БЖЗҚ-ның «Мобильді кеңсе» деп аталатын жобасы аясында еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына Қордың зейнетақы қызметтері онлайн режимінде көрсетіледі.

«Мобильді кеңсенің» қозғалыс бағыты жергілікті әкімшіліктермен келісіліп, алдын ала жоспарланады. Егер «Мобильді кеңсенің» Сіздің елдімекеніңізге келуін қаласаңыз, жергілікті атқарушы органға хабарласу қажет. «Мобильді кеңселер» келесі облыстарда жұмыс істейді: Алматы, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан.

Бұдан басқа шалғай елдімекендерді зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ бірлескен жобаны іске қосты. Соған сәйкес зейнетақы қызметтерінің кейбір түрлері «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы көрсетіледі.

Сіз www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде немесе байланыс орталығының 1418 нөмірі арқылы Қордың барып қызмет көрсету қызметіне өтініш қалдыра аласыз.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1