Қайырлы күн! Зейнеткер атанғаныма үшінші жыл, бірақ жақында вахтер ретінде қосымша жұмыс таптым. Енді менің жұмыс берушім жалақымның 10%-ын БЖЗҚ-ға аудара ма деген сұрақ туындады. Өйткені, мен сіздерден зейнетақы төлемдерін алып жүрмін ғой.
Жоқ, жұмыс беруші сіз үшін БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын аудармайды. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 24-бабы 3-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.