1. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асқан қаражатты қанша рет ала аламын?
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында біржолғы зейнетақы төлемі – салымшының (алушының) заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан алатын МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы деп көзделген.
Мен екінші жыл зейнеткермін. Қаңтар айында зейнетақы төлемін өткен жылдың желтоқсанына қарағанда көбірек алдым. Қайта есептеу болды ма және зейнетақы төлемдері қалай есептеледі?
Иә, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан өткен жылғы зейнетақы төлемдері 5% - ға индекстелді.
Мен жеке кәсіпкермін. Жиһаз шығаратын цехымда 8 адам жұмыс істейді. Қазір өз қызметкерлеріміз үшін төлейтін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жеңілдетілгенін естідім. Солай ма?
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бірыңғай төлем енгізілді.
Салық кодексі "Бірыңғай төлем" бөлімімен толықтырылды. Салық кодексінің 776-1-бабына сәйкес бірыңғай төлемге жеке табыс салығының төленуге тиіс сомалары, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), әлеуметтік аударымдар, жарналар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар енгізіледі.
Менің жалақым аз, бірақ лайықты зейнетақы алғым келеді. Зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне қалай әсер ете аламын?
Зейнетақы төлемдеріне әсер ететін бірінші нәрсе - зейнетақы жарналарының жүйелілігі мен уақытылы аударылуы. Зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) да әсер етеді.
Жұмыс беруші міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қызметкерлерге қандай жағдайларда төлеуі керек?
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) қызметкердің ай сайынғы табысының 5% мөлшерінде белгіленеді. МКЗЖ аударымдарын жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, кәсіптері өндіріс, жұмыс, кәсіптер тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда істейтін қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады. (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысын қараңыз).
Жақында маған 2 топтағы мүгедектік белгіленді. Енді зейнетақы жинағымды емделуге мерзімінен бұрын ала аламын ба?
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы белгілі бір жағдайларда, соның ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектік мерзімсіз уақытқа белгіленген жағдайда туындайды.
Сәлеметсіз бе! Менің атым - Шолпан, 2023 жылдың қаңтар айының басында 61 жасқа толамын. Демек, мен зейнетке шыға аламын ғой? Қайда жүгінуім керек?
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарап, мақұлдады. Осы Заңда 01.01.2023 жылдан бастап 01.01.2028 жылға дейін әйелдер үшін зейнетақы жасын 61 жастан бастап белгілеу жоспарлануда, яғни әйелдер үшін зейнетақы жасын ұлғайту 01.01.2028 жылға дейін тоқтатылды. Осыған сүйене отырып, сіздің зейнет жасы - 61 жасқа толатыныңызға байланысты зейнетақы төлемдеріне құқығыңыз бар.
БЖЗҚ-дан 2023 жылы берілетін зейнетақының мөлшері қандай болмақ?
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген демалысқа 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер 5% ұлғайды.
2023 жылы БЖЗҚ-дан төлемдер алуға кім құқылы?
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне:
Мен 42 жастамын. Зейнетақы жинағымның бір бөлігін емделуге алғым келеді. Жаңа жылдан бастап мен үшін жеткіліктілік шегі қалай өзгереді және ол немен байланысты?
ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емдеу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін пайдалануға құқылы.
Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылық деңгейі жыл сайын артып келеді
Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін және «БЖЗҚ» АҚ-ға халықтың сенім дәрежесін айқындаған жыл сайынғы тәуелсіз социологиялық зерттеу қорытындылары тағы да жоғары нәтиже көрсетті.
Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін көтерілмейді!
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды, ол 2022 жылғы 1 қыркүйектегі ҚР Президенті жолдауында ұсынылған бірқатар әлеуметтік шараларды қамтиды.
2022 жылдың 20 желтоқсанында БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында «Цифрлық БЖЗҚ» тақырыбында Ашық есік күні өтті
Зейнетақы қызметтерін цифрландыру - Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Қызметтердің жалпы көлемінің 93% дерлігі БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшасында немесе автоматты форматта қашықтан көрсетіледі.
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады Тақырыбы: «Цифрлық БЖЗҚ»
2022 жылғы 20 желтоқсанда БЖЗҚ «Ашық есік күнін» «Цифрлық БЖЗҚ» тақырыбында онлайн-форматта өткізеді.
Қайырлы күн! Сіздер өз материалдарыңызда цифрландыру туралы жиі айтасыздар, айтыңызшы, мен БЖЗҚ-ға берген өтінімдерімнің мәртебесін кеңсеге жүгінбей-ақ қалай қадағалай аламын?
1) "БЖЗҚ" АҚ-да тіркелген төлемге өтініштің орындалу мәртебесін "Электрондық сервистер" бөліміндегі " Менің төлемдерге / аударымдарға өтініштерім" қызметінің көмегімен қадағалауға болады.
Жұбайым жеткіліктілік шегінен асып түскен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық компаниялардың басқаруына бергісі келеді. Оларға сенуге бола ма, жоқ па, күмәнім бар.
2021 жылдың қаңтарынан бастап салымшылар мен алушылар инвестициялық портфельді басқаратын компанияны өз бетінше таңдау арқылы өздерінің зейнетақы жинақтарын инвестициялауға қатыса алады.
Өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін алмаймын деп шештім, ендеше қандай тәуекел және мүмкіндіктер бар?
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі түрлі тәуекелден барынша қорғалатындай етіп құрылған. 23 жыл ішінде әлемдік экономикадағы бірқатар қаржылық дағдарыстарға қарамастан, ол тұрақтылықты сақтап қалды. Қазіргі уақытта Қазақстан – азаматтардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан қорғалуына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел.
