Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында алуға қолжетімді зейнетақы жинақтарының бар-жоғына көз жеткізуі тиіс. Мұны enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте, сондай-ақ, egov порталы мен мобильді қосымшасында көруге болады.

Одан әрі салымшы уәкілетті операторлардың интернет-ресурсы арқылы алдын ала өтініш бергені жөн.

Бүгінде тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтініштер қабылдайтын уәкілетті операторлар: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ, емделуге «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып табылады.

Уәкілетті оператор біржолғы зейнетақы төлемін алу туралы өтінішті қарағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді. БЖЗҚ электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға алушының арнайы шотына біржолғы зейнетақы төлемін аударады.

Назар аударатын жәйт, 2022 жылға арналған ТЖШ 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енетіндіктен, БЖЗҚ уәкілетті операторлардан БЖЗҚ-ға 2022 жылдың 31 наурызына (қоса алғанда) дейін келіп түскен өтініштер бойынша 2021 жылға есептелген ТЖШ шамаларына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін жүргізетін болады.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1