https://bilimaktobe.kz/kz/2-uncategorised/488-zd-k-p-n-m-al-m-2026-oblysty-syrttaj-baj-auyny-erezhes#sigFreeId11bb741035
«Үздік пән мұғалімі – 2026» облыстық сырттай байқауының ережесі
- Жалпы ережелер
Осы ереже «Үздік пән мұғалімі – 2026» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру үдерісіндегі инновациялық әдістер мен цифрлық технологияларды тиімді қолданатын үздік педагогтерді анықтау және тарату.
Міндеттері
- пән мұғалімдерінің кәсіби және әдістемелік шеберлігін бағалау;
- сабақ берудегі заманауи әдіс-тәсілдерді насихаттау;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тәжірибесін зерделеу;
- цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану деңгейін бағалау;
- педагогтердің шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін дамыту.
- Байқауға қатысу шарты
3.1. Байқауға жалпы орта білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын, еңбек өтілі 7 жылдан жоғары пән мұғалімдері қатысады.
3.2. Байқау келесі пәндер бойынша жеке ұйымдастырылады:
- «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2026»
- «Үздік химия пәні мұғалімі-2026»
- «Үздік тарих пәні мұғалімі-2026»
- «Үздік математика пәні мұғалімі-2026»
- «Үздік физика пәні мұғалімі-2026»
- «Үздік музыка пәні мұғалімі-2026»
- «Лучший сельский учитель-2026» (орыс тілі пәні мұғалімдеріне)
3.3. Аудандық кезеңнің жеңімпазы облыстық кезеңге қатысу құқығына ие болады.
3.4. Әр ауданнан әр пән бойынша тек бір педагог облыстық кезеңге ұсынылады.
- Байқауды өткізу кезеңдері
Байқау екі кезеңнен тұрады:
І кезең. Аудандық кезең – «Үздік педагогикалық тәжірибе»
Аудандық іріктеу кезеңі (9-20 қараша аралығында аудандық білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен)
- «Менің педагогикалық тәжірибем» – кәсіби портфолиосын таныстыру (5 минут).
- «Шеберлік алаңы» – пән бойынша жаңашыл үздік бейнесабақ түсіру (20 минут).
Кезең қорытындысы: әр пән бойынша ең жоғары ұпай жинаған бір педагог ауданның атынан облыстық кезеңге ұсынылады.
ІІ кезең. Облыстық кезең – «Үздік бейнесабақ»
Мақсаты: педагогтің сабақ ұйымдастырудағы кәсіби шеберлігін, пәндік білімін, оқыту әдістемесін және цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесін бейнесабақ арқылы бағалау.
Облыстық кезеңге жолданған әр қатысушы өз пәні бойынша 20 минуттық авторлық бейнесабақ түсіреді.
- Байқауға қойылатын талаптар (бейнесабаққа)
- Сабақ құрылымының жүйелі болуы (сабақтың басталуы, негізгі бөлім және қорытынды);
- Сабақ YouTube каналына жарияланатын авторлық бейнесабақ үлгісінде, мұғалімнің жеке түсіндіруі форматында дайындалуы;
- Бейнесабақ ұзақтығының 20 минут болуы;
- Бейнежазбаның дыбыс және бейне сапасының анық болуы.
- Байқаудың өту тәртібі
6.1. Байқау 2026 жылдың 25-27 қараша аралығында сырттай өткізіледі. Қатысушылар сұранысы мен сілтемелері ағымдағы жылдың 23 қарашасына дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасында қабылданады.
6.2. Бейнесабақ google Disk-ке жүктеледі. Бейнесабаққа қолжетімділік «Сілтемесі бар кез келген адам көре алады» режимінде орнатылады. Өтініш үлгісі (word нұсқада):
- қатысушының толық аты-жөні (құжат бойынша)
- аудан/қала атауы
- мектебі
- пәні, сыныбы
- сабақтың қысқа мерзімді жоспары
- Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері (облыстық кезең)
- оқу мақсатының нақтылығы, бағдарламаға сәйкестігі;
- сабақ құрылымының сақталуы мен мазмұнының жүйелілігі;
- саралау және функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалардың болуы;
- бағалау және кері байланыстың ұйымдастырылуы;
- цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы заманауи оқыту әдістері мен технологияларды қолдануы;
- педагогикалық шеберлігі, сөйлеу мәдениеті және бейнесабақ сапасы.
- Байқау жеңімпаздарын анықтау және марапаттау
8.1. Байқау қорытындысы бойынша әр пәннен үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталады. Жеңімпаздар дипломдармен және номинациялармен марапатталады.
8.2. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша:
- Бас жүлде;
- І орын;
- ІІ орын;
- ІІІ орын иегерлері анықталады.
8.3. Қосымша арнайы номинациялар тағайындалуы мүмкін:
- «Үздік авторлық сабақ»;
- «Жаңашыл педагог»;
- «Цифрлық технологиялар шебері»;
8.4. Байқау жеңімпаздарының тізімі bilimaktobe.kz сайтында жарияланады.
8.5. Үздік бейнесабақтар облыстық әдістемелік орталығының YouTube каналына жүктеледі.



