АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану үшін жеткіліктілік шегі туралы 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын берді.

Осы құқықты зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын және болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмайтын зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік беретін жинақты қалыптастыра алған салымшылар пайдалана алады.

Бұл ретте азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ғана емес, сондай-ақ, оларды инвестициялаудан алынған инвестициялық табысты да қамтиды.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес «зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі»  салымшының зейнетақы жинақтарының нақты сомасын, сондай-ақ, оның болашақ зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысын қамтиды. Бұл зейнетақы жасына жеткен кезде оған ең аз зейнетақыдан кем емес зейнетақы табысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте болашақ жарналардың ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен емес табыстан аударылатыны есепке алынды. Егер кірістер жоғары болса, онда ең төменгі жеткіліктілік шегі тезірек қалыптасады, ал зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі төлемдер ең төменгі зейнетақыдан көп болады.

Жеткіліктілік шегін есептеуге арналған әдістеме мен өлшемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалады және әрбір жас үшін жеке есептеледі. 2021 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерінің алдын ала мөлшерлері төмендегідей:

Жасы

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі

жеткіліктілік шегі, теңгемен

20

1 710 000

21

1 780 000

22

1 860 000

23

1 930 000

24

2 010 000

25

2 090 000

26

2 170 000

27

2 250 000

28

2 330 000

29

2 420 000

30

2 500 000

31

2 590 000

32

2 670 000

33

2 760 000

34

2 850 000

35

2 940 000

36

3 030 000

37

3 130 000

38

3 220 000

39

3 320 000

40

3 420 000

41

3 520 000

42

3 620 000

43

3 720 000

44

3 820 000

45

3 930 000

46

4 030 000

47

4 140 000

48

4 250 000

49

4 360 000

50

4 470 000

51

4 590 000

52

4 700 000

53

4 820 000

54

4 940 000

55

5 060 000

56

5 180 000

57

5 300 000

58

5 430 000

59 - 62

5 560 000


Өз жинақтарының жеткіліктілік шегіне сәйкестігін тексеру үшін салымшылар БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотынан үзінді көшірмені enpf.kz сайтындағы өзінің жеке кабинетінен, БЖЗҚ-ның жаңартылған ұялы қосымшасынан немесе egov.kz порталынан онлайн режімде ала алады. Үзінді көшірмеде жеткіліктілік шегі және нысаналы пайдалану үшін қолжетімді сома туралы ақпарат қамтылады.

Сайттағы жеке кабинетте және БЖЗҚ ұялы қосымшасында авторланудың екі тәсілі қолжетімді: электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану немесе ЖСН мен парольді енгізу.

Сондай-ақ, өз жинағыңыздың жай-күйін БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық поштаңыздың мекенжайына тұрақты түрде үзінді көшірме алу арқылы да тексере аласыз.

БЖЗҚ-дағы жинақтар туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі жылдам қол жеткізу үшін Қор Telegram мессенджерінде өзінің жеке ботын іске қосты, оның көмегімен де үзінді көшірме алуға болады.

Өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды «БЖЗҚ» АҚ өңірлік бөлімшелеріне жеке басыңызды куәландыратын құжатпен барып та тексере аласыз.

БЖЗҚ бөлімшелері жоқ шалғай аудандардың тұрғындары тізімі https://www.enpf.kz/ru/services/kazpost/index.php сайтында көрсетілген «Қазпошта» АҚ-ның авторландырылған бөлімшелеріне жүгініп, хабарлаудың кез келген ыңғайлы тәсілін таңдай алады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1