enpf.kz БЗТ алу: МЗЖ есебінен қалыптастырылған жинақ пен ең төменгі жеткіліктілік шегін салыстырыңыз!

 

2023 жылғы 1 шілдеден бастап тұрғын үйге және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан ғана жүзеге асырылады.

 

Салымшылардың Жеке кабинетіндегі басты бетте оның барлық жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы көрсетіледі. Бір салымшының міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен бірнеше шоттары болуы мүмкін. Осылайша, жинақтың жалпы сомасына барлық қолданыстағы жарналар мен оған есептелген инвестициялық кірістердің сомасы кіреді.

 

Назар аударыңыз! Біржолғы зейнетақы төлемін есептеу кезінде жинақтардың жалпы сомасы емес, тек МЗЖ есебінен қалыптастырылған бөлігі ғана ескеріледі. Егер МЗЖ есебінен жинақталған сома ең төменгі жеткіліктілік шегінен жоғары болса, онда сіз БЗТ-ға өтінім бере аласыз.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1