ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында біржолғы зейнетақы төлемі – салымшының (алушының) заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан алатын МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы деп көзделген.
Сондай-ақ, заңда зейнетақы жинақтары – салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында ескерілетін, МЗЖ және МКЗЖ және ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсімпұл және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер қамтылатын ақшасы деп белгіленген.
Егер ең төменгі жеткіліктілік шегі сіздің зейнетақы жинақтарыңызды пайдалануға мүмкіндік берсе, жеткіліктілік шегінен асатын біржолғы зейнетақы төлемін алу туралы өтінішті шектеусіз рет бере аласыз.