ENPF мобильді қосымшасын Android және IOS базасындағы кез келген смартфонға немесе планшетке тегін жүктеп алуға болады.

           Қосымшаның Жеке кабинетінде авторлану үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе логин (ЖСН) мен пароль пайдаланылады. Бірақ логин мен парольді, егер өз жинақтарыңыз туралы деректерді «нтернет-хабарландыру» тәсілі арқылы алуды алдын ала таңдап алған болсаңыз ғана пайдалануға болады. Бұл таңдауды да осы жерде, мобильді қосымшада немесе enpf.kz сайтында ЭЦҚ көмегімен жасауға болады. Егер ЭЦҚ болмаса, онда бір рет Қор офистерінің біріне немесе тұратын жеріңізде ол болмаған жағдайда «Қазпошта» АҚ-ның 300 бөлімшесінің біріне барып, тиісті келісімге қол қоюға тура келеді.

           Мобильді қосымшадағы барлық ақпарат 2 тілде: қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. Қосымшаның көмегімен жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы анықтаманы, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуға, сізді қызықтыратын мәселе бойынша өтініш жіберуге, мобильді кеңсенің шығуына немесе кері қоңырауға тапсырыс беруге, өз деректемелеріңізге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге болады. Сондай-ақ, шоттың жай-күйін бақылауға, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістер туралы білуге, БЖЗҚ-ның жақын жердегі кеңсесінің орналасқан жерін көруге, тіпті байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.

            Бұдан басқа, осы қосымша арқылы БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге не инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға аударуға пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін жеке зейнетақы шотындағы қаражатының жеткілікті екендігін біле алады.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1