Шынында да, қазір алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті.

Алаяқтар зейнетақы жинақтарын ең төменгі жеткіліктілік шегін (бұдан әрі – ТЖШ) есепке алмай-ақ пайдалану мүмкіндігі туралы жазады. Бұл таратылым "жалған ақпарат" – шындыққа сәйкес келмейді.

Зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін (бұл ретте ТЖШ есепке алынбайды) Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексінде көзделген жағдайларда ғана алуға болады, атап айтсақ:

·        Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде;

·        мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 және 2 топ мүгедектігіне байланысты;

·        сақтандыру компаниясымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты шеңберінде.

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және (немесе) емделу ақысын төлеуге тек Кодексте белгіленген жағдайларда ғана пайдалануға болады. Олар:

- ТЖШ-дан асатын зейнетақы жинақтары болған кезде;

- сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда;

- егер Сіз әскери еңбек сіңірген зейнеткер болсаңыз;

- егер Сіз зейнетке жасыңыз бойынша шыққан зейнеткер болсаңыз және Сіздің жиынтық зейнетақыңыз жоғалған табысыңыздың кем дегенде 40% құрайтын болса. Бұл жағдайда сіз міндетті зейнетақы шотындағы жинақтардың 50% дейін пайдалана аласыз.

БЖЗҚ соңғы кездері жаппай таратылып жүрген "жалған" хабарламаларды елемеуге, тек ресми көздерден ақпарат алуға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер бойынша кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да алуға болады:

enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы,

байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалып, көп арналы тегін байланыс арнасы арқылы, сондай-ақ +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы,

БЖЗҚ-ның Facebook, ВКонтакте, Twitter және Instagram, Одноклассники сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1