❓Жеке кабинетке қалай кіруге болады?
? ЭЦҚ арқылы немесе ЖСН мен құпиясөзді пайдаланыңыз.
❓Неліктен ЖСН мен құпиясөз арқылы кіре алмай тұрмын?
? Мұндай жағдайда БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне келіп немесе онлайн режимінде Жеке кабинетте ЭЦҚ көмегімен ақпараттандыру тәсіліңізді "Интернет" деп таңдау қажет.
❓Зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қалай жүктеп алуға болады?
? Жеке кабинетте «Қызметтер» бөліміне кіріп, «ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу» қосымша бетіне өтіңіз. Ашылған терезеде үзінді көшірме қажет болатын кезеңді таңдап, Жүктеу түймесін басыңыз.
❓Жеке кабинетке кіруде пайдаланатын құпиясөзді қалай қалпына келтіруге болады?
? Жеке кабинетке кіру парақшасында «Тіркелу/Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?» сілтемесіне басқан кезде бір реттік құпиясөз БЖЗҚ дерекқорында тіркелген телефон нөміріне немесе электрондық мекенжайға жіберіледі. Бір реттік алты таңбалы құпиясөз арқылы жаңа құпиясөз құрастырып алыңыз.
Сіздің жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бір реттік құпиясөз Қордың деректер базасында тіркелген нөмірге немесе электрондық мекенжайға ғана жіберіледі.