Сәлеметсіз бе! ЖЗШ-да шамамен 5 миллион теңге жинақталған адамның зейнетке шыққан соң зейнетақы төлемін қалай алатынын мысалмен түсіндіріп бере аласыз ба?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 жылғы №1042 қаулысымен бекітілген зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.
Қайырлы күн! Мен жеке кәсіпкермін, шағын бизнесім бар, өз пайдама зейнетақы жарналарын қалай аударсам болады?
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 25-бабы 4-тармағына сәйкес, жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер үшін өз пайдасына БЖЗҚ-ға төленуге жататын, міндетті зейнетақы жарналары алатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді. Айта кетейік, жеке тәжірибемен айналысатын адам, сондай-ақ, жеке кәсіпкер өзі айқындап, өз пайдасына БЖЗҚ-ға аударатын міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге арналған кіріс – алынатын табыс болып табылады.
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне салық салынады деген рас па? Қай санаттағы азаматтар салық шегерімдеріне үміт арта алады?
Қазақстан Республикасының Салық кодексі салық салынатын табыс деп есептелетін зейнетақы төлемдері түріндегі төлемдерді айқындап қойған. Әрі зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа арналған салық мөлшерлемесі де бар.
Сәлеметсіз бе! Қазір мен бала күтімі бойынша декреттік демалыста жүрмін. Еңбекке жарамды уақытымның барлығында мен ресми түрде жұмыс істедім, тиісінше, жарналарым да БЖЗҚ-ға жүйелі түрде аударылып отырды. Айтыңызшы, мен жұмыс істемеген уақыт ішінде мен үшін зейнетақы жарналары төлене ме, төленетін болса, оларды кім аударып отырады?
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның1 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) қосымша белгіленеді.
Мамыр айында БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетімде менің ерікті зейнетақы шотыма ҚДКБҚ-дан белгілі бір соманың түскенін көрдім. Осыны түсіндіріп жібере аласыз ба?
Биыл мамыр айында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мәжбүрлеп таратылған және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы, барлық банктік операциялар жүргізу лицензиясынан айырылған 8 банктің («Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ мен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ) салымшыларына кепілдік берілген өтеуі талап етілмеген соманы БЖЗҚ-ға аударды. Бұл қаражат БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін қолданыстағы немесе жаңадан ашылған жеке зейнетақы шоттарына есептелді.
Құрметті журналистер, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері!
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы, заңның белгілі бір нормаларын түсіндірудегі, қаржылық сауаттылықты арттырудағы және әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірдің барлық қырларын шынайы берудегі рөлі өте маңызды.
Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру.
БЖЗҚ-ға төлемнің кез келген түрі бойынша құжаттарды пошта байланысы арқылы жібермес бұрын міндетті түрде алдын ала тексерудің онлайн қызметін пайдаланыңыз.
Бұл Сіздің уақытыңызды үнемдейді, өйткені, Сіз құжаттар жинағын алдын-ала түзетіп толықтыра аласыз.
Әрбір БЖЗҚ салымшысы өзінің болашақ зейнетақысының мөлшерін болжай алады.
Ол үшін:
— enpf.kz сайтына өтіп, «болжамдық зейнетақы калькуляторын» ашу;
- барлық қажетті мәліметтерді толтыру;
- «есептеу» батырмасын басу қажет.
Құрметті салымшылар! Алаяқтық жағдайларының көбеюіне байланысты ақпараттық хабарламаларды жіберу кезінде Қор салымшылардың жеке деректерін және ақпараттық формаларды толтыруын талап етпейтінін хабарлаймыз.
Сілтемені басып, келіп түскен хабарламаға қатысты қандай да бір шара қолданбас бұрын, 1418 бірыңғай нөміріне хабарласып, хабарламаның тікелей
БЖЗҚ-дан келгендігіне көз жеткізіңіз.
Мен екінші топтағы мүгедекпін. Мүгедектігім бойынша жәрдемақы аламын. БЖЗҚ-дағы өз жинақтарымнан тағы да төлемдер алғым келеді. Бұл үшін маған не қажет?
Мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болған кезде белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.
Мен - жеке кәсіпкермін. Өз қызметкерлерім үшін міндетті зейнетақы жарналарын әрдайым аударып отырамын. Енді оны БЖЗҚ сайтының көмегімен жүргізуге болады деп естідім. Бұл рас па?
- Ия, бұл шындық. Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ сайтындағы «Жеке кабинет» бөлімінде «Заңды тұлға кабинеті» (https://jurcabinet.enpf.kz/auth) жұмыс істейді. Бұл қызметті ЭЦҚ-сы болған жағдайда, Жеке кәсіпкер мәртебесіне ие жеке тұлғалар, сондай-ақ қол қою құқығы бар бірінші басшылар немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген заңды тұлғаларға арналған электрондық цифрлық қолтаңбасы болса, қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген адамдар пайдалана алады.
Қазір бірлескен зейнетақы аннуитеті бар екенін естідім. Күйеуім екеуміз зейнетақы жинақтарымызды біріктіргіміз келеді, өйткені менің қаражатым аннуитетке аудару үшін жеткіліксіз. Бізге оны қалай істеуге болады?
Бірлескен аннуитет - бұл «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар болып табылатын екі сақтанушының (сақтандырылушының) зейнетақы аннуитеті шартына қатысуын білдіретін өнім.
Жақын адамымның қайтыс болуына байланысты оның зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан қалай рәсімдеуге болатынын сұрағым келеді?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 32, 33-баптарына сәйкес міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.