enpf.kz ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерінің зейнетақысы туралы
ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастырған кезде оларға өз азаматтарына берілетін құқықтар көлеміне тең көлемде және ұқсас шарттарда зейнетақымен қамсыздандыруға кепілдік береді.
БЖЗҚ Қазақстан Республикасындағы құзыретті органдардың бірі болып табылады.
БЖЗҚ-ға келесі мәселелер бойынша жүгінуге болады:
● төлемдерге мәліметтер мен құжаттарды қабылдау және өңдеу,
● зейнетақыны тағайындау/тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау,
● зейнетақыны төлеуді/жеткізуді ұйымдастыру,
● 1998 жылдан бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерінің еңбек өтілін растау. 1998 жылға дейінгі еңбек өтілін растау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетіне жүгіну қажет.
Толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде.