2021 жылдың 4 наурыз  күні «Көркем еңбек» кәсіби байқаулардың жеңімпаздарының ашық ұйымдастырылған оқу қызметі тақырыбында онлайн вебинары өтті.

Вебинарда Республикалық шығармашылықпен көрмеге қатысып, «Бабалар аманаты» жинағына шығармашылық туындылары енген №6 Ғ.Ақтаев атындағы мектептің екі мұғалімі, Ырғыз ауданы М.Төлегенов атындағы орта мектептің, №4 орта мектептің  және қалалық көркем сурет лицейінің қолөнер еңбек пәні бойынша мұғалімдерінің  іс-тәжірибелері таратылды.

Вебинарда «Қазақтың зергерлік бұйымдары», «Қол өнер бұйымдарын жасақтау», «Жұқа киізге сурет басу», «Заманауи үлгідегі қол өнер» тақырыптары бойынша шығармашылық жұмыстарымен бөлісті.

Семинарға аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері,  қолөнер еңбек пәні бойынша мұғалімдері шақырылды.

 

Мектепке дейінгі және жалпы

орта білім беру бөлімінің әдіскері                             Б.С. Туржанова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1