Егер қандай да бір жылдағы инвестициялық кіріс теріс сипат алса не болады? Ұлттық қордың активтері ұзақ мерзімді негізде инвестицияланады және инвестициялау нәтижелері әртүрлі нарықтық факторлар әсер ететін қаржы нарықтарындағы жағдайға тәуелді. Сондықтан Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің жекелеген кезеңдердегі инвестициялық кірістілігінің ықтимал төмендеуін бейтараптандыру үшін ол есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады.