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті - Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде жұмыс берушіден (оның құқықтық мирасқорынан) немесе мұрағат мекемелерінен қажетті мәліметтерді, құжаттарды талап ету жөнінде іс-шаралар жүргізеді. Оларды алғаннан кейін мүше мемлекеттің құзыретті органына "Жұмыс өтілі туралы" нысанын толтыру арқылы жіберетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Келісім (Бұдан әрі – Келісім) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді және еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты қолданылады.

Келісімнің ережелеріне сәйкес:

- еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру сияқты шарттарда және тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады (3-бап);

- Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-ға аударылатын зейнетақы жарналары жатады (1-бап);

- еңбекшілерге (отбасы мүшелеріне) зейнетақы тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналасқан мемлекеттің азаматтары үшін қолданылатын шарттар бойынша жүзеге асырылады (3-бап);

- Келісім шеңберінде тағайындалатын зейнетақы түрлері Келісімнің 2-бабында айқындалған.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1