enpf.kz Зейнет жасына жеткен зейнеткерлердің жиынтық зейнетақысының сомасы кемінде 40% деңгейінде жоғалған табыстың орнын толтыруды қамтамасыз ететін болса, міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған жиынтық зейнетақысының 50%-ға дейінгі бөлігін тұрғын үй және емделуге пайдалана алады. Бұл коэффициент автоматты түрде есептеледі. Пайдалануға болатын сома бар-жоғын білу үшін enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетке кіру қажет. Басты бетте тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге пайдалануға болатын сома мөлшері бірден көрсетіледі.
Бұл ақпаратты БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшелеріне жүгіну арқылы біле аласыз.