2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған Еуразиялық экономикалық Одақ туралы Келісім бойынша, Одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасы, сондай-ақ, ЕАЭО мүше мемлекеттер арасындағы жекелеген халықаралық Келісімге сәйкес реттеледі. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісім (Бұдан әрі-Келісім) осындай халықаралық шарт болып табылады.
Келісімнің негізгі мақсаты жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты шарттарда және тәртіппен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру болып табылады. Яғни, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтардың ұқсас шарттарда өз азаматтарына берілетін құқықтар көлеміне тең көлемде кепілдік беруі тиіс.
Өтпелі ережелерді қамтитын Келісімнің 12-бабына сәйкес, зейнетақыны тағайындау және төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Келісім күшіне енгеннен кейінгі жұмыс өтілі үшін зейнетақы ЕАЭО-қа мүше қай елде еңбек етсе, сол мемлекет зейнетақыны тағайындап, төлейді;
Келісім күшіне енгенге дейінгі жұмыс өтілі үшін зейнетақы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына және 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы Келісімге, ал Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін – 2006 жылғы 24 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес тағайындалады және төленеді.
Осылайша, келісім нормалары жұмысқа орналастырушы мемлекеттің жұмыс берушісімен еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасып және жұмысқа орналастырушы мемлекеттің зейнетақы жүйесіне зейнетақы (сақтандыру) жарналарын міндетті түрде төлей отырып, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында еңбек қызметін уақытша жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары ресми жұмысқа орналасқан жағдайда Келісім күшіне енгеннен кейінгі кезеңде еңбекшінің алған жұмыс өтіліне ғана қолданылатын болады.
Сонымен қатар, Келісімнің 2-бабы 2-тармағының 2.3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасында Келісімге сәйкес қалыптасқан зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан төленетін келесі зейнетақы төлемдерін қамтиды:
1) зейнеткерлік жасқа толғанда;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып тағайындалса, бірінші және екінші топтардағы мүгедектік тағайындалған кезде;
3) мұрагерлерге біржолғы төлем.
Осылайша, Қазақстан Республикасында:
- 2021 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс беруші шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат алмай-ақ, еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасу негізінде уақытша еңбек қызметін жүзеге асыратын ЕАЭО елдері азаматтарының табысын есептеу кезінде БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын (МЗЖ/МКЗЖ) ұстап қалуға және аударуға міндетті. Бұл ретте МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) жұмыс берушіден түскен МЗЖ/МКЗЖ бастапқы сомасын аударған кезде БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылатын болады
- БЖЗҚ-да автоматты режимде ашылатын болады;
еңбек шарты немесе жұмыс берушімен азаматтық-құқықтық шарт бұзылған жағдайда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы аталған тұлғаларда Келісімнің 2-бабы 2-тармағының 2.3-тармақшасында көзделген талаптар басталған кезде ғана пайда болады.
Бұл ретте ЕАЭО елдерінің, оның ішінде Ресей Федерациясының азаматтары зейнетақы төлемін алу үшін Келісімнің Қазақстанда жүзеге асырылуын қадағалайтын мекеме – БЖЗҚ-ға, немесе тұратын мемлекеттің уәкілетті органына, мысалы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсына отырып, Ресей Федерациясының Зейнетақы Қорына жүгінуге құқылы болады.