Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) салымшылары, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғалар ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару құқығын төменде көрсетілген мөлшерден аспайтын сомада пайдалана алады:

- МЗЖ салымшысының, пайдасына МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ таңдау (өзгерту) туралы өтініші түскен күні жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызы шегінде. Кейіннен басқа ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген кезде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі қоса есептелген, бұрын берілген зейнетақы жинақтарын ескере отырып айқындалады (өтініш беру зейнетақы жинақтары ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап жылына бір рет қана жүргізіледі);

Немесе

- сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда, олардың ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайтын көлемде;

- ИПБ сенімгерлік басқаруына беруге болатын ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы ЕЗЖ-ны есепке алатын ЖЗШ-да қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасынан аспайды.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудармай тұрып, нарықтағы ИПБ-лардың қолданыстағы тізбесімен танысып, олардың БЖЗҚ сайтындағы инвестициялық декларацияларын, инвестициялық қызметтеріне шолуларды зерделеу қажет, таңдалған жеке компанияның тәжірибесі мен жұмыс нәтижелері туралы толығырақ білген дұрыс. ИПБ-лар туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын https://www.enpf.kz/ сайтындағы Қызметтер" – "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөлімінен біле аласыз. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі толық статистика да www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.

Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне жылына тек 1 рет аударуға болатынын атап өтеміз. Егер сіз жинақтарыңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) басқаруына қайтару туралы шешім қабылдасаңыз, онда бұл ойыңызды зейнетақы жинағыңызды ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап тек 1 жыл өткен соң ғана жүзеге асыра аласыз.  

Бұл ретте, егер зейнетақы жинақтары ИПБ таңдау туралы өтінішке сәйкес бір ИПБ-ға бірнеше рет сенімгерлік басқаруға аударылған болса, онда зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш берген күннен бастап тек бір жыл уақыт өткен соң ғана жүзеге асырылады.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1