Әлеуметтік Кодексте жұмыс берушілердің қызметкер үшін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) төлеу міндеті нақты айқындалған. Салымшылар жарналардың түсу барысын зейнетақы шотынан үзінді көшірмеден көре алады.

Әлеуметтік Кодекстің 248-бабының 11-тармағына сәйкес, МЗЖ, МКЗЖ, ЖМЗЖ және (немесе) өсімпұл төлеудің толық және уақытылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады. Осыған байланысты қызметкерлер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне немесе компанияның салық төлеуші ретінде тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жүгінуі қажет, сондай - ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі-ЕХӘҚМ) Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады.

Аумақтық департаменттердің координаттары мен телефондары ЕХӘҚМ сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/lspm/about/struc…).

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 93-бабына сәйкес шағым жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда беріледі.

Шағымда мыналар көрсетіледі:

1) шағымды қарайтын органның атауы;

2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

3) жеке тұлғаның нақты тұратын мекенжайы және заңды тұлғаның орналасқан жері;

4) әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;

5) әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;

6) шағым берілген күн;

7) әкімшілік рәсімге қатысушының қолы;

8) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.

Шағымды "e-Otinish" сервисі, Мемлекеттік кірістер комитеті электрондық сервисі (шағымдардың электрондық кітабы) немесе мемлекеттік органның заңды мекенжайына жіберуге болады.

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1