«БЖЗҚ» АҚ халықаралық сапа менеджменті стандарты бойынша сыртқы қайта сертификаттау аудитінен сәтті өтті. Бұл Қордың басқару жүйесін ұдайы жетілдіріп, дамуын жалғастырып, үрдістерді тиімді басқарып, зейнетақы қызметтерінің сапасын ұдайы арттырып отырғандығының дәлелі. Аудитті «CERT International» халықаралық сертификаттау органының ресми серіктесі «CERT Academy Kazakhstan» ЖШС жүргізді.