АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

БЖЗҚ ЕНПФ YouTube арнасында

Григорий Александрович Марченкомен

эксклюзивті сұхбат

2023 жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 25 жыл толады.

Осы  ширек ғасыр кезеңді қорытындылай келе, біз БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін қалаушы, әзірлеуші тұлғалармен, сарапшылармен болған сұхбаттар топтамасын жариялауды бастаймыз. Олар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің іргетасын қалап, оны дамытуға белсене қатысты.

21.08.2023 ж. бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің сәулетшілерінің бірі Григорий Александрович Марченкомен сұхбаттың бірінші бөлімін тыңдаңыздар.

БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына берген эксклюзивті сұхбатында Григорий Александрович сонау 1996-1997 жж., ортақ жүйенің банкротқа ұшырап, зейнетақыны төлеу бойынша кідірістердің алты айға дейін созылғанын, ал зейнетақы төлемі бойынша жалпы берешек шамамен $0,5 млрд болған кезде зейнетақымен қамсыздандырудың жүйесін жаңа тәсілмен реформалаудың қажеттілігі туындағанын әңгімелеп кетеді. Бұл ұрпақтар ынтымақтастығы қағидатын әркімнің зейнет жасындағы материалдық қамтамасыз ету бағытындағы  дербес жауапкершілігіне ауыстыруды көздеген қадам болатын.

            Реформаға дейін үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Көптеген елдердің зейнетақы жүйелерінің түрлі үлгілері зерделенді. Нәтижесінде олардың оң тәжірибесі мемлекеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақыны, сондай-ақ, салымшылардың жеке міндетті және ерікті жарналары есебінен қалыптасатын жинақтаушы құрамдауышты қамтитын қазақстандық көп деңгейлі зейнетақы жүйесін қалыптастыру кезінде ескерілді. 

            Григорий Александрович Марченконың толық сұхбатын төмендегі сілтеме бойынша  көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=GkSqV7xsX6w

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыздар.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1