Топик 1 

БЖЗҚ салымшылары тұрғын үй жағдайларын жақсарту, сондай-ақ өздері, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшін емделу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін қалай алады 

       Қазақстан Парламенті 2020 жылғы 23 желтоқсанда зейнетақы жинақтарын нысаналы мұқтаждықтарға пайдалануды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Заңға сәйкес, 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеуге немесе жеке басқарушы компанияларға басқаруға беру құқығы берілетін болады.

        Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты қажеттіліктерге пайдалану құқығын:

- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар. Нысаналы пайдалану құқығы белгілі бір жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар азаматтар үшін көзделетін болады. Жеткіліктілік шегі әр жас үшін жеке анықталады.

- қалыптасқан зейнеткерлер (әлеуетті құрылымдар қатарындағы зейнеткерлерді қоса алғанда) – БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50% - ынан аспайтын шекте. Олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасы немесе еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалтқан табысын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40%) алмастыруды қамтамасыз еткен жағдайда.

- оларға өмір бойғы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар пайдалана алады.

       Тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мәселелері бойынша азаматтар уәкілетті операторға жүгінетін болады. Мұндай оператор ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Отбасы Банкі айқындалды.

       БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының дербестендірілген есебін жүргізуді жалғастырады және уәкілетті органнан электрондық хабарлама түрінде алынған сұраныс бойынша салымшы өз бетінше айқындаған жинақ сомаларын жіберу арқылы көрсетілген мақсаттарға біржолғы төлемдерді жүзеге асыратын болады. Зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасын БЖЗҚ веб-сайтындағы жеке кабинеттен немесе ұялы қосымшадан білуге болады.

       Салық Кодексінің 320-бабының 1-тармағына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табыстарға төлем көзінен он пайыз мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынады. ЖТС ұстап қалу МЗЖ және МКЗЖ есебінен салымшыға (алушыға) төленген барлық төлемдердің жиынтық сомасынан жүргізіледі. Бұл ретте, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес жеке тұлғаларға біржолғы зейнетақы төлемдерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сай пайдаланған кезде жеке табыс салығын төлеуді кейінге қалдыру, сондай-ақ оны есептеу, ұстап қалу және төлеу тәртібін айқындау құқығы беріледі.

       Бұдан басқа, БЖЗҚ жеңілдікке ие тұлғаларға қатысты салықтық шегерімдер қолдану керектігін ескере отырып, олар туралы мәліметтерді мемлекеттік органдардың БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелерінен алуы мүмкін. Бұл ретте тұлғалардың басқа санаттарына салықтық шегерімдерді БЖЗҚ кеңселеріне растайтын құжаттарын, тиісті өтініштерін ұсынған кезде қолдануға болады.

 

Топик 2

Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру туралы

Жинақтардың белгілі бір шектен асатын бөлігін басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға аудару құқығы салымшыларға өз жинақтарын басқаруға қатысуға мүмкіндік береді.

МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар салымшылар зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға беруге құқығы бар тұлғалар болып табылады. Олардың жинақтары нақты сома мен зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан асуы тиіс. Бұдан басқа, бұл құқық өмір бойы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан азаматтарға қолданылады.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру үшін:

1) жазбаша өтініштің болуы;

2) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың, сондай-ақ БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы;

3) зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беруге жеткіліктілік шарттарының болуы;

4) салымшының өтінішінде көрсетілген ИПБ-ның уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі қажет.

Инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) немесе инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш БЖЗҚ-ға Қордың сайты не БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселері арқылы беріледі.

          Зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беруге салық салынбайтынын атап өту маңызды.

 

Топик 3

Жинақтарды мерзімінен бұрын пайдалану туралы шешім қабылдау үшін зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу

Сіздің жасыңыз ескерілген жеткіліктілік шегін анықтау үшін жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) инвестициялық кіріс қоса көрсетілген үзінді көшірме алу қажет. Мұны enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе ұялы қосымшада интернет-байланыс арқылы жасауға болады. Оларға кіру үшін салымшыға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ-ны egov.kz порталынан қашықтықтан алуға болады) немесе БЖЗҚ дерекқорында тіркелген ЖСН мен пароль керек.

              Бұл ретте салымшы:

жеке табыс салығы «БЖЗҚ» АҚ белгілеген зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы төлемдерінің кестесіне сәйкес ай сайын тең үлестермен ұсталатын МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының тұрғын 

-  үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында алуға қолжетімді сомасын;

- жеке табыс салығы төлем жасалған кезде бір рет толық көлемде ұсталатын МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында алуға қолжетімді сомасын бірден көре алады.     

 

Топик 4

БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тетігін іске асырудағы рөлі

БЖЗҚ-ның негізгі міндеттері – жарналардың, қаржы құралдарының, инвестициялық табыстың нақты есебін жүргізу, салымшыларға олардың жинақтары туралы ақпарат беру, зейнетақы қызметтерін көрсету, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру.

БЖЗҚ жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық ақпараттық және қаржылық ағындарының бірыңғай есептеу орталығы және операторы болғандықтан, ол мемлекеттік органдармен, уәкілетті оператормен, кастодиан банктермен, инвестициялық басқарушылармен және сақтандыру компанияларымен, салымшылармен өзара іс-қимылда осы үдерістердің техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық аспектілерін қамтамасыз ете отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыруға белсенді түрде қатысады.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1