Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында (бұдан әрі – Заң) зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі - ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес деп айқындалған.
Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі (бұдан әрі – ТЖШ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылдың 6 қаңтарындағы № 1 қаулысымен бекітілген ТЖШ айқындау Әдістемесіне сәйкес, жыл сайын есептеледі. Бұл әдістеме ашық нормативтік құқықтық акт болып табылады және ғаламторда, соның ішінде БЖЗҚ сайтында еркін қолжетімді. Әдістемеде ТЖШ есептеу алгоритмі егжей-тегжейлі сипатталған.
Осылайша, ТЖШ есептеу кезінде БЖЗҚ Әдістемеде белгіленген, оның ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жыл сайынғы негізде ұсынылған, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен келісілген тиісті көрсеткіштерді пайдаланады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 875 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қаулысына толықтыру енгізілді, оған сәйкес 2021 жылға есептелген ТЖШ 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін қолданылады деп белгіленген.
Жоғарыда айтылғанды, сондай-ақ, оның ішінде ТЖШ мөлшерін БЖЗҚ жыл сайын қайта қарайтынын ескере отырып, Сіздің жағдайыңызда ТЖШ:
2021 жылдың 25 сәуірінен бастап 2022 жылдың 31 наурызын қоса алғанда 3 млн 220 мың теңге;
2022 жылдың 1 сәуірінен бастап 2022 жылдың 24 сәуірін қоса алғанда - 5 млн 490 мың теңге;
2022 жылдың 25 сәуірінен бастап 2022 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда - 5 млн 640 мың теңгені құрайтын болады.
БЖЗҚ тарапынан алуға қолжетімді сома уәкілетті оператордан электрондық хабарлама келіп түскен күнгі ТЖШ ескеріле отырып тексерілетінін атап өтеміз.