Қайырлы күн! Мен жеке кәсіпкермін, шағын бизнесім бар, өз пайдама зейнетақы жарналарын қалай аударсам болады?
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 25-бабы 4-тармағына сәйкес, жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер үшін өз пайдасына БЖЗҚ-ға төленуге жататын, міндетті зейнетақы жарналары алатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді. Айта кетейік, жеке тәжірибемен айналысатын адам, сондай-ақ, жеке кәсіпкер өзі айқындап, өз пайдасына БЖЗҚ-ға аударатын міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге арналған кіріс – алынатын табыс болып табылады.
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне салық салынады деген рас па? Қай санаттағы азаматтар салық шегерімдеріне үміт арта алады?
Қазақстан Республикасының Салық кодексі салық салынатын табыс деп есептелетін зейнетақы төлемдері түріндегі төлемдерді айқындап қойған. Әрі зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа арналған салық мөлшерлемесі де бар.
Сәлеметсіз бе! Қазір мен бала күтімі бойынша декреттік демалыста жүрмін. Еңбекке жарамды уақытымның барлығында мен ресми түрде жұмыс істедім, тиісінше, жарналарым да БЖЗҚ-ға жүйелі түрде аударылып отырды. Айтыңызшы, мен жұмыс істемеген уақыт ішінде мен үшін зейнетақы жарналары төлене ме, төленетін болса, оларды кім аударып отырады?
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның1 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) қосымша белгіленеді.
Мамыр айында БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетімде менің ерікті зейнетақы шотыма ҚДКБҚ-дан белгілі бір соманың түскенін көрдім. Осыны түсіндіріп жібере аласыз ба?
Биыл мамыр айында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мәжбүрлеп таратылған және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы, барлық банктік операциялар жүргізу лицензиясынан айырылған 8 банктің («Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ мен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ) салымшыларына кепілдік берілген өтеуі талап етілмеген соманы БЖЗҚ-ға аударды. Бұл қаражат БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін қолданыстағы немесе жаңадан ашылған жеке зейнетақы шоттарына есептелді.
Құрметті журналистер, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері!
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы, заңның белгілі бір нормаларын түсіндірудегі, қаржылық сауаттылықты арттырудағы және әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірдің барлық қырларын шынайы берудегі рөлі өте маңызды.
Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру.
БЖЗҚ-ға төлемнің кез келген түрі бойынша құжаттарды пошта байланысы арқылы жібермес бұрын міндетті түрде алдын ала тексерудің онлайн қызметін пайдаланыңыз.
Бұл Сіздің уақытыңызды үнемдейді, өйткені, Сіз құжаттар жинағын алдын-ала түзетіп толықтыра аласыз.
Әрбір БЖЗҚ салымшысы өзінің болашақ зейнетақысының мөлшерін болжай алады.
Ол үшін:
— enpf.kz сайтына өтіп, «болжамдық зейнетақы калькуляторын» ашу;
- барлық қажетті мәліметтерді толтыру;
- «есептеу» батырмасын басу қажет.
Құрметті салымшылар! Алаяқтық жағдайларының көбеюіне байланысты ақпараттық хабарламаларды жіберу кезінде Қор салымшылардың жеке деректерін және ақпараттық формаларды толтыруын талап етпейтінін хабарлаймыз.
Сілтемені басып, келіп түскен хабарламаға қатысты қандай да бір шара қолданбас бұрын, 1418 бірыңғай нөміріне хабарласып, хабарламаның тікелей
БЖЗҚ-дан келгендігіне көз жеткізіңіз.
Мен екінші топтағы мүгедекпін. Мүгедектігім бойынша жәрдемақы аламын. БЖЗҚ-дағы өз жинақтарымнан тағы да төлемдер алғым келеді. Бұл үшін маған не қажет?
Мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болған кезде белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.
Мен - жеке кәсіпкермін. Өз қызметкерлерім үшін міндетті зейнетақы жарналарын әрдайым аударып отырамын. Енді оны БЖЗҚ сайтының көмегімен жүргізуге болады деп естідім. Бұл рас па?
- Ия, бұл шындық. Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ сайтындағы «Жеке кабинет» бөлімінде «Заңды тұлға кабинеті» (https://jurcabinet.enpf.kz/auth) жұмыс істейді. Бұл қызметті ЭЦҚ-сы болған жағдайда, Жеке кәсіпкер мәртебесіне ие жеке тұлғалар, сондай-ақ қол қою құқығы бар бірінші басшылар немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген заңды тұлғаларға арналған электрондық цифрлық қолтаңбасы болса, қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген адамдар пайдалана алады.
Қазір бірлескен зейнетақы аннуитеті бар екенін естідім. Күйеуім екеуміз зейнетақы жинақтарымызды біріктіргіміз келеді, өйткені менің қаражатым аннуитетке аудару үшін жеткіліксіз. Бізге оны қалай істеуге болады?
Бірлескен аннуитет - бұл «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар болып табылатын екі сақтанушының (сақтандырылушының) зейнетақы аннуитеті шартына қатысуын білдіретін өнім.
Жақын адамымның қайтыс болуына байланысты оның зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан қалай рәсімдеуге болатынын сұрағым келеді?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 32, 33-баптарына сәйкес міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Тұрғылықты жерімнің өзгеруіне байланысты мен өзімнің шотымнан үзінді көшірмені пошта арқылы алуды доғардым, зейнетақы шотымның жай-күйі туралы ақпарат алудың тағы қандай тәсілдері бар?
