АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛАЛАРҒА»: ДЕЛДАЛ ҚАЖЕТ ЕМЕС

         2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы іске қосылатыны бәрімізге белгілі. Оның шеңберінде барлық кәмелетке толмаған қазақстандықтарға жыл сайын ҚР Ұлттық қорының 18 жылдағы орташа инвестициялық табысының 50% теңдей үлесте есептелетін болады. 

         Балалардың заңды өкілдері есептелген алғашқы қаржы туралы ақпаратты 2024 жылдың ақпан айында egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттен көре алады.

         Бірақ қазірдің өзінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кәмелетке толмаған балалардың деректерін Мемлекеттік базаға Ұлттық қордан бөлінетін қаражат есептелуі үшін белгілі бір көлемдегі ақыға енгізу қызметтерін ұсынатын «пысықайлар» пайда болуда. "БЖЗҚ" АҚ делдалдық қызметтер туралы таратылатын осындай хабарландыруларды елемеуге қатаң кеңес береді. Балаларыңыздың деректерін тексеріп, енгізуді өзіңіз де тегін және өз бетіңізбен, еш қиындықсыз іске асыра алатыныңызды есте ұстаған жөн. Ол үшін ешқандай құжат жинаудың, шот ашудың, қандай да бір ведомстволарға, оның ішінде БЖЗҚ-ға барудың қажеті жоқ. Қазірге жасалуы тиіс жалғыз маңызды нәрсе – балаңыздың деректерінің (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бар болуын және олардың дұрыстығын тексеру. Бұл мәліметтердің egov.kz веб-порталындағы жеке кабинетіңізде тіркелгенін тексеру. Егер сіздің жеке кабинетіңізде балалар туралы ақпарат болмаса, оларды өзіңіз енгізіңіз. Ол саусағыңыздың бірнеше қимылымен-ақ жүзеге асырылады.

         БЖЗҚ бағдарламаға қатысушылардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне делдалдардың қызметіне жүгіну арқылы бейтаныс адамдарға жеке деректеріңіз бен балаларыңыз туралы мәліметтерді құйтырқы мақсатта пайдалануға жол берулеріңіз мүмкін екенін ЕСКЕРТЕДІ. 

         Сіз зейнетақы жинақтарын алу мен аударуға қатысты барлық сұрақтарға жауапты БЖЗҚ бөлімшелерінен де, қашықтықтан да алып, ақпараттың сенімділігін:

көп арналы тегін байланыс арқылы,  байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу, сондай-ақ, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы;

БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Twitter және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы тексере аласыз.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1