АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы 585 641,64 АҚШ долларына 5 845 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 263 664,90 АҚШ долларына 2 634 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 321 976,74 АҚШ доллары көлеміне 3 211 өтініш орындалды.
Нысаналы жинақтарды алушы өзіне тиесілі барлық соманы да, оның бір бөлігін де пайдалануға құқылы. Бұл ретте пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың ақпан айында "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтар үшін БЖЗҚ-дағы НЖШ-ға алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) инвестициялық кірісінің 50% жыл сайын Қазақстан Республикасының 18 жасқа дейінгі барлық жастағы бала азаматтары арасында бөлінеді.
НЖШ-дағы қаражат тұрғын үй жағдайларын жақсарту және БЖЗҚ-мен тиісті келісімдер жасасқан уәкілетті операторлар арқылы білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалануға арналған. Олар АҚШ долларында сақталады. Нысаналы жинақтарды алушылар кәмелетке толғаннан кейін оларды көрсетілген мақсаттарға пайдалана алады.
Тұрғын үйге арналған нысаналы жинақтарды пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор - "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚ.
Нысаналы жинақтарды білім алу ақысын төлеу үшін "Отбасы банкі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ және "Қазақстан Халық банкі"АҚ екі уәкілетті операторы арқылы пайдалануға болады.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту
Қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану туралы шешім қабылдаған адамдар арасында Шымкент қаласының тұрғындары (52 870,40 АҚШ долларына 526 өтініш орындалды) асқан белсенділік танытты, екінші орында – Қызылорда облысының тұрғындары (35 582,52 АҚШ долларына 354 өтініш орындалды), үшінші орында – Астана қаласының тұрғындары (20 399,30 АҚШ долларына 204 өтініш орындалды).
Бұл ретте қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (250 502,02 АҚШ долларына 2 502 өтініш орындалды), азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 3 718,20 АҚШ долларына 37 өтініш, тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу - 3 215,08 АҚШ долларына 32 өтініш орындалды.
Білім алу ақысын төлеу
Өз қаражатын білім алу ақысын төлеу үшін пайдаланған ең белсенді отандастарымыз - Шымкент қаласының тұрғындары (58 613,30 АҚШ долларына 584 өтініш орындалды), екінші орында – Жамбыл облысының тұрғындары (32 312,44 АҚШ долларына 322 өтініш орындалды), үшінші орында – Жетісу облысының тұрғындары (28 772,44 АҚШ долларына 287 өтініш орындалды).
Осы бағыт бойынша ең танымал қосалқы мақсаттардың ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуді ерекше атап өтуге болады. Бұл ретте 269 052,22 АҚШ долларына 2 684 өтініш орындалды. Танымалдығы бойынша екінші орында - білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (38 762,64 АҚШ долларына 386 өтініш орындалды), үшінші орында - шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (9 539,52 АҚШ долларына 95 өтініш орындалды).
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын бұл сома Ұлттық қордың өсуі мен инвестициялық кіріс алуы есебінен ұлғайып отырады. Бұған қоса, есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастыра береді және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі.
Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 01.01.2024ж. - 6 919 131 бала (қоса алғанда 01.01.2006 ж. бастап 31.12.2023 ж. дейін туған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы (01.01.2006 ж. бастап 31.12.2006 ж. дейін туған балалар) 2024 жылы 18 жасқа толады. Олардың барлығына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшерінде бірдей нысаналы талап сомасы есептелген.
Баланың нысаналы талаптарға қатысушылар тізіміне қосылғаны туралы ақпаратты ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер kids.enpf.kz сайты арқылы баланың ЖСН нөмірі бойынша тексере алады. Мұнда сонымен бірге Бағдарлама шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулық алып, қызықтырған сауалдарға жауап алуға болады.
Сондай-ақ, әр балаға есептелген қаражат туралы деректерді ата-аналар egov.kz порталындағы Жеке кабинетіне кіріп, тексере алады.
18 жасқа 2024 жылы толатын отандастарымыз нысаналы жинақтау шотына түскен қаржысын БЖЗҚ-ның интернет ресурсындағы Жеке кабинеті және (немесе) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өз беттерінше тексере алады.
Балалардың жасы және республика өңірлері бөлінісі бойынша жасалған есептеулерге қатысты статистикалық есептер enpf.kz сайтына орналастырылады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатына берілетін нысаналы талаптардың төлемдері туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі егжей-тегжейлі ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).