Үзінді көшірмені пошта конверттері арқылы алу үшін сіз өзіңіздің жаңа мекенжайыңызды БЖЗҚ-ға хабарлауыңыз керек еді, әйтпесе ескі мекенжайға пошта арқылы жіберілген үзінді көшірме Қорға қайтарылады. Бұл жағдайда БЖЗҚ, зейнетақы заңнамасына сәйкес, келесі жылға үзінді көшірмені жібермеуге құқылы. Сіздің жағдайыңызда, шамасы, осылай болған болуы керек, бірақ үмітіңізді үзбеңіз.
Сәлеметсіз бе! Мен келесі жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетінін оқыдым, алайда, менің білуімше, қазірдің өзінде кейбір мамандықтар бойынша еңбек етіп жүрген қызметкерлер үшін қосымша 5% төленеді. Бұл туралы толығырақ айтып берсеңіз
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) - агент (жұмыс беруші) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын өз жұмыскерлерінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) өз қаражаты есебінен аударатын ақша.
Сәлеметсіз бе! Мен Ресей азаматымын, бірақ геосаяси жағдайға байланысты қазіргі уақытта Қазақстанда тұрып, жұмыс істеймін, менің зейнетақымен қамсыздандыру мәселем қалай шешілуде?
29.05.2014 жылғы ЕАЭО туралы шартқа сәйкес, ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасымен, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы жекелеген халықаралық шартқа сәйкес реттеледі. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім (бұдан әрі-Келісім) осындай халықаралық шарт болып табылады.
Сәлеметсіз бе! Қазір мен бала күтімі бойынша декреттік демалыста жүрмін. Еңбекке жарамды уақытымның барлығында мен ресми түрде жұмыс істедім, тиісінше, жарналарым да БЖЗҚ-ға жүйелі түрде аударылып отырды. Айтыңызшы, мен жұмыс істемеген уақыт ішінде мен үшін зейнетақы жарналары төлене ме, төленетін болса, оларды кім аударып отырады?
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның1 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) қосымша белгіленеді.
1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалануға 1,7 миллионнан астам өтінішті орындады
2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 328 015 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.
Салымшылардың талап етілмеген кепілдікті өтем қаражаты БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарына аударылды
Ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорынан (ҚДКБҚ) «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларының талап етілмеген кепілдікті өтем қаражатын ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аудару рәсімі аяқталды. Осылайша аталған банктің 41 134 салымшысына талап етілмеген кепілдікті өтем сомасы аударылды.
БЖЗҚ өзінің ресми сайты мен мобильді қосымшасындағы зейнетақы калькуляторын жаңартты
Болжамды зейнетақы калькуляторы болашақ зейнетақыны жоспарлау құралы болып табылады және пайдаланушыға барлық зейнетақы төлемдерінің болжалды мөлшерін, соның ішінде:
БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі — зейнетақы шотынан үзінді көшірме беру
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында салымшылар мен алушыларға 18,4 миллиондай қызмет көрсетті. Оның ішінде 12,6 млн астам қызмет электрондық форматта, шамамен 4,4 млн – автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің 93% үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, қашықтан алуда.
Салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға арналған іс-қимыл алгоритмі:
Жерлеуге біржолғы төлем
1. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері немесе жерлеуді жүзеге асырған адам қажетті құжаттармен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне жүгінеді
Инвестициялық декларация
Бұл инвестициялық қызметтің негізгі бағыттарын, мақсаттары мен шектеулерін анықтайтын, стратегияны, инвестициялық нысандардың тізімін, сатып алуға болатын қаржы құралдарының түрлерін, сыйақыны есептеу саясатын және т.б сипаттайтын инвестициялық ұйымның құжаты.
Мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасадым, бірақ қазіргі уақытта бұл келісім арқылы табыс таппаймын, өз пайдама жарна аудара аламын ба?
Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасалған болса, онда сіз алатын табыстың 10 пайызынан кем емес, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан көп емес мөлшерде (2022 жылы ЕТЖМ – 60 мың теңге) өз пайдаңызға жарна аударуға құқылысыз.
Бірнеше айдан соң жасым келгендіктен зейнетке шығамын. Қашан, әрі қайда баруым керек?
Мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақыны, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тағайындалуы үшін сіз бірыңғай өтініш және құжаттар топтамасымен тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне (ХҚКО) жүгінуіңіз қажет.
2022 жылы БЖЗҚ төлемдері қалай өзгерді?
БЖЗҚ-дан төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 2 қазанындағы № 1042 қаулысымен (2021 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілген өзгерістермен) бекітілген Әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады. Осы Әдістемеге сәйкес зейнетке шыққан адамдарға төлемдер былайша есептеледі: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесі – 6,5% -ға көбейтіліп, одан кейін 12-ге бөлінеді.
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына 16,5 миллионнан астам қызмет көрсетілді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың басынан бері салымшылар мен алушыларға 16,5 миллионнан астам қызмет көрсетті. Оның ішінде 11,3 млн-нан астам операция электрондық форматта, 4 млн-нан астамы – автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің 93% қашықтан алды.
2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызмет ашық болып табылады. enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ, нақты кезеңдегі ахуал бойынша инвестициялық қызметке шолулар жарияланады. Қазіргі уақытта ақпарат 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша жаңартылды.
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің мерейтойлық отырысы өтті
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 20 отырысы 2022 жылдың 24 маусымында өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер болды: инвестициялық портфельді басқарушылардың инвестициялық стратегиялары (ИПБ), сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ 2022-2026 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы.
Кейбір зейнетақы қызметтерін жеке басты куәландыратын құжатсыз алуға болатыны рас па?
Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз де алуға болады. Ол үшін смартфондағы еGovMobile қосымшасында төлқұжаттың цифрлық (электрондық) нұсқасы болуы жетіп жатыр.
Қайтыс болған салымшының зейнетақы жинақтарының жай-күйі не болады?
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның жинағы заңнамада белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.