Бұған enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте қолжетімді «Жеке зейнетақы жоспары» қызметі көмектеседі.
Жеке жоспарыңызды жасау үшін қажетті зейнетақы мөлшерін көрсету жеткілікті. Жүйе сіздің зейнетақы шотыңызды талдай отырып жоспардың қалай орындалатынын, қанша жинақ сомасы жетіспейтінін және қажетті ай сайынғы төлем үшін қанша сома қажет екенін көрсетеді.
Жеке зейнетақы жоспарымен сіз МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ түсуін қадағалай аласыз. Сіз жоспардың орындалу мәртебесін айлар мен жылдар бойынша пайыздық және ақшалай түрде көре аласыз. Қажет болса, кіріс өлшемдерін өзгерту немесе ерікті жарналарды қосу арқылы жоспарыңызды жаңа жағдайларға бейімдей аласыз.
Өзіңіздің жеке зейнетақы жоспарыңызды жасап, берекелі болашағыңызды қазірден бастап қалаңыз!
МЗЖ – міндетті зейнетақы жарналары.
МКЗЖ – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары.
ЕЗЖ - ерікті зейнетақы жарналары.