Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасалған болса, онда сіз алатын табыстың 10 пайызынан кем емес, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан көп емес мөлшерде (2022 жылы ЕТЖМ – 60 мың теңге) өз пайдаңызға жарна аударуға құқылысыз.

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агентімен (ЖК, заңды тұлға, сондай-ақ, жеке тәжірибемен айналысатын тұлға) жасалса, онда төлем болмаған жағдайда ол сіздің жеке зейнетақы шотыңызға міндетті зейнетақы жарналарын аудармайды.

Қазіргі уақытта сіз табыс таппайтындықтан, өз табысыңыздың есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке пайдаңызға ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) өз бетіңізше аудара аласыз. ЕЗЖ мөлшері мен төлеу кезеңділігін жеке тұлға қалауынша белгілейді.

Егер сіз жеке кәсіпкер болмасаңыз, бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) аясында аударымдар жасай аласыз. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 25.12.2017 жылғы №120-VI Салық кодексінің 774-бабына сәйкес, кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер болып танылады:

1) БЖТ төледі;

2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайды;

3) акцизделетін өнімді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызметтер көрсетеді және (немесе) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізеді. Бұл ретте БЖТ төлеушінің осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын табысының мөлшері күнтізбелік жыл үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жеке тұлғалар БЖТ төлеу жүргізілген күннен бастап БЖТ төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылады.

БЖТ төлеушінің БЖТ-ны қолма-қол ақшамен, не қолма-қол емес тәсілмен банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аудару арқылы жалпы сомамен төленуге жатады.

БЖТ мөлшері 2022 жылы:

- Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 АЕК немесе 3 063,00 теңге;

- Басқа елді мекендерде 0,5 АЕК немесе 1 531,50 теңге.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1