Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) жайлы нені білу қажет?

Сіз салымның мөлшері мен тұрақтылығын өзіңіз анықтайсыз
Үшінші тұлғаның пайдасына ақша салуға болады (жұбайы, ата-анасы, қызметкерлері және т.б.)
Кәмелетке толмағандар, сондай-ақ, құжаттар тізбегін заңды өкіл ұсынған жағдайда ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасай алады
Жинақтарды 5 жыл өткеннен кейін пайдалануға болады
Сіз төлем әдісін өзіңіз анықтайсыз: ай сайын, тоқсан сайын немесе бір рет
Ерікті жарналар базалық және ортақ зейнетақы тағайындауға ықпал етпейді
ЕЗЖ есепке алу бойынша алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады.

Егер депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған және барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің депозит салымшысы кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде ҚДКБҚ-ға жүгінбесе, онда ҚДКБҚ кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын ЕЗЖ есепке алынатын зейнетақы шотына есепке жатқызу үшін БЖЗҚ-ға аударады.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1