Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) - агент (жұмыс беруші) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын өз жұмыскерлерінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) өз қаражаты есебінен аударатын ақша. Кәсіптер мен лауазымдардың, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген. МКЗЖ мөлшері жұмыскердің табысының 5% құрайды.  

Егер жұмыс беруші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде арнаулы салық режимі қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъект болмаса, МКЗЖ ұлттық валютамен табысы төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді. Мемлекеттік кіріс органдары МКЗЖ аударылуын бақылайды және егер жұмыс беруші қаражатты қызметкердің шотына уақытылы аудармаған жағдайда, жұмыс берушіден қаражат өндіріп алынады, олар мерзімі өткен әрбір күн үшін есептелген өсімпұлмен БЖЗҚ-дағы шотына аударылады.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1